Сейфуллина Ұлжан Боранбаевна



Дата04.07.2018
өлшемі67,4 Kb.
#46714



Сейфуллина Ұлжан Боранбаевна,

Жаңаарқа жалпы орта білім беретін мектебі,

директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары,

Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы

М. Жұмажанов атындағы ауылдық округі


Салауаттылық – саулық негізі
Сыныбы: 4 сынып

Сабақтың мақсаты: Білімділік: табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы –денсаулықты сақтаудың басты жолдары – зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін ұғындыру.

Дамытушылық: «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздегеннің» әлде қайда тиімдірек екендігін ұғындыру дене тәрбиесіне, салауаттылыққа дағдыландыру. Тәрбиелік: Оқушылардың бойына адами ізгі қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін түсіне, сақтай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: мультимедиялық қондырғылар, плакаттар, сынып оқушыларының шығармашылық жұмыстары.

Сабақтың жоспары:



  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Мағынаны табу. Сұрақ-жауап түрінде әңгімелеу.

  3. Салауатты өмірді қолдаймыз” бөлімі.

  4. Жаңа сабақ. ( жаңалықтардан үзінді. )

  5. Топпен жұмыс:

  • 1 тапсырма : кластер құру.

  • 2-тапсырма. «Түсіп қалған әріптер» берілген сөздерге әріптерді қою.

  • 3-тапсырма. “Тәрбие көзі – халықта” мақал-мәтел жазып оқу.

7. Сергіту сәті.

4-тапсырма. “Шығармашылық” бөлімі.

5 тапсырма: “Пікірлесейік бөлімі.

8. “Дәрігерлік кеңес” бөлімі.

9. Қорытындылау.

10. Тренинг

11. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

Мағынаны табу: Сұрақ-жауап түрінде әңгімелеу.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы - «Салауаттылық – саулық негізі», ал мақсатымыз –салауатты өмірді қалыптастыру, салауатты өмір сүру.



дұрыс тамақтану шыңығу

Салауатты өмір сүру дегеніміз не?



жеке бастың қоршаған ортаның гигиенасын тазалығын сақтау т.б.

сақтау


зиянды әдеттерден күн тәртібін дұрыс

аулақ болу ұйымдастыру.

Салауатты өмір сүру дегеніміз – дұрыс тамақтану, жеке бастың гигиенасын сақтау, шыңығу, зиянды әдеттерден аулақ болу, қоршаған ортаның тазалығын сақтау т.б.

2. Жаңа сабақ: Слайд №1

Біздің халқымыз “Деннің саулығы – бастың байлығы” деп тегін айтпаған Елбасы Н.Ә. Назарбаев халқымыздың денсаулығына өз Жолдауында үлкен мән беріп, азаматтардың денсаулығына, қоршаған ортаның таза болуына күш салу қажеттілігін атап айтқан.

Ендеше денсаулықты сақтау өз қолымызда.

Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан.

Орташа өмір жасың ұзақтығы деңгейін арттыру, ана мен бала өлімі көрсеткіштерін төмендету, жұқпалы ауру дертіне шалдығудың етек алуын тежеуге бағытталған бағдарламалар әзірлеу. Таяудағы үш жылдың өзінде мемлекеттік, жекеменшік әріптестік тетігін пайдалану арқылы Қазақстан өңірлерінде 100 аурухана салынады. Қазақстанның санитарлық инфрақұрылымына байыпты назар салып, барлық елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету-міндет. Халыққа қолжетерлік медициналық және сақтандыру қызметтерінің бәсекелестік рыногын дамыту үшін көтермелеу шаралары әзірленуі шарт. Осымен бір мезгілде хылықтың қалың топтарының қолы жететін жоғары технологиялық денсаулық сақтау жүйесін жасақтауға кірісуге тиіспіз. (жаңалықтардан үзінді)

Салауатты өмір сүру дегеніміз не?-дұрыс тамақтану, жеке бастың гигиенасын сақтау, шыңығу, қоршаған ортаның тазалығын сақтау, бос уақытты тиімді пайдалану, зиянды әдеттерден аулақ болу .Зиянды әрекет дегеніміз не? Қазіргі таңда етек алған заманымыздың кеселді дерттері – шылым шегу, маскүнемдік, есірткі.

Олардың зияны қаңдай? Дүниеге келген әрбір адамның бірінші байлығы – денсаулығы. Бүкіл адамзат қоғамы адамдардың дені сау және өмірі барынша ұзақ болуына тырысады. Соңғы екі-үш онжылдықта дүниеде адамдардың ішімдік ішу, темекі шегу, есірткі уытты заттарды пайдалануы қауіпті мөлшерге дейін өсіп отыр. Адам осы зиянды заттарды жүйелі түрде қолданатын болса, адамның оларға әуестену нәтижесінде өмірлік маңызды мүшелердің қызметі бұзылады, қауіпті аурулар пайда болады. Бұл зиянды әдеттер адам ағзасы үшін аса қауіпті. (слайд)

Денсаулыққа зиянды әсер ететін ең көп тараған әдет – темекі.



Ішімдік – орталық жүйке жүйесіне және адамның ішкі мүшелеріне әсер ететін есірткілік у. Нәтижесінде бастың ми қабығындағы тежелу үрдістері әлсізденіп, адамның өз қимылдарын бақылауы төмендейді. Ішімдік денсаулыққа зиян келтіріп қана қоймай, адамдық, адамгершілік қасиеттерін жоғалтуға әкеледі.

Есірткі – бұл психскалық және физикалық тәуелділікке апарып соғатын, қолдану салдарынан адам денсаулығына қауіп төндіретін өсімдіктер, дәрі-дәрмектер. Ол әдетте жеке тұлғаның рухани адамгершілік жағынан азғындауына және ағзаның өлуіне алып келеді. Есірткі зат алмасу үдерісіне еніп, ең бірінші ми жасушаларын өлтіреді. (слайд)

3. «Салауатты өмірді қолдаймыз!» бөлімі.

  1. Басында жан мен дене екі басқа

Жан шыдап тұра алмайды қозғалмасқа

Ден сауыт сықылды жанның орны

Оған да күту керек бұзылмасқа.


  1. Елімізге бақыт құсы қонсын кеп,

Тіршіліктің бар қызығын көрсін кеп.

Тілеп жүрміз кім-кімге де осы жыл

Денсаулығын сәйгүліктің берсін деп.


  1. Күтін, балам алдында өмір сүбелі,

Ақылды алсан тиер саған көмегі.

Іске асса қайтарымы еселі.

Сау адамнан ойлар туар келелі.


  1. Бірақ әркім бір өзіне сенеді.

Сау болады жетсе еркі, жігері

Ешбір затпен уламай жас денені

Бағытталған мол қозғалыс-керегі.


  1. Адам болу ел болудың жолы да

Оңай емес, ойлау керек оны да.

Ел қатарлы тірлік етіп кем болмау

Бақыт құсын қондыру да қолында.


  1. Сондықтан да салауаттық сабағын

Шығарма естен басқан сайын әр адым.

Жаман әдет жуымасын жаныңа

Табиғаттай таза ұлы бол даланың


  1. Ниетін де, тілегін де, ойын да

Сұлу болсын, таза болсын бойын да

Адал еңбек сені алға бастасын

Барлық бала спортпенен достассын.


  1. Оқушылар мен ұстаздарға 9. Ұйқыннан ерте тұру

Айтарымыз бір тілек: Жадырап жарқын күлу

Берекелі заман болсын Әдетің болсын әрқашан

Балаларыңыз аман болсын. Жаттығу жасау, жуыну.
Енді, балалар, біз де денсаулығымызды сақтау жолдарын қаншалықты білетінімізді екі топ болып сайысып ортаға саламыз.


  1. Оқушыларды екі топқа бөлу.

1-топ. «Денсаулық»

Ұраны: «денсаулық – зор байлық»



2-топ. «Салауат»

Ұраны: «Салауатты өмір – денсаулықтың кепілі»



  1. Әділқазылар алқасын сайлау, сайыс шартын таныстыру.

1 тапсырма: Кластер құру.

1-топ: «Денсаулықты нығайту жолдары»

2-топ: «Денсаулыққа зиянды әдеттер»

2-тапсырма: «Түсіп қалған әріптер» берілген сөздерге әріптерді қою.

1-топ: 1. Д . . і 2-топ. 1. Д . . . ау . . қ

2. В . т а . . н 2.тұ . . у

3. ш . н ы . у 3.т . м . қ

4. с . . а у . т 4.ту . . . к у . е з

3-тапсырма: «Тәрбие-көзі халықта» Екі топ денсаулық туралы мақал-мәтел жазып оқиды.

Сергіту сәті. «Толағай» өлеңін хормен айту.

4-тапсырма: Шығармашылық тапсырма.

1-топ:


. .. . . . .. . . . ... .. .. . ............... .. . . . . . . . .баламыз.

. .. . . . .. . . . ... .. .. . ............... .. . . . . . . . .аламыз.

. .. . . . .. . . . ... .. .. . ............... .. . . . . . . . ... . . . . . ..

. .. . . . .. . . . ... .. .. . ............... .. . . . . . . . .санамыз.

2-топ:

. .. . . . .. . . . ... .. .. . ............... .. . . . . . . . .күлеміз.

. .. . . . .. . . . ... .. .. . ............... .. . . . . . . . .жүреміз.

. .. . . . .. . . . ... .. .. . ............... .. . . . . . . . ... . . . . . ..

. .. . . . .. . . . ... .. .. . ............... .. . . . . . . . .сүреміз.

5-тапсырма: «Пікірлесейік» бөлімі

1-жағдаят. Сен ағанмен өте татусың. Бір күні ағанның жан қалтасынан бір қорап темекі тауып алдың. Ол әке-шешеңе айтпауыңды өтінді. Сенің әрекетің.

2-жағдаят. Сыныпқа жанадан оқушы келді. Барлық сынып оқушылары онымен жақын араласып кетті. Тіпті жақын дос болып та кеттіңдер. Сенің досың жұқпалы ауруға шалдықты. (тұмау) Достығын жалғаса ма, әлде араласпай кетер ме едіңдер?

«Дәрігерлік кеңес» бөлімі.



Салауатты өмір салтының ұстанымдары

Жеке бас гигиенасын сақтау.

Күн тәртібін дұрыс ұйымдастыру.

Дұрыс тамақтану

Зиянды әдеттерден аулақ болу.

Спортпен шұғылдану.

Қоршаған ортанын тазалығы.

Жанжал мен кикілжіңді болдырмау

Тиімді тамақтану

Мектеп медбибісі кестене пайдалана отырып, салауатты өмір салтымен таныстырады.
Бекіту: Тренинг «Қолшатыр»

Біз зиянды заттардан қорғану үшін не істеуіміз керек?

Оқушылар қолшатырдың әр бөлігіне қағазға өз ойларын жазып іледі.

Үйге тапсырма:

Менің денсаулығым – менің байлығым” атты тақырыпта шығарма жазу.



Қорытынды:

  1. «Денсаулықтың достары»

  2. «Денсаулықтың жаулары»

Балалар, бүгін біз қаңдай тақырыпта ой қозғадық?

Нені жадымызда сақтауға тиіспіз?

Қаңдай азамат болып өсуіміз керек?

Тренинг «Денің сау болсың десең ....»

Бір оқушы «Денің сау болсың десең ...» деп ортаға шығады. Қалған оқушылар осы сөйлемді толықтырып, аяқтап, шеңбер құрады.



Әділқазылар екі топтың ұпайын есептеп алғыс хат табыстайды.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет