Семинар 1
Индивид және қоғам.
Әлеуметтік орта мен әлеуметтік мінез-құлық.
Әлеуметтік қарым-қатынастар мен әлеуметтік институттар. Әлеуметтік шынайылық пен ақыл-ой.
Әлеуметтанулық ойлау.
Әлеуметтанулық қиял.
Әлеуметтанулық перспектива
Қоғам – бұл деңгей бойынша ұйымдастырылған жүйе. Олардың өзара қатынас спецификасын ашатын және деңгейлерін тіркейтін, әлеуметтану пәнінің маңызды аспектілерінің бірі болып саналады. Әлеуметтануда қоғамның құрылысын социеталды деңгей деп атайды.
Индивид ұғымы кімінің адам баласына жататынын ғана білдіреді.
Әлеуметтік ғылым дегеніміз не және оның деңгейі қандай? деген сұрақтың жауабы әлеуметтану пәнін түсіну мен оны зерттеу ерекшелігінен айқындалады. Егер әлеуметтануды – әлеуметтік қауымдар, олардың арасындағы әлеуметтік қатынастар, әрекеті мен бұқаралық тәртібі жөнінде ғылым деп саналса, онда әлеуметтік білім әлеуметтік қауымдастықтар мен олардың қалыптасу мен даму механизмнің білімі ретінде белгіленеді. Осы мәселелерді шешу көбінесе жалпы ғылыми және айрықша әлеуметтік әдістер арқылы жүзеге аасырылады.
Әлеуметтік мінез-құлық. Тұлғаның мәнін дұрыс түсіну үшін бұл ұғымды оған маңызы жағынан жақын «адам» және «индивид» ұғымдарынан ажырата білу керек. «Адам» ұғымы адам баласына тән жалпы белгілерді білдіретін тектік ұғым болып табылады. Адам биоәлеуметтік жаратылыс болғандықтан, бұл ұғымға оның жалпы әлеуметтік, сондай-ақ биологиялық белгілері де кіреді, өйткені оның әлеуметтік мәнінің тасымалдауышы тірі адам ағзасы болып табылады.
Индивид жеке, нақты адам, оған Homo Sapiens-тің тектік белгілерімен қатар жекеше белгілер де тән. Бұл оның табиғи тума қабілеттеріне, психикалық қасиеттеріне (жады, қиялы, темпераменті, мінезі) және оның ойлау (көқарастары, пайымдаулары, пікірлері) ерекшеліктеріне, қажеттіктері мен сұраныстарына қатысты. Жекедаралық – бұл индивидті басқалардан ерекшелендіретін қасиеттер мен қабілеттердің жиынтығы ретінде анықталуы мүмкін.
Енді тұлға туралы әңгімелейік. Әрбір заманауи, ересек, психикалық жағынан қалыпты адам тұлға бола ала ма? Бола алмайтыны түсінікті. Кез келген әлеуметтік жағдайлардағы істің мәні де осындай.
Семинар 2
Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі психологияның орны және міндеттері.
Заманауи тұлғаның қалыптасуы мен қоғамдық сананы жаңғырту жағдайындағы психология мен психологиялық білімдердің мәні.
Психология тиімді өмір сүруге ықпал ететін ғылым және практика ретінде
Семинар 3
Индивид пен қоғам арасындағы қарым-қатынас.
Әлеуметтену және бірегейлік теориялары (Т.Парсонс, Г.Х.Мид).
Әлеуметтену кезеңдері.
Гендерлік әлеуметтену.
Рөлдер және мәртебелер.
Әсіресе, П. Парсонс (1902 — 1979) рөлдердің құндылықтармен ажырамас байланысын айрықша атап көрсетіп, әлеуметтік рөлді жалпыға бірдей құндылықтарға негізделген әрі әлеуметтік жүйеге қажетті құрылымдық элемент құрайтын, нормативті түрде реттелетін мінез-құлық ретінде қарастырады. Яғни, әлеуметтік рөл әлеуметтік құндылықтарды жеке тұлғаның нақты әлеуметтік іс-әрекеттеріне ұластырудың құралы қызметін атқарады.
1. Бейімделу кезеңі (туғаннан жасөспірімдік шаққа дейін бала
77
әлеуметтік тәжірибені ойланбастан қабылдайды, соған бейімдеседі,
икемделеді, еліктейді).
2. Даралану кезеңі (басқалар арасынан өзін бөле көрсету ниеті пайда
болады, қоғамдық әрекет-қылық қалыптарын сындарлы ой қалыбына
сала, қабылдайды).
3. Бірігу (интеграция) кезеңі (қоғамдағы өз орнын табу ниеті пайда
болып, қоршаған ортамен үйлесім табуға ұмтылыс жасайды).
4. Еңбеккерлік кезеңі (адам тек әлеуметтік тәжірибені меңгеріп
қана қоймастан, өз еңбек әрекетімен қоршаған дүниеге ықпал жасап,
сол тәжірибені қайта жасайды, өңдеп жаңа өнімге айналдырады).
5. Еңбеккерліктен соңғы кезең (әлеуметтік тәжірибені қайта
жасауда әрі оны келесі әулетке өткізуде үлкен де маңызды үлесімен
танылатын адамның егде жасы).
Достарыңызбен бөлісу: |