Семинар өтетіндігін хабарлаймыз. Семинарға қала мектептерінің бейнелеу пәні мұғалімдері шақырылады



Дата08.07.2018
өлшемі68,5 Kb.
#48702
түріСеминар
Мектеп басшыларына!
2009 жылғы сәуір айының 29-да Ақтөбе қаласы Ақтөбе орта мектебінің негізінде «Бейнелеу пәні бойынша сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыру жолдары» тақырыбында қалалық семинар өтетіндігін хабарлаймыз. Семинарға қала мектептерінің бейнелеу пәні мұғалімдері шақырылады.

Қатысушылардан өздерімен бірге түрлі-түсті қағаз және қайшы әкелулері сұралады.

Тіркелу: сағат 9-00.

Мекен-жайы: Ясный ауылы

Темір жол вокзалының аялдамасы, №14 маршрут.

Утарбаева А.З.
Мектеп басшыларына!
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаменті Қазақстан Республикасы Президентінің Астана қаласында Жаңа халықаралық университет құру туралы 2009 жылғы қыркүектегі №01-7-12 тапсырмасын орындау мақсатында «Астананың жаңа университеті» акционерлік қоғамы өңірлердегі білім беру ұйымдарының 2009-2010 жылғы түлектері арасында таңдау турын өткізуді жоспарлап отырғанын хабарлайды.

Таңдау турының мақсаты – әлемдік деңгейдегі Жаңа университетте оқыту үшін талантты және дарынды жастарды анықтау.


Астананың жаңа университеті (АЖУ).
Астананың жаңа университеті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша еліміздің болашақ элитасын қалыптастыру мақсатында құрылған. Оқуға түсу емтихандарын ойдағыдай тапсырған дарынды студенттердің көпшілігі мемлекеттік білім гранты бойынша оқитын болады.Студенттер әлемнің озық университеттерінің бағдарламалары бойынша ағылшын тілінде оқиды. Астананың жаңа университеті әлемнің 30 үздік университеттерінің қатарына жататын озық университеттермен ынтымақтастықта жұмыс істейді. Университеттің академиялық бағдарламалары – бакалавриат бағдарламасы: Инженерия мектебі – UCL (University College London): Жаратылыстану ғылымдарының мектебі – Carnegie Mellon, Гуманитарлық ғылым мектебі – University of Wisconsin-Madison, Медицина мектебі – PHMI (Partners Harvard Medical Inc.); магистратура және докторантура бағдарламалары: Бизнес мектебі – Duke University, Мемлекеттік саясат мектебі – National University of Singapore.

2010 жылдың сәуір айында бакалавриат – Foundation бағдарламасының Бірінші курсына түсу үшін іріктеу туры басталады. Foundation бағдарламасы UCLуниверситетімен бірге өткізілетін болады. Соңында студенттерге UCL сертификаты беріледі.

Іріктеу турының кезеңдері

Іріктеудің 1-кезеңі

Тіркеу және ағылшын тілі бойынша білімін растайтын емтиханның өткізілуі – British Council English Proficiency Test (BCEPT). BCEPT тапсыру үшін, кандидаттар университеттің сайтында: www.nu.edu.kz. Он-лайн анкетасын толтырулары керек.

Егер келесі пәндер: Ағылшын тілі, Математика, Химия, Биология, Физика бойынша орташа балл, сондай-ақ Экономика, Әлеуметтану, Халықаралық Қатынастар, Саясаттану пәндері бойынша соңғы 2 тоқсан аралығында табельге/соңғы семестрде сынақ кітапшасына сәйкес балл саны 4.0 кем емес болғанда – BCEPT емтиханын тапсыру ақысыз негізде жүргізіледі.

Іріктеудің 2-кезеңі

BCEPT тестін ойдағыдай тапсырғандар IELTS тестілерін тапсыруға шақырылатын болады.



Іріктеудің 3-кезеңі

UCL өткізілетін IELTS тестін тапсырған соң, Subject Entrance Test тестілері (Пәндер бойынша оқуға түсу емтихандары) өткізіледі.

Ресми құжаттарды қабылдау және студенттердің Foundation – бакалавриаттың 1 курсына (базалық білім) қабылдануы туралы студенттерге хабарландыру.

Foundation - Бакалавриаттың бірінші курсы (базалық білім) сабақтарының басталуы.



Foundation - Бакалавриаттың (базалық білім) бірінші курсына оқуға түсу кезінде қойылатын талаптар:

  1. Орташа білімі туралы аттестаттың/ ТжКб мекемелерін және жоғары оқу орындарын бітіргені туралы дипломның, IB (International Baccalaureate) дипломының болуы.

  2. Ағылшын тілін білу деңгейін растайтын халықаралық тестілердің нәтижелері бар ресми сертификаттар: TOEFL немесе IELTS. TOEFL /IELTS тестілерін тапсырғаны туралы, олардың нәтижелері өту баллына сәйкес келетін ресми сертификаттары бар кандидаттар, атап айтқанда: Инженерлік мамандықтар, жаратылыстану ғылымдары мен алдын-ала – медициналық дайындық: TOEFL: PBT – 530, iBT – 71, IELTS – 5.5. Гуманитарлық ғылым: TOEFL: PBT – 550, iBT – 79-80, IELTS – 6.0, Subject Entrance Test тапсыру үшін іріктеудің 3-кезеңіне шақырылады.

  3. UCL университетімен өткізілетін пәндер бойынша оқуға түсу емтихандары (Subject Entrance Test).

Университет туралы және Бакалавриаттың бірінші курсына (базалық білім) түсу туралы толық ақпаратты университеттің сайтынан алуға болады. www.nu.edu.kz

Утарбаева А.З.

Мектеп басшыларына!

26.04.2010 ж.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің

9 ақпан 2010ж.№46, Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі 11 ақпан 2010ж.№42 «Он-лайн» режимінде оқыту тәжірибесін дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы бірлескен бұйрығына сәйкес Ақтөбе облыстық кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты базасында информатика мұғалімдері үшін «Жергілікті есептеуіш желісін және он-лайн режимінде интерактивтік сабақтарды басқару» тақырыбында курс өткізілетіндігін хабарлайды. Курсқа қатысушылар 26.04.2010-30.04.2010 сағ.9.00 обл ҚБА және ҚДИ-ға баруы керек.(орысша,қазақша)



Б.З.Асанбаева т.56-76-39

Оқу ақылы түрде жүргізіледі-3000 (үш мың) теңге.


Өткізілетін орны: обл ҚБА және ҚДИ

Мекен-жайы: Абылхайыр хан даңғылы 26а



Міндетті түрде барлық информатика мұғалімдері курсқа қатысу.
ҚҒӘО директоры Ж.Мухамбетова


Мектеп басшыларына!
«Ақтөбе облысында тілдерді қолдану мен дамытудың 2009-2010 жылдарға арналған Өңірлік Бағдарламасын» іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес «Мемлекеттік тіл - ұлт тірегі» облыстық фестивалі аясында 13 мамыр күні сағат 10.00 -де Ғ. Жұбанова атындағы облыстық филармонияның конференц -залында қазақ, ағылшын, орыс тілдерін жетік меңгерген жастар арасында «Тілдарын-2010» облыстық олимпиадасы өткізіледі.

Осыған орай аталған шараға қала мектептерінен үш тілді еркін меңгерген 30 жасқа дейінгі мұғалімдердің қатысуын қамтамасыз етуіңіз сұралады. Олимпиадаға қатысуға өтініш 1 мамырға дейін облыстық тілдерді дамыту басқармасында (Әбілқайыр хан даңғылы, 40, 388-кабинет) қабылданады. Байланыс телефондары: 55-11-35,56-85-48.


«ТІЛДАРЫН-2010» облыстық олимпиадасының

ЕРЕЖЕСІ


                1. Жалпы Ережелер

  1. Олимпиаданың өту уақыты: 2010 жылғы 13 мамыр

  2. Олимпиаданың өту орны: Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филормонияның конференц-залы

  3. Олимпиаданың мақсаты:

а)Үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау және қолдау.

ә) Тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді нығайту, өзге халықтардың мәдениеті мен тілін құрметтеу.



  1. Олимпиаданың міндеттері:

а) Қазақстан Республикасының тіл саясатын жүзеге асыру.

ә)Тілді меңгеруге деген қызығушылықты ынталандыру.

б) Жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу.


                  1. Байқаудың шарттары:

    1. Байқау 3 кезеңнен тұрады:

I кезең – жоғары және арнаулы орта орындары студенттері арасында;

II кезең – мемлекеттік қызметшілер арасында;

III кезең – республикалық, 20-30 қараша аралығында.


      1. Облыстық олимпиадаға мамандығына, кәсібіне, шұғылданатын ісіне қарамастан 18 бен 30 жас аралығындағы кез келген азамат қатыса алады.

      2. Олимпиадаға қатысушыларға қойылатын талаптар:

        1. Берілген тақырыпқа сай «тұсаукесер» /презентация/ өткізу

        2. Берілген тақырып бойынша эссе жазу.

        3. Берілген тақырып бойынша баспасөз мәслихатын өткізу.

        4. Мәтінге ілеспе аударма жасау.

Олимпиадаға қатысушылар үш кезеңнен өтуге тиіс:

Бірінші кезең – қазақ тілін білу;

Екінші кезең – ағылшын тілін білу;

Үшінші кезең – орыс тілін білу.

Олимпиаданың міндетті шарты – алдыңғы деңгейден өткен қатысушы ғана келесі деңгейге қатыса алады.
Олимпиаданың қорытындысы үш деңгейден өткен қатысушылар арасында жүргізіледі.


            1. Байқауды қорытындылау:

      1. Облыстық олимпиаданың сарапшылары үміткерлер өнерін бағалау кезінде, олардың:

а) тілдерді меңгеру деңгейі;

ә) жазу сауаттылығы мен дұрыс дыбысталуы;

б) жауаптың оралымдылығы мен сапасы;

в) жауаптың мазмұндылығы мен ерекшелігіне назар аударады.

9. Олимпиаданың қорытындысы бойынша 1,2,3 жүлделі орындар анықталады. Жеңімпаздар арнайы үлгідегі дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Кабиева А.К.

Мектеп басшыларына!
Республикалық білім беру оқу-әдістемелік орталығының 2010 жылғы 2 наурыздағы №06-01/40 хаты негізінде Ресейдің Суздаль қаласында (Владимир облысы) 2010 жылғы шілде-тамыз айларында (1-ші ауысым-7-21.07, 2-ші ауысым-24-7.08) «Новые имена» Жазғы шығармашылық мектебінің {XVIII-ші маусымы өткізілетіндігін хабарлаймыз.

Шығармашылық мектебіне жас музыканттар, суретшілер, ақындар және олардың педагогтері қатыса алады.

1 адам үшін қажетті қаражат мөлшері: 46 000 теңге, (тамақтану, тұрғын жай, белгілі композиторлар мен мұғалімдердің мастер-класы, транспорттық шығындар, т.б.).

Қатысуға өтінім 2010 жылдың 10 мамырына дейін төмендегі адрес бойынша қабылданады: тел: (496) 9319161 - Маевский Виктор Михайлович

E-mail: mbof@new-names.ru

87273870833 Баталова Галина Николаевна



Ескерту: шығындар жіберуші жақ есебінен өтеледі.

Утарбаева А.З.

26.04.10ж. Мектеп басшыларына! Шұғыл!
Жаппай оқыту айлығы шеңберінде «Қайырымдылық» өткізілген кциясының қорытындысы туралы жазбаша мәтіндік және статистикалық ақпаратты (төмендегі кесте бойынша) білім бөліміне 27 сәуір күні қалдырмай жазбаша және электронды түрде жіберу сұралады.

Акция туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялану қажет. форма 1

" Қайырымдылық " акция нәтижелері туралы есеп




демеушілік

мектеп

киім

аяқ-киім




демеушілік

демеушілік

көрсетілген

мектеп

қолдау алған

бұйымдары

(теңгемен)

(теңгемен)

барлығы

көмек көрсеткен

көмек көрсеткен

көмектің




балалар саны

(теңгемен)










АҚ ЖШС жеке

жеке тұлғалар,

жалпы саны



















ұйымдар саны

жеке кәсіпкерлер




Сведения об оказанной помощи учащимся во время благотворительной акции «Қайырымдылық »

форма 2

наименование школ

к-во детей, получивших мат. помощь

в том числе за счет (чел):

помощь оказана в виде:

сумма оказанной помощи (тыс.тенге)

в том числе:










бюджетных ср-в

внебюджетных ср-в

одежды (чел)

обуви

(чел)

школ. принадл. (чел)




бюджетных ср-в (тыс.тенге)

внебюджетных ср-в(тыс.тенге)

Конарбаева Л.
Каталог: objwl -> 2010
objwl -> «еуразиялық гендік қОР» гылыми-өндірістік білім беру орталығы Астана қаласы
objwl -> -
objwl -> Мектеп басшыларына!
objwl -> Мектеп, балабақша басшыларына! 21. 09. 2015 ж. Қала әкімінің орынбасары А. Арынғазиеваның 11
2010 -> Всем подведомственным организациям отдела образования г. Актобе во исполнение письма гу «Управление финансов Актюбинской области»
2010 -> «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» атты жастар марафон-эстафетасына қатысқан білім беру мекемелері басшыларына !!!
2010 -> Педагоги идущие досрочно на аттестацию вложить в портфолио обоснующие документы доказывающие вашу досрочность


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет