Семинар сабақтары 5 апта Жұмыс №1. Мурасиге және Скуг қоректік ортасын дайындау әдістемесі



бет1/5
Дата17.04.2023
өлшемі100 Kb.
#174740
түріСеминар
  1   2   3   4   5
Байланысты:
2 2
Presentation (3), 81. Магнит рісінде тогы бар ткізгішті орын ауыстыр ан кездегі (1), leksia9 OF, Лекция №8-1, титулка (копия) (копия) (копия), Султан Батима зос 4 практика, Сағындық Аружан №7 зертханалық жұмыс, 1 уничтожение любой нации не треб...18,10,2020


«6В05103 – Биотехнология» мамандығы

«ОВ2212 Биотехнология негіздері» пәні

(Модуль 2. Өсімдіктер биотехнологиясы негіздері) бойынша семинар сабақтары – 5 апта)




Жұмыс №1. Мурасиге және Скуг қоректік ортасын дайындау әдістемесі.
Мақсаты: Мурасиге және Скуг қоректік ортасын дайындау әдістемесін үйрену.
Қажетті материалдар мен құрал-жабдықтар: химиялық стакандар, колбалар, 5 мл -1 л дейін межеленген цилиндрлер, пробиркалар, 0,01 мл - 10 мл пипеткалар немесе дозаторлар, аналитикалық таразы, пинцеттер, қайшы, шпательдер, штативтер, электр плитасы, магнит араластырғыш, рН-метр, 0,1 н HCl және 0,1 н КОН ерітінділері, қоректік орта құрамына қосылатын компоненттер (макро және микротұздардың, витаминдердің концентрлі ерітінділері; мезоинозит, сахароза, агар-агар).
Әдістеме. 1000 мл Мурасиге және Скуг қоректік ортсын дайындау реті:

  1. 1,5-2 л термотұрақты химиялық стаканға 30 г сахароза салып, үстіне 400 мл дистильденген су құйып, сахарозаны ерітеді.

  2. Сахароза ерітіндісінің үстіне алдын ала дайындалған концентрлі ерітінділер: 50 мл макро тұздар, 1 мл микро тұздар, 5 мл темір-хелаты, 20 мл кальций хлориді құяды, 100 мг мезоинозит, витаминдер (50 мл тиамин-HCl, 10 мл пиридоксин-HCl, 50 мл никотин қышқылын қосады.

  3. Қоректік ортаның жалпы көлемі 950 мл -ге дейін дистильденген сумен жеткізеді және жақсылап араластырылады.

  4. рН -метрмен ортаның қышқылдығын pH 5,5 – 5,8-ге дейін жеткізеді.

  5. Қоректік ортаны электр плитасында 65 0С дейін қыздырады, осыдан кейін ортаға 7 г агар салынады. Агар толық еріп, орта тұнық, мөлдір болғанша қайнатады, соңында жалпы көлемі 1000 мл – ге жеткенше дистилденген су құйып, шыны таяқшамен араластырып, қайнатады.

  6. Дайын қоректік ортаны пробиркаларға 7-10 мл құйып, ауыздарын мақтадан жасалған тығындармен немесе алюминь фольгамен бітеп, металл штативтерге салады. Штативтерді пробиркалармен қоса бюкске салып, автоклавта 1 Атм қысымда 10-15 минут залалсыздандырады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет