Семинар тақырыбы: Мемлекет қоғамның саяси жүйесінің өзегі ретінде (мемлекет ұғымы, мемлекеттік құрылыс формалары). Орындағандар: Мырзабекова Мархабат Оспан Рамазан Нұрмаханбет Азат Елмұратұлы Дәулет Тобы: 201К-химиялық инженерия «Мемлекет»



бет1/5
Дата01.11.2022
өлшемі128,79 Kb.
#155992
түріСеминар
  1   2   3   4   5
Байланысты:
3-Семинар Саясаттану

Жоспар:


Семинар тақырыбы: Мемлекет қоғамның саяси жүйесінің өзегі ретінде
(мемлекет ұғымы, мемлекеттік құрылыс формалары).
Орындағандар: Мырзабекова Мархабат
Оспан Рамазан
Нұрмаханбет Азат
Елмұратұлы Дәулет
Тобы: 201К-химиялық инженерия

«Мемлекет» мәселесі ең алдымен қоғаммен тығыз байланыста қарастырылады.

Қоғам - адамдардың ұйымдасуы мен өмір сүруінің нысаны болып табылады.

Қоғам шеңберінде материалдық және рухани игіліктер өндіріліп, тұтынылып, айырбасталуы белгілі бір тәртіпті, адамдар арасындағы қарым-қатынастардың орнықтылығы мен тұрақтылығын нығайтуды қажет етеді. Ол үшін адамдардың қарым-қатынастарын басқару және реттеуді жүзеге асыратын ерекше құрал қажеттігі туындайды. Сондай құрал ретінде мемлекет пайда болады.

Мемлекет - қоғамдағы аса маңызды таптық қатынастарды және өзге де жалпы адамзаттық мәселелерді шешуді және орындауды қамтамасыз ететін, тарихи қалыптасқан қоғамды ұйымдастыратын бірден-бір жан-жақты әмбебап саяси ұйым.

Мемлекетті алғашқы қауымдық қоғамдағы әлеуметтік өкіметтен ажырататын мынадай негізгі белгілері бар:

  • 1. Қоғамнан ажыратылған ерекше көпшілік (жария) биліктің болуы.
  • 2. Тұрғындардың аумақтық ұйымдастырылуы.
  • 3. Тұрғындардан салықтарды жинау.
  • 4. Мемлекетте арнаулы мәжбүр ету аппараты болады.
  • 5. Жалпыға міндетті нормативтік актілердің болуы.
  • 6. Мемлекеттің келесі негізгі ерекшелігі – егеменділігінің болуына байланысты

Мемлекет егемендігі - мемлекеттік биліктің саяси-құқықтық ерекшелігі, оның ішкі басқа биліктен және шет мемлекеттерден тәуелсіз өз мақсаттарын шешуге құқығы және еріктілігі.

Мемлекеттің пайда болуы қоғамның ішкі дамуымен тығыз байланыстағы құбылыс болғандықтан, ондағы заң, философия және саясаттану ғылымдарының өмір сүру барысында әр түрлі теориялар пайда болған.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет