Көзімізді жұмамыз, айналамыз тып – тыныш, ыңғайланып отырып алыңыз. - Көзімізді жұмамыз, айналамыз тып – тыныш, ыңғайланып отырып алыңыз.
- Сізге өте жайлы, тып – тыныш, сіз тек менің даусымды естіп тұрсыз. Сіз келе жатырсыз, алдыңызда орман шықты, көз алдыңызға елестетіңізші: яғни қалың орман ба, әлде сирек орман ба – оны өзіңіз таңдайсыз...
- Сіз келе жатырсыз, келе жатырсыз – алдыңызда жол бар, сіз сол жолмен келе жатырсыз – сол жол кең бе, әлде тар ма, - оны өзіңіз таңдайсыз.
- Келе жатырсыз – алдыңызда әмиян (кошелек) көрдіңіз, ол әмиянды аласыз ба, әлде алмайсыз ба – оны да өзіңіз білесіз.
- Сіз келе жатырсыз – алдыңызда үлкен қақпа тұр. Ол қақпадан секіріп өтесіз бе, әлде ашып кіресіз бе немесе айналып өтесіз бе – оны да өзіңіз шешіңіз.
- Сіз әлі келе жатырсыз, алдыңызда үй көрдіңіз. Ол үйге кіресіз бе, әлде кірмей, айналып қасынан өтесіз бе - өзіңіз біліңіз.
- Сіз келе жатырсыз, алдыңызда құмыра көресіз, құмыраны аласыз ба, әлде алмайсыз ба – оны да өзіңіз біліңіз.
- Келе жатырсыз – алыстан бір үйір жылқы көресіз. Сол жылқыға жақындап барасыз ба, әлде айналып өтіп кетесіз бе? - өзіңіз шешіңіз.
- Енді алдыңыздан өзен көресіз – ол өзен жәй толқынмен ағып жатыр ма, әлде шулап тасып жатыр ма? – оны да өзіңіз таңдаңыз.
ИНТЕРПРЕТАЦИЯ Орман – ол Сіздің проблемаларыңыз, яғни алда кездесетін орман сирек болса, онда Сіздің проблемаларыңыз сирек болады, одан тез өтесіз. Егер қалың орман таңдасаңыз – алда қалың, үлкен проблема тұр. - Орман – ол Сіздің проблемаларыңыз, яғни алда кездесетін орман сирек болса, онда Сіздің проблемаларыңыз сирек болады, одан тез өтесіз. Егер қалың орман таңдасаңыз – алда қалың, үлкен проблема тұр.
Жол – Сіздің кеңдігіңіз немесе тарлығыңыз – таңдаған жолыңызға сәйкес келеді. Әмиян – ол Сіздің ақшаңыз, Сіз әмиянды алсаңыз алдағы уақытта Сіздің ақшаңыз көп болады. Егер әмиянды алмасаңыз – қаржы жағынан қысыласыз. Қақпа – қиындықтан өтуіңіз, қақпаны ашып кірсеңіз – қиындықтан жәй өтесіз, яғни төзесіз, ал секіріп өтсеңіз – қиыншылықтан қиналмайсыз. Ал айналып өтсеңіз, қиыншылықтан қашасыз. Үй – ол өзіңіздің жанұяңыз, яғни Сіз үйдің адамысыз немесе үй шаруасына жоқсыз. Құмыра – ол Сіздің ата – бабаңыздың байлығы. Жылқы – аттың қасына жақындасаңыз, Сіз бақытты адамсыз. Айналып өтсеңіз - өз бақытыңыздан айналып кеткеніңіз. Өзен – ол жәй болса, сіздің мінезіңіз жайлы болғаны. Ал шулап, тасып жатырса – Сіздің қаттылығыңызды білдіреді. НАЗАР - НАЗАР
- АУДАРҒАНДАРЫҢЫЗҒА
- РАХМЕТ!
Достарыңызбен бөлісу: |