Ш.А. Амонашвилидің ізгілік педагогикасы
1931 жылы 8 наурызда Тбилиси қаласында дүниеге келген. Амонашвили психология ғылымдарының докторы, профессор, Ресей білім беру Академиясының академигі, Ресей Федерациясының Мемлекеттік сыйлығының Лауреаты, Украина педагогика ғылым академиясының шетелдік мүшесі, Сәуегей Климент Охридский (Болгария) атындағы София университетінің құрметті докторы, Мәскеу Мемлекеттік педагогикалық Университетінің еңбегі сіңген профессоры, әр түрлі мемлекеттердің бірнеше университеттерінің құрметті профессоры. Білім берудің ізгілендіру технологиясының негізін қалаушы Ш.А. Амонашвили. Еңбектері және оның негізгі идеясы 20-ғасырдың өзінде үлкен классикалық педагогиканың негізі болып саналды. Педагогикалық процестің ізгілікті болуын жақтаушы жəн оны дамытушы. Ол өз еңбегінде көп жағдайда экперименталды-педагогикалық процеске жəне оның нəтижесіне сүйенеді. Авторитарлы жүйенің қалыптасуын тарихи салдармен байланыстырады, яғни консерватизмнің басымдылығы. Сондықтан да ол көптеген идеялардың, бастамалардың дамуына тосқауыл болды. Əр бала туылғаннан бастап белгілі бір миссиямен туылады деп санайды, яғни əр бала өзіне тəн нышан,белгілермен туылады дейді. Сол ерекшеліктерді дамыту үшін авторитарлы білім беруді жойып, ізгілендіру арқылы жүргізіледі деп атап өткен. Сонымен гумандық педагогика баланы өзіндік табиғи ерекшеліктерімен қабылдайды. Білім берудің ізгілендіру технологиясының негізін қалаған Ш.А. Амонашвили. Әрбір бала-керемет рухани күш иесі.Кез-келген мұғалім әр балаға рухани күш иесі ретінде қарау керек. Мұғалімнің мұндай көзқарасы баланың белсенділігін арттырады. Білімге деген құштарлығын көбейтеді. Балаға сеніммен қарау баланы тек қуаттандыра түседі. Оның басты еңбектерінің бірі «Ізгілік педагогикасы жайлы ойлар» деп аталады. Бұл еңбегінде ол авторитарлы білім беруді қатты сынға алады. Ізгілік-бұл адамдарға деген адамгершілік, сүйіспеншілік қатынас, бұл өзге адамға жақсылық жасаудың негізі.
Өзінің эксперименттік мектебінде Ш.А.Амонашвили ынтымақтастық педагогика, жеке ықпал, тіл жөне математика пәндерін оқытудың әдістерін жасап, ендірді.
Мақсатты бағыттары:
- Баланың жеке касиетін аша отырып, азамат етіп тәрбиелеу.
- Баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату.
- Танымдық күшін қалыптастыру жөне дамыту.
- Алған білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағай жасау.
Тұжырымдама ережелері:
- Ынтымақтастық педагогикасы тұжырымдалады.
- Рухани жетілдіру.
- Бала психологиясын дамытуға, есейтуге және еркіндік құштарлығына қалыптастыру;
- Әсемдікті, әдемілікті сезіну, қабылдау.
Сабақ - бала өмірінің негізгі түрі. Күн сабағы, қуаныш сабағы, достық сабағы, шығармашылық сабағы, еңбек сабағы, ойын сабағы, кездесу сабағы, өмір сабағы.
Балаға деген ізгілік қадамның күшіне сенім. «Ондаған, жүздеген жолдардың, оқушы мен оқытушы арасындағы руханилықтың байланыстырушысы бұл-жүрекке деген адами жолдың, ең маңыздылары ол мұғалім мен оқушы арасындағы серіктестік. Біз мұғалім мен оқушыны рухани тұтастықтың қалыптастырылуына тырысамыз» - дейді.
Ш.А. Амонашвили «Рухани ізденістің биіктігі оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасында ерекше, сенім орын алады, ал білім - адамға жүрекпен ақыл арқылы беріледі, өйткені ол адам жанына сүйіспеншілік арқылы жол табады.…» -дегендей, бала тәрбиесіндегі ең бастысы- рухани біртұтастықта.
Ізгілікті –адамгершілік үрдісіндегі мұғалімнің негізгі ұстанымдары:
Мұғалімнің заңдары:
Баланы сүю;
Баланы түсіну;
Мұғалімнің басқарушылық қағидалары:
Бала тұлғасын құрметтеу қағидасы;
Баланың қалыптасуында - ұстамды, сабырлы болуы.
Мұғалімнің өсиеттері:
Бала қабілетінің шексіздігіне деген сенім;
Өзінің педагогикалық қабілеттеріне деген сенім;
Балаға деген ізгілік қадамның күшіне сенім.
«Ондаған, жүздеген жолдардың, оқушы мен оқытушы арасындағы руханилықтың байланыстырушысы бұл-жүрекке деген адами жолдың, ең маңыздылары ол мұғалім мен оқушы арасындағы серіктестік. Біз мұғалім мен оқушыны рухани тұтастықтың қалыптастырылуына тырысамыз»- дейді Ш.А. Амонашвили өз еңбектерінде.
Ш.А. Амонашвилидің өскелең ұрпақты тәрбиелеп отырған жас ұстаздар қауымына маңызы зор. Мектептегі ұстаз – оқушының шамшырағын жағар тұлға болып табылады. Сондықтан да оқушыларға сапалы білім ғана емес, рухани, ізгі тәрбие беруіміз қажет.
Ш.Амонашвилидің «Размышления о гуманной педагогике» еңбегінде оқушылардың жүрегіне қалай жол табу керек, олардың пәнге деген ынтасын, талабын, қызығушылығын арттырудың әдіс-тәсілдері туралы айтылады. Оның тіпті кешігіп келген оқушыға жаза қолданбай «Келгенің қандай жақсы болды, мен сені күттім!» деп орнына отыруға рұқсат беруі, оқушыға деген ізгілікті қатынасын білдіреді. Ш. Амонашвили бойынша, ізгілендіру – баланың жеке қасиетін аша отырып, азамат етіп тәрбиелеу, баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату, танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, білімін кеңейтуге жағдай жасау.
Бұл – технологияның өзгелерінен ерекшеліктері: онда ынтымақтастық педагогикасы тұжырымдалады; бала психикасын дамыту, есеюге және еркіндікке құштарлығын қалыптастыру; әсемдікті, әдемілікті сезіну, қабылдау; ізгілікті, жеке қарым-қатынас жасау; рухани жетілдіру; ата-анамен бірлесіп жұмыс істеу жүзеге асырылады. Шалва Александрович зиялы қауымға, педагогтарға, ата-аналарға адамгершілікті педагогиканың әдістері жайлы түрлі семинарлар мен оқуларда, шебер кластарында баяндап, көрсетіп жүр.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Амонашвили Ш.А. Улыбка моя, где ты? Мысли в учительской. - М., 2003.
2. Амонашвили Ш.А. Здравствуйте, дети! – М., 1983.
3. Амонашвили Ш.А. Школа Жизни. М.., 2000
4. Амонашвили Ш.А. Размышления о гуманной педагогике.
5. Өзін-өзі тану.kz журналы
6. Мектепке алты жастан кітабынан
https://ppt-online.org/246152
Достарыңызбен бөлісу: |