Шығарма. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы Жоспар



Дата23.08.2017
өлшемі47,76 Kb.
#24821
Шығарма.

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

Жоспар.

1.Өмірі мен шығармашылығы.

2.Шығармашылық жолы.

3. Қорытынды.


Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (1858-1931) - көрнекті ақын, публицист, этнограф, ағартушы, шежіреші, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы. Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. «Бес жаста «бісмілла» деп жаздым хатты, Бұл тағдыр жастай маған тиді қатты» деп ақынның өзі айтқандай, 5 жасынан бастап-ақ молдадан хат таныған ол 1870 жылы Хамеретдин хазіреттің медресесінде дәріс алады. Молда бір ғана дін сабағын емес араб, парсы, шағатай тіліндегі кітаптарды да қатты қадағалап оқытады. Кітаптың тек қарасын танытып қоймай, ішкі мазмұн, мән-мағынасына дейін тәптіштеп түсіндіреді. Арабтың, парсының тілін үйретеді. Мәшһүр бір жыл ішінде хат танып, өнер-білімге, әдебиетке құмар болып өседі. Жеті-тоғыз жасында «Ер Тарғын», «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» сияқты халық жырларын, шығыс қиссаларын жатқа айтады. Сол себепті де Мәшһүр деген атқа ие болады. «Мәшһүр» арабша белгілі деген мағынаны білдіреді. Медресее оқып жүрген кезінде ол балалардың алды болып, 15 жасынан өлең жаза бастаған. Ол туралы ақынның өзі: «Жабысты маған өлең он бес жаста, Жұрт айтты: «Не қыласың» - деді баста. Дегенмен қоя алмадым үйренген соң, Мінім жоқ қылған жұртқа мұнан басқа. Шүкірлік, бергеніңе, құдай патша, Он бесте шабыттандым жүйрік атша. Бір күндер ұйықтап жатқан мезгілімде, Кеудеме өлең толды сызған хатша» - дейді.

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы 1875 жылдан бастап біраз уақыт оқытушы болды. «Дала уәлаяты» газетіне өлеңдері мен мақалаларын жіберіп тұрды. 1887-1890 жылдары Самарқанд, Ташкент, Түркістан, Бұхара, т.б. қалаларды аралап, Шығыстың классикалық әдебиетімен жете танысты. Осы жылдары түркітанушы ғалым, академик В.Радловпен танысып, ауыз әдебиеті үлгілерін жинау ісімен айналысты. Жар-жар, аужар, бата, ұлағатты сөздер, ертегі, аңыздар, діни қиссаларды жинап, жариялады. Сонымен бірге «Гүлшат - Шеризат», «Ғибратнама», «Шайтанның саудасы» сияқты Шығыс дастандары үлгісін және бірнеше тарихи жырларды жинап, хаттады. «Көроғлы», «Ер Көкше», «Сайын батыр» жыр-дастандары мен Бұқар жырау, Шортанбай, Орынбай, Шөже, Жанақ, Сақау секілді ақын-жыраулардың әдеби асыл мұраларын хатқа түсірді. Бұқардан қалған сөз маржанын Мәшһүрге дейін хатқа тұтас түсіруші болмаған еді. Мәшһүр Жүсіп көзі тірісінде, яғни 1930 жылы мәңгілік мекенін екі бөлмелі етіп салдырады. Өзі қадағалап, жөн-жоба сілтеп отырады. Төрдегі бөлмесіне өзін жерлеуді және ашық қоюды өсиет етеді. Қырық жылға дейін денесі сол қалпында сақталатындығын және жыл сайын жаз айында ақ дәкемен орап отыруды ескертеді. Сонан соң кіре беріс бөлмеге құранын, кітаптарын, ыдыс-аяқтарын, ер-тоқым, ат әбзелдерін, насыбай үккіші мен шақшасын, басқа да өзі тұтынған заттарын сақтауды аманаттайды. Мұнысы олай-бұлай жүрген жолаушылар пайдалансын дегені. Сахара қағидасы бойынша нәрселерді ұқыпты, таза, ретімен пайдалану ләзім. Мәшһүр Жүсіп дүниеден озғанға дейін өзінің жылын өткізеді.

Ол 1932 жылдың тақсіретке, қасіретке, қырғынға толы екендігін күні бұрын білген. 1946 жылы атақты жазушы Сәбит Мұқанов қабірдің ішіне түскен, тағзым еткен. 1952 жылы Қазақстандағы безбүйрек, құзғын саясаттың зұлымдық әрекет-кесірінен Мәшһүр атаның қабірі, үйі қопарылып тасталған. Ақынның 1907 жылы Қазан қаласында Құсайыновтар баспасынан үш бірдей кітабы жарық көрді. «Хал-ахуал», «Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз», «Сарыарқаның кімдікі екендігі» атты шығармаларында қазақ халқын өнер-білімге баулу, елде мектеп, медреселер ашу, жер тағдыры, т.б. өзекті мәселелерді көтерді. 1990 жылы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының таңдамалы 2 томдығы, 1993 жылы «Қазақ шежіресі» атты еңбегі жарық көрді. Ақын мұрасы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының қолжазбалар қорында сақтаулы. Тіршілікте жолы болмағандар, қинат шеңгеліне ілінгендер, болашағынан үміт ететіндер, жақсылық, адамшылық, имандылық жолын ұстаушылар, Алланың жолын мұрат тұтқандар, ақыл-ойы кемел естілер Мәшһүр Жүсіптің мавзолей-зиратына келіп, дұға оқып, құрмет етеді.

Шығарма.

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

Жоспар.

1.Өмірі мен шығармашылығы.

2. М.Әуезовтың ойы.

3. Қорытынды.

Мәшһүр Жүсіп Көпеев қазақтан шыққан көрнекті ақын, тарихшы, этнограф, шежіреші, аудармашы, ауыз әдебиеті мұраларын жинаушы.
Бес жасынан бастап ауыл молдасынан дәріс алған. Жастайынан еті тірі, зерек бала Хамар Хазірет деген үлкен оқымысты молданың алдынан жеті жыл бойы сабақ алады. Молда бір ғана дін сабағын емес, араб, парсы, шағатай тіліндегі кітаптарды да қатты қадағалап оқытады. Кітаптың тек қарасын танытып қоймай, ішкі мазмұн, мән-мағынасына дейін тәптіштеп түсіндіреді. Арабтың, парсының тілін үйтетеді. Мәшһүр бір жыл ішінде хат танып, өнер-білімге, әдебиетке құмар болып өседі. Жеті-тоғыз жасында «Ер Тарғын», «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» сияқты халық жырларын, шығыс қиссаларын жатқа айтқан. Сол себепті де Мәшһүр деген атқа ие болады. Он бес жасында медреседе оқып жүріп өлең жаза бастайды. Он бес жастан кейінгі өмірінің бәрін дерлік өлеңмен сөйлеген деседі. Ол туралы ақынның өзі былай дейді:

Жабысты маған өлең он бес жаста,


Жұрт айтты: «Не қыласың» - деді баста
Дегенмен қоя алмадым үйренген соң,
Мінім жоқ қылған жұртқа мұнан басқа.

Шүкірлік, бергеніңе, құдай патша,


Он бесте шабыттандым жүйрік атша.
Бір күндер ұйықтап жатқан мезгілімде,
Кеудеме өлең толды сызған хатша.

Мәшһүр Жүсіп туралы М.О. Әуезов: «Ал, өз шығармаларын былай қойып, басы ашық үлгілерді жазып алып, біздің дәуірімізге жеткізген еңбек Мәшһүрде мол екенін және естен шығармау керек. Сондықтан, қазақ ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің ғылымдық бір саласы историяграфия бөлімінде Мәшһүрдің ол түрдегі еңбегіне әрдайым орынды баға берілуі шарт» десе («Әдеби мұра және оны зерттеу», «Ғылым» баспасы, 1961), С. Мұқанов өз ойын былайша түйіндепті: «XVIII ғасырда жасаған ақындардың ішінен жыры мол сақталғаны - Бұқар жырау. Бұқардың жырларын сақтап, тарих алдында ерекше еңбек сіңірген адам - Мәшһүр Жүсіп Көпеев. Бұқардың жырларын жазып алған Мәшһүр Жүсіп: «Бұқар-екең сөйлеген уақытында сөзі мұндай жүз есе, мың есе шығар. Бізге келіп жеткені тамыры ғана» дейді. «Мес» жинағына қарасаң көңілің тояттайды, оқысаң көзің қуанады. Cиясы әсем көшірілген қолжазба Мәшһүр махаббатына лық толы. Ол көне қолжазбаның әрбір сөзіне дейін жеткізуге, қазақ тілінің алтын қорын шашпай-төкпей сақтауға тырысқан» Академик М. Қаратаев та ХХ ғасырдың бас кезіндегі ақындардың творчествосын саралай келіп: «М. Көпеевтің қазақ әдебиетінде әрі ақын, әрі жинаушы ретінде алатын орны ерекше» - деп  бағалапты .


Ол есейе келе ел ішіндегі ауыз әдебиеті үлгілерін жинайды, сонымен қатар бала оқытумен де айналысады. Ел көріп, жер көріп, өз білімін әрі қарай тереңдету мақсатында Ташкент, Бұхар, Түркістан сияқты ірі қалаларға бірнеше рет сапар шегіп, Шығыс мәдениеті, Шығыстың ғұлама ғалымдары мен ақын, ойшылдарының шығармаларымен жақыннан танысады. Осы сапары жөнінде ақын:

Мәшһүрден келе жатыр өнер қайнап,


Бұлбұлдай қапастағы тұрған сайрап.
Самарқан, Бұхар, Ташкен –бәрін кезген
Жасында бір кем отыз тәңірім айдап –
деп хабар бере кетеді. 

1888 жылдан бастап жас ақынның өлеңдері мен мақалалары қазақ тіліндегі тұңғыш баспасөз үні «Дала уәлаятының газетінде» жиі жариялана бастайды.



Мәшһүр Жүсіп Көпеев 1931 жылы дүниеден өтті. Өмірден өзі озса да артына өлмес мұра қалдырған қасиетті Мәшһүр Жүсіп бабамыздың мұраларының бізге, келер ұрпаққа берері мол екеніне ешкімнің де күмәні жоқ. Ендеше, сол мол мұраны көздің қарашығындай сақтап, кейінгі буын үлгі аларлық кәдеге жарату - біздің парызымыз.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет