Орындағандар:БТ18-03 Ауған Айгүл,Болатқызы Айнамкөз, Исламова Аида, Оразәлі Бексұлтан, Халбаев Асхат, Сман Бекжан , Нұрғали Балжан
Шығарма Педагогикалық іс-әрекет Орташа мұғалім күрделі заттарды түсіндіреді, дарынды мұғалім қарапайым заттардың сұлулығын ашады.
Роберт Браульт Жоспар.
Кіріспе.
Педагогикалық іс-әрекет – бұл кәсіби іс-әрекет, оның мазмұны оқушыларды оқыту, тәрбиелеу, білім беру және дамыту. Мұндағы оқушылар деп отырғанымыз әр түрлі жастағы балалар.
Ойланып қарасақ, педагогикалық іс-әрекет ауқымы қандай кең, осы іс-әрекет арқылы қанша адам өтеді? Отбасында оқытады, тәрбиелейді (ата-ана, әже мен ата, бала бағушы,репетиторлар, үй мүғалімдері); балабақшада оқытады, тәрбиелейді(тәрбиешілер, үйірме жетекшілері т.б.); мектепте оқытады, тәрбиелейді(мүғалімдер, сынып жетекшілері, ұзартылған топ педагогтары, қосымшабілім беретін педагогтар т.б). Сондықтан өсіп келе жатқан адам балалықшағынан бастап, көптеген адамдардың педагогикалық іс-әрекеттіңнысаны болып табылады. Бірақ, сол адам ер жетеді: колледж,жоғары оқу орындарына, курсқа т.б. оқуға түседі. Мұнда да олпедагогикалық іс-әрекетке кездеседі, арнайы дайыңдығы бароқытушылар, педагогтар сабак береді, тәрбиеленеді.Мамандық алып шыққан соң да, өмірде өз білімін тереңдетіп,мамандығын көтеріп, іс-әрекетін өзгертеді, тіпті әртүрлі себептергебайланысты мамандығын да өзгертуге тура келеді. Осыған орай, ол әртүрлі курстарда оқып, білім жетілдіру институттарында білім алады, жаңажәне қосымша білім алады және педагогикалық іс-әрекетке түседі. Яғни,бірде бір адам педагогикалық іс-әрекет нысаны болмай өмір сүре алмайдыекен.
Іс-әрекет біздің түсінігімізше, бір жағынан, ғылыми білімнің категориясы, адамдардың қоғамдық-тарихи болмысының спецификалық формасы, басқа жағынан, олардың бар болуы мен дамуының әдісі, табиғатты және әлеуметтік мақсатты бағытталған түрлендірілуі арқылы түсіндіріледі. Табиғат заңдарына қарағанда әлеуметтік заңдар ақиқаттың жаңа формалары мен қасиеттерін құрып, қандай да бір бастапқы материалды өнімге айналдыратын тек адам іс-әрекеті арқылы табылып жатады. Субъектпен орындалатын кез келген іс-әрекет мақсат, түрлендіру үрдісінің өзі және оның нәтижесін қамтиды.
1. Н.В. Кузьмина педагогикалық іс-əрекет құрылымында бір-бірімен тығыз байланысты 3 компонентті көрсетті:
Құрылымдық
Ұйымдастырушы
Коммуникативті
Педагогикалық іс-əркеттің бұл түрлерін нəтижелі жүзеге асыруда іскерліктер мен қабілет қажет.
Құрылымдық əрекет үшке бөлінеді:
Құрылымдық-мағыналы(оқу материалын таңдау, педагогикалық процесті жоспарлау жəне құру)
Құрылымдық-оперативті (өз əрекеті мен оқушылар əрекетін жоспарлау)
Ұйымдастырушы əрекет оқушылардың əртүрлі іс-əрекетпен айналысып, ұжым жəне біріккен іс-əрекетті ұйымдастыруға бағытталға əрекеттер жүйесін орындау.
Коммуникативті əрекет педагогтың тəрбиленушілермен, мектептің басқа педагогтарымен, қоғамның өкілдерімен, ата-аналарымен педогогикалық қатынас орнатуға бағытталғвн əрекет.
А.И.Щербаков құрылымдық, ұйымдастырушылық жəне зерттеушілік компоненттерді жалпы еңбек функцияларына жатқызады, яғни олар кез келген əрекетте көрініс береді. Бірақ ол педагогикалық процесті жүзеге асыру кезеңінде мұғалімнің функциясын нақтылап, педагогикалық іс-əрекеттің ұйымдастырушы компоненттеріне ақпараттық, дамытушы, бағдарлы, мобилизациялық компоненттерін біріктіреді. Бұл жерде зерттеушілік функцияға аса көңіл бөлу қажет. Зерттеушілік функцияны жүзеге асыру мұғалімнен педагогикалық құбылыстарға ғылыми тұрғыдан қарауды, эвристикалық ізденуді, ғылыми-педагогикалық зерттеу əдістерін игеруді, өзінің жəне басқа мұғалімдердің тəжірибесін талдауды талап етеді.
Педагогикалық əрекеттің құрылымдық компонентті өз ішінде аналитикалық, болжамдық жəне жобалау болып бөлінеді.
Іс-əрекеттің барлық компоненттері, функциялары кез келген педагог маманның жұмысында көрінеді. Оларды жүзеге асыру педагогтан арнайы іскерлігін талап етеді.
2. Іс – әрекеттің мақсаты педагогикада маңызы аспекті ретінде саналады. Мақсат жалпы ғылыми мағынада мінез-құлық саналы іс-әрекеттің тікелей мотиві ретінде қарастырамыз. Осылайша, компоненттер (1 мен 6) өзара байланысы мақсаттың анықтамасына қатысты және де бұл жағдай кері байланыстың сенімді құбылыстың пайда болуына әкеледі, оның бар болуы педагог іс-әрекетінің басқарушы құрамдас бөлігі жайлы сөз қозғауға мүмкіндік береді. Шынымен де, мақсатқа жетуге бағытталған педагог іс-әрекеті мақсатпен сәйкес келетін бір нәтижеге әкелуі керек. Тәжірибеде бұл бірден ешқашан бола қоймаған, яғни күтілетін мен пайда болғанның арасында әрқашан бір саңылау болады, және де оның өлшемі оқытушының кейінгі қимыл-іс-әрекетінің стратегиясын анықтайды. Мақсатқа жету үрдісі циклдық сипатта болып, мақсат пен нәтиже арасындағы айырмашылық едәуір өлшемге ие болғанша жалғаса береді.
Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты үйлесімді дамыған тұлғаны тәбиелеуде рөлі қандай ? жалпы стратегиялық мақсат әртүрлі бағыттарда оқыту мен тәрбиелеу нақты есептерін шешу үрдісі кезінде орындалады. Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты адамның рухани және табиғи мүмкіндіктерін, сондай-ақ қоғамдық дамудың негізгі бағыттарын ескере отырып, әрбір адамға әлеуметтік талаптардың жиынтығы ретінде құрылады. Мақсатқа оралған түрде, бір жағынан, жеке тұлғаның қажеттіліктері мен тырысулар, басқа жағынан, әртүрлі әлеуметтік және этникалық топтардың қызығушылықтары мен күтулері бар. Тәрбиелеу мақсаттары мәселелерін зерттеуге үлкен күш жұмсаған әйгілі педагог А. С. Макаренко