Силабусты профессор Ә. Н. Нұрмұхамбетов, доценттер Байбөрі М. Б., Балабекова М. К., аға оқытушы Баймұханова Д. М., оқытушылар Мырзағұлова С. Е., Төлепбергенова М. Ж. дайындады



бет1/2
Дата31.01.2018
өлшемі0,56 Mb.
#36558
  1   2

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ




КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ПАТОФИЗИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

ПАТОФИЗИОЛОГИЯ-1 СИЛЛАБУС





ПАТОЛОГИЯЛЫҚ ФИЗИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

1.2 СИЛЛАБУС

патологиялық физиология бойынша PF-1 БДО 2211
051301 "Жалпы медицина" мамандығы үшін



Сағаттар көлемі - 108
Дәрістер - 18 сағат
Зертханалық сабақтар – 54 сағат




Барлығы аудиториялық - 72 сағат




Өзіндік (аудиториядан тыс)

жұмыс – 36 сағат











Курс - екінші
Семестр - төртінші



Бақылау түрі – емтихан IV семестр






Алматы, 2011
Силабусты профессор Ә.Н. Нұрмұхамбетов, доценттер Байбөрі М.Б., Балабекова М.К., аға оқытушы Баймұханова Д.М., оқытушылар Мырзағұлова С.Е., Төлепбергенова М.Ж. дайындады. ҚазММА оқу-әдістемелік секциясы жоғары және ЖОО кейінгі білім мамандықтары бойынша «24» 04 2008 ж бекіткен медициналық ЖОО студенттеріне арналған патологиялық физиология – 1 типтік бағдарлама негізінде құрылды.
Патологиялық физиология кафедрасының отырысында талқыланып, бекітілді «05». 05. 2008 ж., хаттама № 6
Патологиялық физиология кафедрасының

меңгерушісі, профессор Ә.Н. Нұрмұхамбетов


Патологиялық физиология кафедрасының отырысында қайта қаралып, талқыланып, қайтадан бекітілді



« 28 » қазан 2010 ж., хаттама № 5
Патологиялық физиология кафедрасының

меңгерушісі, профессор Нұрмұхамбетов Ә.Н.


Патологиялық физиология кафедрасының отырысында қайта қаралып, талқыланып, қайтадан бекітілді



« 09 » қыркүйек 2011 ж., хаттама № 5
Патологиялық физиология кафедрасының

меңгерушісі, профессор Нұрмұхамбетов Ә.Н.



1. Жалпы мәліметтер:

1.1 ЖОО аталуы С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті

1.2 Патологиялық физиология кафедрасы

1.3 Пән «Патологиялық физиология -1», PF-1 БДО 2211

1.4 Мамандық: 051301 «Жалпы медицина»

1.5 Оқу сағатының көлемі - 108 сағат

1.6 Курс және оқу семестрі - 2 курс; 4 семестр
1.7 Оқытушылар туралы мәліметтер:




Аты-жөні

Қызметі

Дәрежесі



Нұрмұхамбетов Әділман Нұрмұхамбетұлы

Кафедра меңгерушісі

М.ғ.д.



Карынбаев Шабаз Сибугатуллович

Доцент

М.ғ.к.



Байбөрі Мұхаметхан Байбөріұлы

Доцент

М.ғ.к.



Рыспекова Наталья Николаевна

Доцент

М.ғ.к.



Жуйко Нелли Васильевна

Доцент

М.ғ.к.



Қасенов Бауыржан Жұмахажиевич

Доцент

М.ғ.к.



Мельдеханов Тұрсынбек тулеевич

Доцент

М.ғ.д.



Табанова Рымкеш Ахметжановна

оқытушы

М.ғ.к.



Балабекова Марина Қазыбаевна

Доцент

М.ғ.к.



Ахмедшина Дания Асхатовна

Аға оқытушы

М.ғ.к.



Баймұханова Дамиля Мутуалиевна

Аға оқытушы

М.ғ.к.



Мырзағұлова Сырсұлу Ермұқанбетовна

Аға оқытушы

М.ғ.к.



Төлепбергенова Майгүл Жұмановна

Аға оқытушы

М.ғ.к.



Жүкешева Майя Қанатовна

оқытушы

дәрежесіз



Аширбеков Гамаль Каримович

Аға оқытушы

М.ғ.д.



Жоламанов Мейрам Есович

Аға оқытушы

М.ғ.к.



Нурашева Эля Ермековна

оқытушы

дәрежесіз



Ким Татьяна Александровна

оқытушы

дәрежесіз



Иманбекова Жанар Абдрашитовна

оқытушы

дәрежесіз



Сатаева Асель Амановна

оқытушы

дәрежесіз



Муратова Айнур Нуржигитовна

оқытушы

дәрежесіз



Сарсен Гулназ Бейсенбеккызы

оқытушы

дәрежесіз



Момбиева Жанар Таубаевна

оқытушы

дәрежесіз


1.8 Байланыс ақпараты: кафедраның орналасқан орны

2 оқу ғимараты

Телефон: 8(7272)92-50-25 (166)

1.9 Пәннің саясаты оқу үрдісін бірізді және мақсатты түрде қамтамасыз етумен сипатталады. Оқытушылардың студенттерге деген талабы ҚР жоғары оқу орындарында оқытудың ұстанымдарына негізделген.


  1. Міндетті түрде дәрістерге қатынасу.

  2. Зертханалық сабақтарға міндетті түрде қатынасу.

  3. Оқу үрдісіне белсенді қатынасу (теориялық материалды дайындау, ситуациялық есептер мен сынамаларды шығару, тәжірибені өз бетімен орындау).

  4. Дәрістік, зертханалық сабаққа арналған, аудиториядан тыс өзіндік жұмысқа арналған дәптерлерді таза жүргізу.

  5. Дәрістер мен сабақтарға медициналық халатпен қатысу.

  6. Тақырыптық жоспарға сәйкес мерзімдік бақылауларды уақытында өткізу.

  7. Тақырыптық жоспарға сәйкес СОБӨЖ және СӨЖ міндетті түрде орындау.

  8. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына және оқу-әдістемелік үрдістерді жетілдіруге бағытталған кафедралық шараларға белсене қатысу.


2. Бағдарлама:

2.1 Кіріспе

Патологиялық физиология кезкелген мамандық дәрігерін дайындауда іргелі пән болып табылады. Ол дерттік үрдістер мен ауруларда ағзалар мен жүйелер қызметінің бұзылыстарын түсіну үшін теориялық негізді құрайды. Патологиялық физиология интеграциялық және анализдік оқу пәні ретінде клиникалық ойлаудың әдістемелік негізін құруға бағытталған.


2.2 Пәннің мақсаты: студенттерде аурулар мен дерттік үрдістердің пайда болуы, дамуы және аяқталуының негізгі заңдылықтары туралы ғылыми болжамдарды, тәжірибе жүргізудің негізгі дағдылары игеруді, клиникаға дейінгі зерттеулердің этикалық нормаларын бойынша білімдерін қолдана отырып жануарлармен жұмыс жасауды қалыптастыру.
2.3 Оқыту міндеттері:

  • жалпы нозология және біртектес дерттік үрдістер бойынша білім қалыптастыру

  • организм реактивтілігін ескере отырып патологияларда ағзалар мен жүйелер қызметінің ауытқуларын дұрыс түсіну

  • дерттік үрдістердің патогенезінде қорғану мен зақымдану құбылыстарын ажырата білу

  • дерттік үрдістер мен ауруларды үлгілеу, сонымен бірге эксперименттік емдеу жолдарын біліп үйрену

  • клиникалық ойлау негіздерін, коммуникативті дағдыны дамыту

  • ҚР ДСМ бұйрығы бойынша клиникаға дейінгі зерттеулерді жүргізу ережелерін қалыптастыру


2.4 Оқытудың соңғы нәтижелері:

Студент білуі тиіс:

  • Патофизиология пәнінің құрылымы мен мазмұнын

  • Жалпы нозологияның негізгі түсініктерін

  • аурулар мен дерттік үрдістер туындауында себеп пен жағдайдың маңызын. Организм реактивтілігі мен тұқымқуалаушылықтың дерттанудағы маңызын.

  • Жалпы патогенездің негізгі түсініктерін

  • Жасушаның жалпы дертін. Зақымдануға организмнің жалпы серпілісін.

  • біртектес дерттік үрдістердің (қабыну, қызба, гипоксия, аллергия, өспелер, зат алмасу бұзылыстары, шеткері қанайналым) дасму тетіктері, олардың көріністері және организм үшін маңызын

  • аурулар мен дерттік үрдістердің этиологиясы мен патогенезінде эксперименттік үлгілеу мен емдеудің маңызын

  • ғылыми зерттеулер жүргізу этикасы туралы нормативті құжаттарды


Студент жасай алуы тиіс:

  • алынған мәліметтерді патофизиология-2 мен клиникалық пәндерді оқығанда қолдану

  • клиникалық – лабораториялық зерттеу нәтижелерін сараптау

  • әртүрлі аурулардың компоненті болып табылатын негізгі біртектес дерттік үрдістерді тани білу

  • жануарларда тәжірибе жасауды жоспарлап, тәжірибе нәтижелерін өңдеп, сараптау

  • кейбір дерттік үрдістерді (экзогенді және гемдік гипоксияны, артериялық және веналық гиперемияны, ишемия, эмболия, қабынуды) үлгілеу білуді

  • ауру алдын анықтау үшін жүктемелік сынауларды жүргізу

  • ғылыми, анықтамалық және оқулық әдебиеттермен, кітапханадағы каталогтармен, интернет сайттарымен өздігінен жұмыс жасау


Студент келесі коммуникативті дағдыларды жасай алуы тиіс:

  • топта өзара сыйластық, этникалық, религиозды және жеке қарым қатынастарды

  • көшбасшы ретінде өзін көрсетуді

  • пікірталастарда өзінің көзқарасын айқындап, жеткізуді


2.5 Реквизитке дейінгі пәндер: молекулалық биология және медициналық генетика, биохимия, физиология - 1, гистология - 1, микробиология.

2.5 Реквизиттен кейінгі пәндер: патологиялық физиология - 2, патологиялық анатомия - 2, ішкі аурулар пропедевтикасы, жалпы хирургия.
2.6 Пәннің қысқаша мазмұны: Патологиялық физиология аурулардың немесе біртектес дерттік үрдістердің туындауының, дамуының және аяқталуының жалпы заңдылықтарын зерттейді. Патофизиология – 1 аясында студенттерге реактивтіліктің дерт дамуындағы маңызы, зақымдануға организмнің жергілікті және жалпы серпілістері, зат алмасуларының, біртектес бұзылыстарының этиологиясы мен патогенезі, қабыну, қызба, аллергия, өспелердің этиологиясы мен патогенезі зерттеледі.
2.7 Дәрістердің тақырыптық жоспары


апта

Дәріс тақырыбы

Жүргізу түрі

Сағаты

1.

Патофизиология пәніне кіріспе. Жалпы нозология

Көрсетілім

2

2.

Жалпы этиология. Жалпы патогенез

Көрсетілім Шолулық дәріс.

2

3.

Организм реактивтілігінің дерттанудағы маңызы

Көрсетілім Шолулық дәріс.

2

4.

Су-электролит алмасуының бұзылысы

Көрсетілім. Шолулық дәріс.

2

5.

Көмірсу алмасуының бұзылысы

Көрсетілім

2

6.

Гипоксия

Көрсетілім

2

7.

Қабыну

Көрсетілім Мәселелік дәріс

2

8.

Аллергия

Көрсетілім Шолулық дәріс.

2

9.

Өспе өсуі

Көрсетілім

Мәселелік дәріс



2




Барлығы




18


2.7 Машықтық сабақтардың тақырыптық жоспары


Апта №

Тақырып

Жүргізу түрі

Ұзақтығы

(сағ).


1.

Патологиялық физиоло-гия пәні, міндеттері және әдістері. Жалпы нозология

Теориялық сұрақтарды талқылау. Машықтық жұмыстарды орындау және талқылау, блиц-ойын, сөзжұмбақты шешу.

Тапсырмалар: 1. Кинетозды үлгілеу

2. Ауруалдын жүктемелік сынақтармен анықтау (Мартине, Штанге, Генче сынаулары).



3

2.

Жалпы зтиология және патогенез. Организмге төмен барометрлік қысымның әсері

Теориялық сұрақтарды талқылау. Машықтық жұмыстарды орындау және талқылау, хаттамаларды рәсімдеу, сынамалық тапсырмаларды шешу.

1-тапсырма: Биіктік ауруын үлгілеу немесе бейнефильмді көру



3

3.

Организм реактивтілігі-нің және тұқым қуалау-шылықтың дерттануда-ғы маңызы.

Машықтық жұмыстарды орындау және талқылау, хаттамаларды рәсімдеу, сынамалық тапсырмаларды шешу.

1-тапсырма: Реактивтіліктегі жас мөлшерінің, түрдің, орталық жүйке жүйесінің қызметтік жағдайының маңызын анықтау немесе бейнефильмді көру



3

4.

Жасушаның жалпы дерті.

Машықтық жұмыстарды орындау және талқылау, хаттамаларды рәсімдеу, сынамалық тапсырмаларды шешу.

1-тапсырма: Жасушаға физикалық және химиялық жайттардың зақымдаушы әсерін тәжірибеде зерттеу



3

5.

Зақымдануға организмнің жалпы әсерленістері

Машықтық жұмыстарды орындау және талқылау, хаттамаларды рәсімдеу, сынамалық тапсырмаларды шешу немесе патогенездің сызбанұсқасын оқып-үйрену.

1-тапсырма: Қимылды шектеу арқылы туындатылған стрестің егеуқұйрықтардың дене қызуына әсері



3

6.

Мерзімдік бақылау – 1

Сынамалық бақылау, студенттердің дәрісханалық және дәрісханадан тыс жұмыстарының өткен тақырыптары бойынша ауызша немесе жазбаша сұрау (тақырыптар №№ 1-5, СӨЖ №№ 1-3)

3

7.

Су-электролит алмасуының бұзылыстары

Машықтық жұмыстарды орындау және талқылау, хаттамаларды рәсімдеу, сынамалық тапсырмаларды шешу, ісіну патогенезінің сызбанұсқасын құрастыру

1-тапсырма: Тәжірибеде ісінудің патогенездік жайттарын оқып-үйрену



3

8.

Қышқылдық-сілтілік үйлесімділіктің (ҚСҮ) бұзылыстары

ҚСҮ бұзылыстары патогенезінің сызбанұсқасын қрастыру немесе оқытулық бағдарламамен жұмыс істеу (ҚСҮ бұзылыстарымен мультимедийлік танысу),

сынамалық тапсырмаларды шешу

1-тапсырма: ҚСҮ бұзылыстары патогенезінің сызбанұсқасын құрастыру

2. Ситуациялық есептерді шешу



3

9.

Көмірсу алмасуының бұзылыстары

Пікірталас, машықтық жұмыстарды орындау және талқылау, хаттамаларды рәсімдеу, сынамалық тапсырмаларды шешу, бейнебаян көру

1-тапсырма: Егеуқұйрықтарда гипогликемиялық команы үлгілеу



3

10.

Нәруыз және май алмасуының бұзылыстары. Ашығу

Пікірталас, сынамалық тапсырмаларды шешу , кон-ференция, эссе құрастыру, оларды қорғау және сараптау


3

11.

Гипоксия

Машықтық жұмыстарды орындау және талқылау, хаттамаларды рәсімдеу, сынамалық тапсырмаларды және ситуациялық есептерді шешу

1-тапсырма: Экзогендік және қандық гипоксияны тәжірибеде үлгілеу немесе бейнефильмді көру



3

12.

Мерзімдік бақылау – 2

Сынамалық бақылау, студенттердің дәрісханалық және дәрісханадан тыс жұмыстарының өткен тақырыптары бойынша ауызша немесе жазбаша сұрау (тақырыптар №№ 7-11)

3

13.

Шеткері қанайналы-мының және микроцир-куляцияның бұзылыс-тары

Машықтық жұмыстарды орындау және талқылау, хаттамаларды рәсімдеу, есептерді, сынамалық тапсырмаларды шешу.

1-тапсырма: Тәжірибеде артериялық және веналық гиперемияны, ишемия, тромбоз, эмболияны үлгілеу.



3

14.

Қабыну

Машықтық жұмыстарды орындау және талқылау, хаттамаларды рәсімдеу, сынамалық тапсырмаларды, сөзтізбекті шешу.

1-тапсырма: Бақа тіліндегі әлтерация

2. Конгейм тәжірибесі. 3. Іріңді жалқықтың морфо-логиялық көрінісін зерттеу.

4. Фагоцитоздың сатыларын зертттеу.



3

15.

Қызба

Тапсырмаларды орындау, хаттамаларды рәсімдеу, сынамалық тапсырмаларды шешу.

1-тапсырма: Қызбаның түрлерін үлгілеу.

2. Температуралық сызықтардың түрін анықтау


3

16.

Аллергия

Машықтық жұмыстарды орындау және талқылау, хаттамаларды рәсімдеу, сынамалық тапсырмаларды және ситуациялық есептерді шешу

1-тапсырма: Теңіз доңызында анафилаксиялық сілеймені үлгілеу немесе бейнефильмді көру





3

17.

Өспе өсуі

Машықтық жұмыстарды орындау және талқылау, сынамалық тапсырмаларды және сөзтізбекті шешу.

1-тапсырма: «Мылқау» сызбанұсқаларды толтыру



2. Шемендік карциноманың жағындысын зерттеу

3

18.

Мерзімдік бақылау - 3

Сынамалық бақылау, студенттердің дәрісханалық және дәрісханадан тыс жұмыстарының өткен тақырыптары бойынша ауызша немесе жазбаша сұрау (тақырыптар №№ 13-17, СӨЖ №№ 3-6)

3




БАРЛЫҒЫ




54

Кеңестер уақыты – кафедраның кестесіне сәйкес күнделікті

Мерзімдік бақылау уақыты – 4 семестрдің 6-ші, 12-ші және 18-ші аптасында

Қорытынды бақылау уақыты – ОҮБ және ЖБ кестесіне сәйкес 4 семестрдің соңында
2.8. Студенттердің аудиториядан тыс өзіндік жұмысы (СӨЖ)



Өзіндік жұмыстың тақырыптары

Жүргізу түрі

сағаттар

1.

Кейбір сыртқы орта жайттарының организмге (механикалық жайт, шу, электр ағымы, иондаушы сәуле, гипокинезия) ауру туындатушы әсері

Материалды өзіндік оқу, сынамалық тапсырмаларды орындау

8

2.

Маскүнемдік, нашақорлық, уытқорлықтың патофизиологиялық негіздері

Сынамалық тапсырмаларды орындау. Тақырыпқа мультимедиялық көрсетілім немесе эссе дайындау.

7

3.

Қартаюдың биологиялық, медициналық және әлеуметтік негіздері. Қартаю теориялары.

Материалды өзіндік оқу. Қартаю теориялары бойынша «соқыр» кестелерді толтыру, Томас Перлз есептегіш – сауалнамасы. Сынамалық тапсырмаларды орындау, реферат немесе көрсетілім дайындау.

6

4.

Жұқпалы үрдіс патофизиологиясы. Сепсис

Материалды өзіндік оқу, патогенездің схемасын құрастыру, реферат немесе көрсетілім дайындау

8

5.

Аутоиммундық аурулар. Дәнекер тін патологиясы

Материалды өзіндік оқу, патогенездің схемасын құрастыру, сынамалық тапсырмаларды орындау, реферат немесе көрсетілім дайындау.

7




БАРЛЫҒЫ:




36


2.9 Негізгі және қосымша әдебиеттер

Қазақ тілінде

Негізгі әдебиет:

  1. Ә.Н.Нұрмұхамбетов. Патофизиология.- Эверо, 2007 – 648 б.

  2. Ә.Н.Нұрмұхамбетов. Клиникалық патофизиология.- Эверо, 2010 – 976 б.

  3. Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова Алматы.: «Эффект» баспасы, 2007. - 504 б.

Қосымша

1. Нұрмұхамбетов Ә., Патофизиология: оқулық – Алматы, 2000 – 568 б

2. Момынов Т., Рақышев А. Медицинский словарь-Медициналық сөздік-Алматы:ЖШС «Кітап баспасы» - 2003 – 352 б

3. Орысша - қазақша- медициналық (физиологиялық) сөздік. Русско-казахский медицинский (физиологический) словарь г. Алматы: Эверо. 2007 - 904 с

4. «Ұрық дамуы мен балалық шақ ауруларының патофизиологиясы» проф. А.Н. Нурмухамбетов (2006) - 192

Орыс тілінде:

Негізгі:


  1. Нурмухамбетов А.Н. Патофизиология в схемах и таблицах – Кітап, 2004 – 248с.

  2. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д., Уразовой О.И. –Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1 – 845 с.

  3. Патологическая физиология //Под ред. Зайко Н.Н., Быця Ю.В. - Москва: МЕДпресс-информ, 2004 – 635с.

  4. Патологическая физиология // Под ред. Адо А.Д. -Москва:Триада-Х, 2000 - 574 с.

  5. Патофизиология для внеаудиторной самостоятельной работы студентов //Под ред. Ударцевой Т.П. – Алматы:КазНМУ им. С.Д.Асфендиярова, 2006 – 256с.

  6. Тестовые задания по патологической физиологии // Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова -- Алматы.: издательство «Эффект», КазНМУ, 2007. – 504 б.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет