1. Пән туралы ақпарат: «Балалардың жас және физиологиялық даму ерекшеліктері», 3 ECTS, 1 курс, 1/2 семестр Оқу жылы: 2023-2024 Білім беру бағдарламас: Барлық педагогикалық мамандықтар үшін
Институт: Жаратылыстану және география Кафедра: Биология Оқытушының аты-жөні, дәрежесі, ғылыми атағы, қызметі – Шыныбекова Секерова Т.М., PhD., аға оқытушы, Жайлыбаева Т.М., Талдыбай А.А., биология магистрі, оқытушы, tolganai_8805@mail.ru, +707 822 41 45
2. Пәннің мақсаты: педагогика мен дидактиканың құзыреттілігін арттыру. Студенттер білім алушылардың дамуын бақылай отырып, жасына сәйкес оқу процестерін жоспарлайды және енгізеді, оқушылардың жеке қажеттіліктерін ескереді, әртүрлі жағдайларда оқушылардың жалпыға бірдей оқуы мен әл-ауқатын шығармашылықпен қолдайды.
Мазмұны: Өсу мен даму барысындағы органдар, жүйелер, ағзаның тұтас қызметтерінің ерекшеліктерін оқытады. Олардың қалыптасу заңдылықтарын, әрбір жас кезеңдері барысындағы жеке даму ерекшеліктерін және физиологиялық функцияларының педагогикалық әсерлерге реакцияларының ерекшеліктерін оқытады.
Бағалау критерийлері Студент демонстрирует понимание материала:
- әр түрлі оқушылардың жеке бастапқы деңгейлерін, олардың оқу әлеуетін және нақты қолдау қажеттіліктерін танып біледі;
- оқу материалдарын шығармашылық деңгейде, қосымша материалдарды қолдана отырып, дәлелді түрде меңгерген;
- алған білімді креативті түрде өмірлік жағдаяттарды шешуде қолдана алады.
- жеке дамудың әрбір кезеңдеріндегі заңдылықтардың ерекшеліктері туралы ойларды тұжырымдай алады;
- алған білімді шығармашылықпен практикада түрлі жағдаяттарда қолдануға дағдыланған;
- тапсырманы орындауда сыни көзқарасы қалыптасқан;
- оқу іс-әрекеттерін жетілдіруді жоспарлай алады.
- қоршаған ортамен балалар мен жасөспірімдердің ағзасының арасындағы байланыстар туралы ойларын бағалай алады.
- сабақ барысында игерілген теориялық білімін практикада қолдана алады.