ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ «Біздің тарихымызда қасіретті сәттер мен қайғылы оқиғалар, сұрапыл соғыстар мен қақтығыстар, әлеуметтік тұрғыдан қауіпті сынақтар мен саяси қуғын-сүргіндер аз болмады. Мұны ұмытуға хақымыз жоқ. Көп қырлы әрі ауқымды тарихымызды дұрыс түсініп, қабылдай білуіміз керек.»
Н.Ә.Назарбаев
Әр халықтың сан ғасырлық тарихы бар. Ал біздің қазақ халқының тарихы сонау тереңде жатыр. Адам өткен тарихын жақсы білмесе, болашаққа нық қадам баса алмайды. Біздің жастарымыз да өз ұлтымыздың , өз еліміздің мәдениетін, салт-дәстүрін , әдет-ғұрпын ұмытпай,қастерлей білуге тиіс. Тәуелсіз ел ретінде өткенімізді зерттеу, бұл күнге қалай келгенімізді, кімдердің арқасында жеткенімізді білу біз үшін қаншалықты маңызды?.Тарихқа көз жүгіртсек, талай қиындықтар мен тағдырдың ауыр соққылары қазақ халқының басынан аз өтпегенін көреміз.
Түрлі нәубетті басынан өткізген халқымыз бүгінгі күні өз тәуелсіздігін алып, дамыған елдердің қатарында болашаққа қадам басып келеді. Бұл күнге жетуіміздің басты себебі- ата-бабаларымыз бен аға-әпкелеріміздің өз елі үшін аянбай қан мен терін төгуінің арқасында. Біз осынау бақытты заманға кімнің арқасында жеткенімізді ұмытпауымыз керек және өз еліміздің тарихын терең біліп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізе білуге тиіспіз.
ҚР Тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы –құнды дүние. Елбасымыз жаңа мақаласында төл тарихымыз бен мәдениетімізді жіктей келе,тарихи сананы жаңғырту мәселесін көтеріп, 6 бірдей жобаны ұсынған. Бұл мақала- «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы. Оқиғалар мен тұлғаларды уақыт тізбегі бойынша бір жүйеге келтіру -тарихымыздың нағыз жетіспей тұрған тұсы,- дейді мамандар.
Мақала «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт», «Тарихи сананы жаңғырту» атты бөлімдерден тұрады.Мұнда ұлттық болмысымызды сақтап, тарихымызды жаңғырту жайына кеңінен тоқталған. Әсіресе өсіп келе жатқан жас буынды ұлттық тәрбиемен сусындату керектігі жөнінде жазылған.Біздің даңқты батырларымыз, ойшылдарымыз бен ел билеушілеріміз тек Қазақстан ғана емес, сондай-ақ бүкіл əлем бойынша еліктеуге лайықты тұлғалар екендігін де Елбасы тілге тиек еткен.
«Ұлт тариxындағы кеңістік пен уақыт» бөлімінде ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын Ұлы даланың жеті қырын атап көрсеткен.Көтерілген мәселелерді жан-жақты ой елегінен өткізіп, терең зерделеген. Олар: