Сынып мұғалімінің педагогикалық іс-әрекетінің құрылымын зерттеу



Дата17.05.2023
өлшемі47,29 Kb.
#176995
Байланысты:
Махамбет Аиша
Практикалық саба1, Практикалық саба1, Практикалық саба1, Документ Microsoft Word (3), Арсен ЭЭ 125топ

Сынып мұғалімінің педагогикалық іс-әрекетінің құрылымын зерттеу
Педагогикалық іс-әрекет дегеніміз - мұғалімнің оқу-тәрбие істерін нәтижеге жеткізетін әрекеттер құрылымы. Мұғалімнің шеберлігі педагогикалық мамандық негізінде басқара білу Педагогикалық іс-әрекеттер мынандай құрылымдардан тұрады: іс-әрекет мақсаты, іс-әрекет объектісі, іс-әрекет субъектісі, іс-әрекет құралы. Аталған іс-әрекет құрылымдары бір-бірімен байланысты комплексті жүзеге асырылып, іс-әрекеттің компоненттері де болады.Осы аталған іс-әрекеттер компоненттері де болып табылатын іс-әрекеттер мақсаты, объектісі, субъектісі және іс-әрекет құралдарын жеке-жеке алып қарайтын болсақ: іс-әрекет мақсаты – жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеуді көздейді. Жан-жақты тәрбиелеу тәрбие жұмысын комплекс жүзеге асыруы қажет етеді. Комплесті жүргізу адамгершілік, еңбек, эстетикалық, дене, экономикалық, экология, ақыл-ой тәрбиелерін тұтас бір-бірімен ұштастыра жүргізу болып табылады.Тәрбие жұмысын комплексті жүргізу тәрбиеленушінің санасына да, мінез-құлқына да, олардың тіршілік қызметіне де бір мерзімде ықпал жасауға мүмкіндік береді.Жеке адамды жан-жақты дамыту жас ұрпақтың тіршілік қызметінің алуан түрлі:өндірістік, қоғамдық саяси, рухани адамгершілік салаларында барлық қабілет дарындарын дамытуды қарастырады. 2. Іс-әрекет объектісі – адамдардың қалыптасуының объективтік негізін – қоғамның материалдық-техникалық базасы, қоғамдық қатынастар, тұрмыс салалары, табиғи орта және адамның туа біткен қасиет-нышандары сияқты адамдардың еркі мен санасына тәуелді емес факторлар құрайды.
Тәрбие жұмысын жоспарлау педагог қызыметінің жалпы жүйесіндегі маңызды буын болып саналады. Ойластырып жоспарлау оны дұрыс ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Жұмыс перспективалармен белгілейді, тәрбие жұмысынын белгілі бір жүйесін жүзеге асыруға кемектеседі.Форма үшін ғана емес, жақсы жасалған жоспар педагогтың күнбе-күнгі тәрбие жұмысына көмектеседі. Педагог жоспар жасағанда балалармен тәрбие жұмысының негізгі міндеттерін мазмұнын, формалары мен әдістерін іріктеп алу үшін болып табылатын документтерді пайдаланады. Соңғы шыққан қаулы, бұйрықтар, оқу программасы, оқушыларды тәрбиелеудің үлгі мазмұны, «нысанына » жатады. Мұғалім жоспар жасағанда еліміз үстіміздегі жылы атап өтетін маңызды оқиғаларды ескереді.Мұғалім өз жұмысын жоспарлағанда мектептің жұмыс жоспарын басшылыққа алады. Бүкіл мектептің істері мен жоспарлары мұғалім жұмысының бір бөлігі болып табылады.Мектептің міндеті әр оқушының жан-жақты дамуына қамқорлық жасау болып табылады. Оны орындау педагогтан жан-жақты күрделі жұмыс жүргізуді талап етеді. Педагогикалық іс-әрекетте де қарым-қатынастың алатын орны өте жоғары, себебі педагогтың негізгі атқаратын қызметтері болып табылатын тәрбиелеу, оқыту, білім беру дамыту қалыптастыру процестерін қарым-қатынассыз көз алдына елестету мүмкін емес.
Педагог мамандығына байланысты кәсіби-педагогикалъқ қарым-қатынас ұғымы қолданылады. Жәй қарапайым күнделікті тұрмыстық қарым-қатынас пен кәсіби-педагогикалық қарым-қатынастың айырмашылығы өте көп. Мысалы, адам өзінің жақын танысымен кездесіп қалып бір мәселе жайлы сөйлесіп тұрса ол жәй тұрмыстьтқ қарым-қатынас болады. Егер мұғалім балалар алдында сабақ беріп тұрса — бұл мүлде басқа қарым-қатынас. Екінші жағдайда мұғалім қарым-қатынасты оқушылар ұжымымен арнайы күнтізбелік жоспардағы бір тақырыпқа байланысты сабақ жоспары бойынша ойластырып ұйымдастырады.В.А.Сластенин педагогикальқ қарым-қатынас деп педагог пен оқушылардың арасындағы өзара әрекеттерінің мақсаты мен мазмұнынан туындайтын қатынастарды орнатып дамытуды, өзара түсінушілік пен әрекеттестікті ұйымдастырудың күрделі процесін атайды. Педагогикалық қарым-қатынаста педагог жетекші рөль атқарады, себебі ол баламен болатын қарым-қатынасты ұйымдастыру үшін алдын ада көптеген педагогикалық міндеттерді анықтайды, сол міндеттерді шешудің тиімді жолдарьн іздестіреді. Қарым-қатынасқа байланысты қойылатын міндеттер коммуникативтік міндеттер деп аталады. Дарынды оқушыларды іріктеп, олармен мынадай жұмыс түрлері жүргізіледі
Мұғалім ғылыми-зерттеу барысында баламен төмендегідей жұмыс атқарады
1. Баланың қызығушылығына әрі табиғатына қарай ғылыми жұмысқа баулу;
2. Пәндік олимпиадалық жұмыстарға дайындау;
3. Қазіргі кезде жақсы дамып келе жатқан дебаттарға, пікір – сайыс яғни интеллектуальды ойындарға,ғылыми жобалар байқауына дайындау;
4. Мектептің ғылыми қоғамындағы үйірме жұмыстарын ұйымдастыру. Тәрбие жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру.
Оқу жылының басында мұғалімдердің есеп шоттары түзетіліп, мектеп курсы бойынша білім деңгейін анықтау мақсатында оқушылардың жеке істері сарапталып, сабақтар мен кеңестер кестесі жасалды. Бұл бағыттағы жұмыстың тиімді түрлерінің бірі мұғалімдермен БМЖ болып табылады. Жұмыс жоспары бойынша 7 отырыс өткізілді. Заманауи сабақтың әдістемесі, ВУК, жұмыс нәтижелері, емтихандарды талдау, міндетті құжаттамамен жұмыс жасау мәселелері қаралды, сертификаттар тыңдалды, нұсқаулық-әдістемелік ұсыныстар берілді, тәжірибелерімен бөлісті.
1. Жалпы оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру жоспарға сай ұйымдастырады
2. Сабақтардың тұрақты кестесі қажетті талаптарды сақтай отырып, белгіленген мерзімде жасалады.
3. АӘК-ке қажетті және маңызды сұрақтар ұсынылады
Мұғалім жұмысының сәттілігі көбінесе оның жеке басына, мінезіне, оқушымен қарым-қатынасына, оның шеберлігіне байланысты болады. Шебер мұғалімдер оқушының іс-әрекетінен туындаған реакцияға үнемі назар аударады. Мұғалімдердің шеберлігінен, сабақ түсіндіруінен, студентке әсер етуінен оқу кезінде білім алу қуанышын сезініп, жақсы оқи алатынына көз жеткізеді. Мұндай мұғалімдерде оқыту және тәрбиелеу әдістері мұғалімнің жеке басының бағдарламаланған қасиеттерін жүзеге асырудың құралы, студенттерге бағыттаушы болады. Мұғалім өзінің оқушысына тек өзі білетін нәрсені бере алады. Сондықтан педагогикалық шеберлікті мұғалімнің жеке басының белгілі бір қасиеттерінің жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Бұл оның психологиялық-педагогикалық дайындығының жоғары деңгейімен оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамытудың педагогикалық міндеттерін оңтайлы шешу қабілетімен анықталады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет