Ситуациялық есептер



Дата07.02.2022
өлшемі14,18 Kb.
#86685
түріТопик
Байланысты:
1 сит есеп Жанадил Е


Ситуациялық есептер:
1.
Науқас аяқ салдануымен және зәрдің тежелуі себебінен стационарға жеткізілген. Науқасты көрген кезде табылды: кіндік деңгейінде және аяқта сезімталдықтың барлық түрінің толық жойылуы. Аяқ бұлшықетінің тонусы жоғарылаған.Тізе және ахиллов рефлекстері жоғары, табан клонусы екі жақты. Патологиялық экстензорлы рефлекстерекі аяқта да бірдей шақырылады.
1. Сезімталдықтың бұзылу типін анықтаңыз.
2. Топикалық диагнозды қойыңыз.
шашыранды склероз

2


Военкоматта жасөспірімдерді жалпылай тексеру процесінде науқаста беттің ассимметриясы, дизрафиялық белгілердің болуы, кеуде омыртқасының мардымсыз сколиозы анықталған.Сезімталдықты тексеру кезінде анықталды: оң иық кеудесінің жартысында,оң қолында, иық алды аймағында,шүйде аймағының оң жақ бөлігінде ауырсыну және температуралық сезімталдықтың едәуір төмендеуі. Тактильды сезімталдық, кинестетикалық сезім шамамен сақталған.
1. Сезімталдықтың бұзылу типін атаңыз.
2. Топикалық диагнозды қойыңыз.
жұлынның жартылай көлденең зақымдануы
3.
Науқас жүрісінің қиындауына,аяқтарын басқанда ауырсыну сезіміне шағымданған.Қараңғыда және көзін жұмған уақытта жүрісі мүмкін болмайды.Объективті тексеру кезінде анықталған:балтыр-табан буынында және аяқ саусақтарындағы бұлшықет-буын сезімі, жамбас-сан және тізе буынында сезімталдық төмендеген, қабырға доғасы деңгейінде вибрациялық сезімталдығы жойылған.Беткей сезімталдық зардап шекпеген.Ромберг позасында көзі ашық қалпында тепе-теңдік сақталады,көз жабылған кезде құлайды.
1. Сезімталдық бұзылыстарының типін анықтаңыз.
2. Жүйке жүйесінің қандай патологияларында бұл симптомдар кездеседі?
3. Топикалық диагноз қойыңыз.
жұлындық артқы бағандық синдром

4.


Науқас ишемиялық инсультпен стационарға жеткізілді.Науқасты тексеру кезде анықталған:оң аяқ-қолының терең рефлекстерінің және бұлшықет тонусының жоғарылауымен бірге салдануы, бұлшықет трофикасы сақталған, оң жақ табанында Бабинский симптомы шақырылады,оң жақ аяқ-қолында сезімталдықтың барлық түрінің толық жойылуы.
1. Сезімталдық бұзылыстарының типін анықтаңыз.
2. Топикалық диагноз қойыңыз.
Сол жақтан спастикалық гемипарез

5.


Науқас оң жақ бел аймағындағы ауырсынуға,ауырсынудың оң аяқтың артқы жағына және оң жамбасқа берілуіне шағымданған.Жүру кезінде оң аяқтың жүрісі аяқ ұшына тіреледі. Объективті тексеру мәліметтері:Гара нүктесінде және Валле нүктесін оң жақты басқан кезде бірден ауырсыну байқалады: басты бірден бұрғанда белде ауырсыну күшейеді. Симптом: Ласега 450 .бұрышында оң жақты оң нәтижелі. Оң балтырдың алдыңғы-сыртқы беткейінде ауырсыну және температуралық сезімталдықтың төмендеуі байқалған.Біз тәрізді бұлшықет оң жақты төмендеген. Оң жақты ахиллов рефлексі жойылған.
1. Сезімталдық бұзылыстарының типін анықтаңыз.
2. Топикалық диагноз қойыңыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет