Ситуациялық сұрақтар



Дата21.12.2022
өлшемі16,04 Kb.
#163554
Байланысты:
Ситуациялық сұрақтар


Ситуациялық сұрақтар

Ата - аналар үстел үстінен үлестірмелі қағаздарды бөліп алып, сұрақтарға жауап береді.

1. Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз?

2. Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер, Мысалы: түн неге қараңғы, күн қайда кетті, ұшақ қалай ұшады,..... деген сияқты таусылмайтын сауалдар көп. Сіздің балаңыз да сондай сауалдарды көп қоятын болса, жауап беруге тырысасыз ба, әлде елеусіз қалдырасыз ба?

3. Сізге балабақшадағы тәрбиешіден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылады. Тағы көрші ата - аналардан да «Біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келеді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?

4. Кейбір ата - аналардың баласының әрбір іс - әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың», - деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?

5. Балаңыздың тәртібі жайлы білгіңіз келіп, балабақшаға келіп тұрасыз. Тәрбиешісі сізді қатулы қабақ, ашулы күймен қарсы алды. Сіздің әрекетіңіз?

6. Балаңыз қандайда бір теріс іс - әрекеттер көрсетсе, сіз қандай шара қолданасыз?

Сауалнама: "Сіз қандай ата - анасыз?"


1. Кез келген ісіңізді тастай салып баламен айналыса аласыз ба?
2. Балалардың жасына қарамай, онымен ақылдаса аласыз ба?
3. Балаңызбен қарым - қатынас барысында жасаған қателеріңізді мойындайсыз ба?
4. Өзіңіздің қателігіңіз үшін балаңыздан кешірім сұрайсыз ба?
5. Балаңыз жасаған іс ашуландырған кезде өзіңізді ұстап, ашуды жеңе аласыз ба?
6. Балаңыздың орнына өзіңізді қоя аласыз ба?
7. Бір сәтте сізге мейірімді адам деп сенуге бола ма?
8. Өзіңіздің басыңыздан өткен балалық шағыңыздан ескерілетін жағдай айтасыз ба?
9. Балаңыздың жүрегін жарақаттайтын сөздерді, сөйлем тіркестерін атамауға тырысасыз ба?
10. Балаңызға уәде беріп, жақсы мінез - құлқын ескере отырып уәдеңізді орындайсыз ба?
11. Балаға қалаған ісін жасауға, өзін ұстауға кедергі жасамай бір күн еркіндік, бересіз бе?
12. Басқа бала сіздің балаңызға дөрекілік көрсетсе, себепсіз ренжітсе, көңіл аудармайысыз ба?
13. Балаңыздың көз жасы, дөрекі еркелеуі екенін білесіз, соған қарсы тұра аласыз ба?

Жауабы:
1. Әрқашан жасаймын, келісемін – 3 балл
2. Кейде ғана келісемін – 2 балл
3. Келіспеймін - 1 балл

Сауалнаманы бағалау өлшемдері:
0 - 16. Бала тәрбиесі – сіз үшін үлкен проблема. Бала тұлғасын дұрыс қалыптастыру үшін педагог немесе психолог мамандардың көмегіне сүйеніңіз.
16 - 30. Балаға қамқорлық жасау – бірінші кезектегі маңызды іс. Сіздің бойыңызға тәрбиешілік қабілет бар, бірақ тәжірибеде әрқашан бір қалыпты бір бағыттағы мақсатпен әрекет етесіз. Кейде қатал, кейде мүлдем жұмсақсыз. Сізге жауапкершілікпен ойлану керек.
30 - 39. Бала сіздің өміріңіз үшін ең құнды болғаны. Сіз балаңызды тек түсініп қана қоймай, әрі ойын тануға, сыйлы көзбен қарауға тырысасыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет