Соғып алу және сыдырып алу. Жарлар



Дата05.05.2020
өлшемі14.06 Kb.

Соғып алу және сыдырып алу. Жарлар.

Кішкентай балалар өте-мөте жүріп-тұрғыш және әуесқой, сонымен бірге абайсыз, тәжірибесіз және қорғансыз келеді.Олар жиі жығылады, өткір және кескіш затарды қолына ұстай алып, үлкендер тарапынан жеткілікті бақылау жасалмағанда өзін зақымдандырады.



Соғып алу және сыдырып алу. Бұл-жығылып қалғанда, қатты затқа соғылғанда, ойыншықтармен ұқыпсыз ойнағанда және тағыда басқаларында пайда болтын зақымданудың ең жиі ұшырасатын түрі. Басты және аяқ қолды соғып алушылық жиі болады.

Соғып алынған жерде аздап ісік шыға келеді немесе тері зақымданып қалады(Сыдырып алу ).Кейде қан тамыры жолдарының зақымдануынан терінің терең астынан қан шауып, жұмсақ ісік-гемота пайда болады. Әдетте ол басты соңып алғанда білініп, мидың шайқалуын аңғартуы ықтимал: онда бала кенет бозарып қалады, құсады, есінен айырылыды.

Баланың миы шайқалғаны жөнінде күдік туса онда ол дереу емдеу мекемесіне жөнелтіледі.

Көп жағдайда соғып алушылық, сыдырып алушылық арнайы емдеуді тілемейді. Бірінші жәрдем соғып алынған жерге 5-7 минут бойы суық компресс тарту болып табылады. Сыдырып алынған, сонан соң әсіресе топырақпен ластанған жерлер марганец қышқылы калийдің жеңіл ерітіндісімен немесе сабындап қайнаған жылы сумен, оттегі қышқылымен мұқият түрде жуылады. Бұдан соң зақымданған үстіңгі қабат 3% иод настойкасымен немесе бриллиантты жасылдың сипрт езіндісімен ұқыпты түрде өңделеді (майланады) және оған ақ стрептоцид парашогі себіледі. Сыдырып алынған жер кішкене болса онда ол тұмшыланбайды, ал кең көлемде 5-7 күн бойына дәріленіп тазаланған құрғақ марлі .

Сыдырып алушылық кезіндегі басты қауіп ірнді микробтардың түсіп кетуінен, сөйтіп ірінді немесе айналадағы ткандардың қабыну процесінен: лимфадениттен, абсцесстен,флегмонадан сақтану болып табылады.Сондықтан сыдырып алушылықтың қандай да бір жеке жағдайларының өзінде жоғарыда айтылған кеңестерді қатаң түде сақтау қажет.

Жарлар. Столдың немесе төсектің ернеуіне қатты соғылғанда,сол сияқты өткір заттармен (темір,шыны сынықтармен, сым темірмен және тағы басқалармен) ойнап жүргенде терінің сырты зақымданып, жара түседі. Кішене балаларда ауыздың ішкі жұмсақ қабыршықтарының жарақаттануы жиі кездеседі, бұл аузына тістеген заттармен, айталық, қарандашпен, жалуша таяшасымен құлаған кезде пайда болады. Сол сияқты есікке қысып алудан саусақтар да жиі зақымданады.

Жаралаған кездегі алғашқы жәрдемнің мақсаты – қан кетуіне жол бермеу және ифекцияның алдын алу.

Бас жараланғанда және саусақтарға терең жара түкенде одан айтарлықтай күшті қан атқылауы мүмкін. Жарасынан қан шығып жатқан баланы көгенде тәрбиеші-сестра абыржып, босқа дүлікпеуі керек. Мұндайда нық әрі іскер қимыл көрсеткен абзал. Жараланған жерді көргеннен кейін оның айналасын марганец қышқылы калийі мен немесе қайнатылған жылы сумен жуып, 3% йод настойкасымен өңдеу қажет. Бұдан соң жараға ақ стрептоцид порошогін сеуіп, дәріленіп тазаланған марлімен сәл қысып бүркей таңып тастайды.



Жараға және оған тигізіле таңылған марліге қол тигізуге болмайды!

Егер қолда дәріленіп тазаланған материал немесе жеке бастың пакеті болма-са, онда жараны таза мата қиындысымен (жаялықтың, простыняның қиындысымен, қол орамалмен) таңуға рұқсат етіледі. Кішкентай жарашақты жабысатын пластырь қиығымен жапсырып қоюға болады. Қолдың жарасы-нан қатты қан аққанда, оны жарадан жоғары тұстан біржарым-екі сағат бай-лап тастайды. Ауыздың езулеріндегі жарадан шыққан қанды дәріленіп тазаланған марлі салфеткасын саусаққа орап алып, онымен 3-4 минут қысып басу арқылы тоқтатады.



Алғашқы жәрдем жасалғаннан кейін бала одан әрі емдеу үшін жарасып тігіп, сіреспе ауруына қарсы егу үшін ол емдеу мекемесіне жіберіледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет