СөЖ №1 Пән: Мамандыққа кіріспе



Дата24.02.2022
өлшемі17,9 Kb.
#133045
Байланысты:
маманы (3)
UT 2

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Университеті Коммерциялық Емес Акционерлік Қоғамы
Инженерлік-технологиялық факультеті
«Жылу энергетика және техникалық физика» кафедрасы

СӨЖ №1
Пән: Мамандыққа кіріспе

Дайындаған:Джолдас А.С
Тексерген: Алдажуманов
Ж.К.
Тобы: ТФ-101

Семей, 2022


Мазмұны


Кіріспе
1. ЖОО дегеніміз не?
Негізгі бөлім
2. Жоғарғы оқу орнының құрылымы
2.1 Университет, факультет, деканат, кафедра.
3. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетің тарихы,дәстүрлері.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе


Жоғары оқу орындары – экономиканың, ғылым мен мәдениеттің түрлі салалары үшін жоғары білімді мамандар, ғыл. және педагог мамандар даярлайтын, жоғары білімді мамандар даярлау ісін жетілдіруге бағытталған ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, мәдениет, т.б. салаларда еңбек ететін мамандардың біліктілігін жетілдіретін оқу орындары. Жоғары оқу орындарына академиялар, университеттер, институттар, т.б. жатады. Сонымен қатар бұлардан тыс түрлі әскери, діни, т.б. Жоғары оқу орындары да бар.

Негізгі бөлім



2. Жоғарғы оқу орны – ғылыми бағыттағы оқу мекемесі. Жоғарғы оқу орны екіге бөлінеді:мемлекеттік және жеке меншік.
2.1 Факультет - бiр немесе бiрнеше ұқсас мамандықтар бойынша студенттер және аспиранттар дайындайтын, экономиканың, бiлiмнiң және мәдениеттiң тиiстi саласында басшы, инженер-техникалық және педагогикалық қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыратын және де кафедралардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына басшылық ететiн жоғары оқу орынының оқу-ғылыми және әкiмшiлiк бөлiгi. Факультеттi - ең беделдi, тәжiрибесi мол ғылыми дәрежесi не деңгейi бар мамандардан Ғылыми кеңесте 5 жылға сайланған - декан басқарады. Жекелеген жағдайларда деканды 1 жылдан артық емес мерзiмге одан әрi сайлану тәртiбi мен өзара келiсiм шарт жасау арқылы қызметке алуға болады. Факультет деканының қызметi екi реттiк мерзiммен шектеледi.
Кафедра - студенттер арасында тәрбие жұмысын, бiр немесе бiрнеше ұқсас пәндер бойынша ғылыми-зерттеу, әдiстемелiк, оқу жұмыстарын, сонымен қатар ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау және олардың бiлiктiлiгiн көтерудi жүзеге асыратын жоғары оқу орнының негiзгi оқу-ғылыми құрылымдық бөлiгi болып табылады. Кафедраны, әдетте, профессор немесе ғылым докторы деген атағы бар, ЖОО (факультет) Ғылыми кеңесi 5 жылға сайланған кафедра меңгерушiсi басқарады. Кафедра туралы типтiк Ереженi Бiлiм министрлiгi дайындайды. Факультеттер мен құрылымдық бөлiмшелер туралы Ережелердi ЖОО өздерi дайындап бекiтедi.
Ректор- мемлекеттiк жоғары оқу орны филиалының басшысы.Проректор, факультет деканы және кафедра меңгерушiсi қызметтерiн 65 жасқа дейiнгi адамдар атқарады. Көрсетiлген жастан асқан басшы қызметкерлер бiлiктiлiгiне сай келiсiм бойынша оқу, ғылыми және басқа қызметке ауыстырылады немесе белгiленген тәртiп бойынша зейнетке шығады. Ректорға, проректорға, ерiктi деканға жоғары оқу орыны филиалының, институт директорларына өзiнiң қызметiмен қатар жоғары оқу орынынан тысқары немесе iшiндегi (ғылыми және ғылыми-әдiстемелiк басшылықтан басқа) басқару қызметiн атқаруға рұқсат етiлмейдi. Ректор, проректор, директор, ерiктi декан, кафедра меңгерушiсi өзiнiң мiндетiн қосымша қызмет есебiнде атқара алмайды, өкiлеттi органдардың депутаты және жергiлiктi басқару органдарының мүшесi бола алмайды, кәсiпкерлiк жұмыспен айналыса алмайды, оның iшiнде шаруашылық субъектiлерiнiң ұйымдастыру-құқықтық түрлерiне қарамай оларды басқаруға қатыса алмайды.
Мемлекеттiк жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамында: кафедра меңгерушiсi, профессор, доцент, аға оқытушы, оқытушы, ассистент, оқытушы-стажер; ғылыми құрамда: бас ғылыми қызметкер ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, кiшi ғылыми қызметкер қызметтерi қарастырылады. Профессор-оқытушылар және ғылыми құрамның, оқу ғылыми бөлiмдерiнiң басшыларының орынын толтыру конкурс, келiсiм-шарт және еңбек шарты арқылы жүзеге асады. Оқытушылық лауазымға қабылдау немесе босату Бiлiм министрлiгi бекiткен "Жоғары оқу орындарында профессор-оқытушылар құрамын жұмысқа қабылдау және босату тәртiбi туралы Ереже" арқылы жүзеге асады. Жоғары оқу орынының оқытушылары Қазақстан Республикасы заңдары белгiлеген тәртiппен 6 сағаттық нормасыз жұмыс күнiн және ұзартылған, ақы төленетiн демалысты пайдалануға құқылы. ЖОО-ы профессор-оқытушылар құрамына, олардың бiлiктiлiгi мен қызмет ерекшелiгiне байланысты, өз бетiмен, оқу жүктемесiн белгiлейдi. Оқу жүктемесiнiң мөлшерi бiр ставка көлемiнде заңда белгiленген өлшемнен аспауы тиiс.
Доцент,профессор-тиісті жоғары оқу орны беретін академиялық атақтар.Жоғары оқу орнының немесе ғылыми ұйымының өтініші бойынша білім беру саласындағы уәкілетті орган беретін ғылыми атақтар;
3. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті Семей өңірінің өзге жоғары оқу орындарынан сапалық жағынан ерекшеленіп тұрады, өйткені ол көпсалалы классикалық еуропалық университет үлгісіндегі оқу орны болып табылады. 1995 жылы зоотехникалық-мал дәрігерлік, технологиялық және қаржы институттары негізінде құрылған Шәкәрім атындағы СМУ Қазақстанның Солтүстік-Шығыс өңіріндегі мәдени, оқу-әдістемелік және ғылыми орталық бола келе, жоғары мектеп дәстүрлерін сақтай және молайта алды. Оқу орнында жаратылыстану, әлеуметтік-гуманитарлық, техникалық, ауыл шаруашылық ғылымдары, ветеринария, бизнес және құқық салаларына ең қажет етілетін мамандықтарының кең ауқымы бойынша мамандар даярланады, оның ішінде бакалавриаттың 45 мамандығы, жоғары арнаулы білім берудің 2 мамандығы, магистратураның 23 мамандығы, аспирантураның 7 мамандығы және 2 докторантураның мамандығы бойынша даярлау жүргізіледі. Жоғары оқу орнын басқару жүйесін жетілдіру үшін университетте Сапа менеджменті жүйесі (СМЖ) енгізілді, сертификаттаудан өтті және табысты қолданылып келеді, ол швейцариялық «SGS Іпternational Certifcation Services»» компаниясы жүргізген ISO 9001-2000 халықаралық стандартының талаптарына сәйкестігіне екі мәрте тексеруден өтті. Университетте білім беру қызметі сапасын бақылау бойынша жұмыс жүргізіледі. Және де ішкі бағалау да, сыртқы бағалау да қолданылады. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық аккредиттеу орталығы жүргізген Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының білім беру қызметін бағалау нәтижелері бойынша 38 көп салалы жоғары оқу орындарының рейтингісінде Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті 6-шы орынды иеленді. Республиканың қоғамдық өмірінде ғана емес, одан тыс жерлерде де университеттің абырой-беделінің артқандығын, оның жоғары халықаралық мәртебесі, сондай-ақ университет ректорының іскерлік қабілетінің танымалдығын келесі наградалар дәлелдейді: «Жоғары сапалы іскерлігі үшін» «Қарқынды дамудағы кәсіпорын», « Жаһандық сапаны өрлеткені үшін алтын сертификаты » (Швейцария, Женева қ.), «Үздік басқару жүйесі», «ХХІ ғасырдағы білім және ғылым» (Қазақстан, Астана қаласы). «Ұлттық экономика көшбасшысы - 2007» Құрмет белгісі (Ресей, Мәскеу). Университет АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Жапония, Қытай, Түркия, Венгрия, Словения, Польша, Ресей, Беларус Республикасы, Украина, Балтық елдері, Қырғыздың жоғары оқу орындарымен халықаралық ынтымақтастықты іске асырады. Біздің студенттеріміз «Болашақ» желісі бойынша әлемнің түрлі елдерінде (АҚШ, Германия, Қытай, Чехия, Түркия, Ресей) оқуларын жалғастыруда. Алғашқыдан техникалық бейінді институттар негізінде құрылған Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті қазірде де ғылым мен білімді дамытудың бағытына сәйкес келетін осы бағытты дамыту үстінде. Оқытудың кредиттік жүйесін енгізу меңгеруге арналған курстарды таңдауды үйлестіруге, білім алушылардың өз бетімен жұмысының ұйымдастырылуын жетілдіруге, оқытудың интерактивті әдістерін пайдалануға, профессорлық-оқытушылық құрамның біліктілігін ұдайы арттыруға және түптеп келгенде, мамандар даярлау сапасын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді, ол өз кезегінде университет студенттеріне «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасы бойынша оқуға қатысуға мүмкіндік туғызады. Университетте студенттердің шығармашылық қабілеттерін жүзеге асыруы үшін барлық жағдайлар жасалған:Қазақстан халқы студенттік Ассамблеясы, ақындар клубы, дебат клубы, КТК, сән студиясы, ШҚО-ның жастар қоғамдық бірлестігі, студенттік құрылыс жасағы, «Жасыл ел» жасағы, Қазақстан студенттері Альянсы құрылған1965 жылы Қазақ технологиялық институтының азық-түлiк факультетiнiң базасында жеңiл және тамақ өнеркәсiбiнiң Жамбыл технологиялық институтының Семей филиалы ұйымдастырылды. Бiрiншi жылдардан бастап филиал ет және сүт өнеркәсiбiнiң инженер-технолог мамандарын дайындай бастады. Егер 1965 жылы түлектер саны 31 адам болса, онда дәл қазiргі уақытта жыл сайын 300 адамнан астамды құрайды. Филиалда технологиялық және механикалық екi факультет болды. Оқу формасы 3 түрде болды: күндiзгi, кешкi және сырттай. Мамандар дайындау келесi мамандықтар бойынша жүзеге асты:
0517 – Тамақ өндірісінің машиналары және аппараттары
1718 – Азық-түлiк өнеркәсiбi тауарларын ұйымдастыру және экономикасы
1009 – Ет және ет өнiмдерi технологиясы
1017 – Сүт және сүт өнімдері технологиясы
Филиалдың профессор-оқытушы құрамы 128 адамды құрады, оның iшiнде 1 техника ғылымдарының докторы, профессор, 39 техника ғылымдарының кандидаттары. Филиал бірдей бағыттағы ЖОО-мен достық қатынаста болды . Ленинград тоңазыту өндірісі институты және Мәскеу ет және сүт өнеркәсiбi технологиялық институтымен творчестволық достастық жоспарына қол қойылған.Факультетте негізгі дайындықтан басқа шет тілдеріне, компьютерлік және экономикалық дайындыққа, сондай-ақ тәжрибелік жұмыстарға дайындауға көп көңіл бөлінуде. Студенттерді жан-жақты дайындау, оларды ұйымдастыруда және техниклық-экономикалық басқаруда тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда Шәкәрiм атындағы Семей мемлекеттiк университетiнiң инженерлік-технологиялык факультеті Қазақстандағы және Орта Азиядағы ауылшаруашылық өнiмдерін өңдейтiн өндiрiске мамандар даярлайды. Бұл факультетте барлық мамандықтар бойынша мемлекеттiк лицензиялар бар, сонымен қатар факультет аттестаттау мен аккредиттаудан өткен. Кейбір мамандықтар бойынша мамандар Қазақстанның 2-3 жоғары оқу орындарында ғана даярланады, соның бірі Шәкәрiм атындағы Семей мемлекеттiк университетiнiң инженерлік-технологиялык факультеті. Факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамының шамамен 60 пайызы ғылыми дәрежелерi мен атақтары бар оқытушылар. Олардың басым көпшілігі Қазақстан, жақын және алыс шетел қалаларының аспирантура мен доктарантураларының түлектері. Факультетте жоғарғы оқу мен жоғарғы оқудан кейінгі барлық білім беру түрінен: бакалавриат, магистратура, аспирантура, PhD докторантура бойынша оқу-жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар инженерлік-технологиялық факультетінде Қазақстан мен Ресей ғалымдарынан тұратын диссертациялық кеңес келесідей 05.18.04 – Тоңазыту өндірісі мен ет, сүт және балық өнімдері технологиясы; 05.18.12 Тамақ өндірісі аппараттары мен процесстері; мамандықтары бойынша қызмет атқарады. Факультетте 2 ғылыми орталық жұмыс істейді: ет және сүт өнеркәсібі мен химия-экологиялық мәселелерінің ғылыми –зерттеу институты. Факультет Томск политехникалық университетiмен; Томск ядролық физика ғылыми-зерттеу институтымен; Қазақстан республиканың ұлттық ядролық орталығымен; Мәскеу технологиялық тамақ академиясымен; Кемерово тамақ өндірістік технологиялық институты; Омбы мемлекеттiк аграрлық университетiмен; Новосiбiр мемлекеттiк техникалық университетімен; Сiбiр сырбөлу ғылыми-зерттеу институтымен; Ползунов атындағы Алтай мемлекеттiк техникалық университетiмен; Мәскеу Мемлекеттiк қолданбалы биотехнологияның университетiмен; тығыз қарым қатынаста. Инженерлiк -технологиялық факультетінiң студенттiк өмiрiнiң орталығы Қазақстан студенттерiнiң Альянсы, старосталардың кеңесi және кіші деканат болып табылады.Жоғары базалық білім беру (бакалавр дәрежесіне 4 жыл оқыту) және жоғары ғылыми-кәсіптік білім беру (магистр дәрежесіне 1-2 жыл оқыту) үщін күндізгі және сырттай оқу бөлімдеріне төмендегі мамандықтар бойынша студенттер қабылдайды.
Бакалавриаттан кейін магистратурада тереңдетіліп оқыту жүргізіледі. Магистратураны үздік бітірген мамандар университет PhD докторантурасында оқуды жалғастырып, оны аяқтағаннан кейін профильдік дайындығы бойынша ғылым докторы дәрежесіне ие болады. Бакалавриаттың, магистратураның және PhD докторантураның дарынды студенттеріне шетелдік серіктес университеттерде оқуды жалғастыруына мүмкіндік беріледі.Шәкәрім атындағы СМУ-нің түлектеріне жұмысқа орналасу мәселесі қиындық туғызбайды.
Кафедра 1984 жылы Семей ет және сүт өнеркәсібінің технологиялық институтында «Тоңазытқыш-компрессорлы машиналар мен құрылғылар» атымен құрылған. Кафедраның алғашқы меңгерушісі болып т.ғ.к., доцент Холдин Н.В. тағайындалады. 1996 жылы Семей мемлекеттік университеті құрылғаннан кейін кафедра «Төменгі температуралар техникасы мен физикасы және технологиялық процестерді автоматтандыру» деп атанады, ол мерзімде кафедра меңгерушісі т.ғ.к., доцент Асамбаев А.Ж. болатын. 2004 жылы, мамандықтардың жаңа классификаторларын енгізуге байланысты, кафедра «Техникалық физика» деген жаңа атқа ие болды, сол мерзімде кафедраның меңгерушісі Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығының (ҚР ҰЯО) бас директорының бірінші орынбасары, ф.-м.ғ.д. Жотабаев Ж.Р болды. 2008 жылы кафедраның аты «Техникалық физика және жылуэнергетика» болып өзгертілді.ҚР ҰЯО (Курчатов қ.) кафедра филиалы жұмыс істейді. Мұнда «Техникалық физика» мамандығы бойынша арнайы пән сабақтары, іс-тәжірибенің барлық түрлері мен дипломдық жобалау өткізіледі.

Қорытынды:

Өз жұмысымды қорыта келе университеттегі білім беру мақсаттары туралы айта кетуді жөн көрдім. Ортақ білімділікке негізгі талаптар, түлектің, мазмұны және көлемі бойынша мемлекеттік білім стандарттарының критерилері мен бағалануына, білім деңгейімен, білуімен, дағдылар және құзырлармен бекітілген толық және сапалы мамандыққа сай білім алу болып келеді.
6М072300 « Техникалық физика » мамандығының білім беру бағдарламасын жүзеге асыру кезінде факультет және шығарушы кафедра коллективі бітірушілерге өз бетімен алдына мақсат қоя білу және ғылыми зерттеуді жобалауға, сонымен қатар жоғарғы оқу орындарындағы педогогикалық және оқу-әдістемелік жұмыстың негіздерін үйретуді өз алдына міндет қояды. Білім беру бағдарламаның негізгі мақсаттары белгілі бағыттағы маманды дайындаудың білім деңгейіне және мазмұнына қойылатын талаптарында болып келеді.

1-мақсат.


Магистратура түлегі гуманитарлық мәдениетпен, қоршаған ортаға, қоғамға және адамға қатынасты этикалық және құқықтық нормалармен, қоғамның социалды-экономикалық даму заңдарының негізіндегі ойлау мәдениетімен иеленуі керек.

2-мақсат.


Магистратура түлегі ғылыми зерттеулерді өткізудің әдістерімен және есептелуімен, өткізілетін зертеулер мен жобалардың техникалық-экономикалық тиімділікті анықтау және жоғарғы мектептегі педагогикалық және оқу-әдістемелік жұмыстарына үйренуі тиіс.

3-мақсат.


Магистратура түлегі міндетті: өз пән аймағындағы біліммен профессионалды иелену, жылуэнергеикадағы ғылыми, жобалық және техникалық есептерді шешу үшін математикалық аппаратты және бағдарлау әдістерін білу;
# алынған нәтижелерді өңдеу бойынша білім жүйесіне ие болу;
# өз пән аймағында жобалық, эксплуатациялық-зерттеулік есептерді білікті қою және шешу үшін қажетті білім көлемімен, білумен, дағды және құзырлармен қажетті көлемде иелену.
4-мақсат.
Қазіргі шарттарда магистр профессионалды мүмкіндіктері глобалды интернационалды еңбек нарығындағы талаптарына жауап беру керек. Магистр социалды, экономикалық, профессионалды рөлдердің өзгерісіне дайын болу керек, өзгерiс және екiұштылықтардың динамикалық өсу жағдайында географиялық және социалды жылжымалы болу керек.

5-мақсат.


Түлек кәсіби, мәдениет аралық, коммуникативті құзырларының кешендерін иеленуі үшін осы мемлекеттік стандартпен бекітілген жалпы білім беру пәндерін (ЖБП) базалық пәндер (БП) және (ПП) профильдік пәндер жиынтығының білімдерін сайлап алынған оқу траекториясы бойынша толық көлемде игеруі қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



1. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі. Ресми сайт. -
URL: http://www.edu.gov.kz/
2. Қазақстан Республикасының Заңы 27 шілде 2007 жылдан бастап № 319-III
3. Қазақстан республикасының еңбек және мемлекеттік қорғау министрлігі.
Ресми сайт. - URL: http://www.enbek.gov.kz/
4. Википедия. энциклопедия. - URL:http://kk.wikipedia.org
5. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті.Ресми сайт

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет