СөЖ №8 Тақырыбы: Әлемде трансгенді өсімдіктерді қолдану тиімділігі Мақсаты



Дата07.02.2022
өлшемі18,3 Kb.
#84512
Байланысты:
СӨЖ №8.Әлемде трансгенді өсімдіктерді қолдану тиімділігі
СӨЖ №8.Әлемде трансгенді өсімдіктерді қолдану тиімділігі, №14 Тақырып.Сыра және солод өндіру технологиясы(сыраның органолептикалық көрсеткіштерін анықтау), Есеп, ҚМЖ 2-сынып дүниетану (1)-1-1-1

СӨЖ №8
Тақырыбы: Әлемде трансгенді өсімдіктерді қолдану тиімділігі
Мақсаты: Трансгенді өсімдіктерді қолдану тиімділігімен таныс болу
Негізгі сұрақтар:
1.Трансгенді өнімдерді алу әдістері
2. Трансгенді өнімдерді табиғи өнімдерден ажырату
3. Гендік модификация арқылы алынған өнімдердің денсаулыққа әсері
Трансгенді өсімдіктер деп басқа түрге жататын өсімдіктің немесе жануардың трансплантацияланған гені сәтті қызмет атқарып тұрған өсімдіктерді атайды. Бұл реципиент өсімдік адам үшін қолайлы қасиеттерге ие болуы үшін,түрлі вирустар мен ауруларға,сыртқы ортаның қолайсыз факторларына төзімді болуы үшін жасалады. Гендік өзгертілген дақылдардан алынған өнімдердің татымдылық сапасы жақсы,әрі ұзақ сақталатын,өнімді мол беретін қасиеттерімен ерекшеленеді.
Өсімдік геномына бөтен генді енгізудің бірнеше әдістері бар:
Әдіс №1. Табиғатта өз ДНҚ сының бөлігін өсімдікке енгізе алатын Agrobacterium tumefaciens бактериялары кездеседі. Бұл бактериялар енген соң өсімдіктің зақымдалған жасушалары тез бөліне бастайды да одан ісік пайда болады.Алдымен ғалымдар бұл бактерияның ісік тудырмайтын,бірақ өз ДНҚ сын басқа жасушаға енгізу қабілетінен айрылмаған штаммдарын алды.Одан кейін қажетті генді алдымен клондап алып, осы бактерияны өсімдікке жұқтырды.Зақымдалған өсімдік жасушасы қажетті қасиеттерге ие болды.
Әдіс №2. Қалың жасуша қабықшасын бұза алатын реагенттермен өңделген жасушаларды ДНҚ және ДНҚ ның жасушаға енуіне жағдай туғызатын заттар бар ерітіндіге салады. Осыдан кейін сол жасушалардан тұтас өсімдікті өсіреді.
Әдіс №3. Өсімдік жасушаларын арнайы,өте кішкентай,құрамында ДНҚ сы бар вольфрам оқтармен атқылау арқылы трансгенді өсімдік алады. Бұл оқ өсімдік жасушаларына дұрыс тиген жағдайда генетикалық ақпарат өсімдік жасушасына беріліп,өсімдік жаңа қасиеттерге ие болады.
Сонымен, трансгенді өсімдікті алудағы басты міндеттердің бірі бөтен ДНҚ-дан қажетті генді бөліп алып, өсімдіктің ДНҚ - сына енгізу болып табылады. Бұл үрдіс өте күрделі әрі қиын.
Трансгенді өсімдік алуда ең көп қолданылатыны әрі ең тиімдісі №1 әдіс болып табылады. Бірақ, бұл әдіс кейде жүзеге аспай қалуы мүмкін. Өйткені агробактерия бидай,жүгері,күріш тәрізді дақылдарды зақымдай алмайды.Ондай жағдайда жоғарыда айтылған әдістердің бірі қолданылады.
Трансгенді өнімдерді табиғи өнімдерден қалай ажыратамыз?
Өнімде өзгерген ген барын тек зертханаларда күрделі зерттеулер нәтижесінде ғана білуге болады. Кең таралған пікірлерге сүйенетін болсақ, алма немесе помидор ұзақ уақыт сақталса және жемісінің түсі ашық бояулы болса,ондай жемістерде міндетті түрде бөтен ДНҚ болуы тиіс.
Өнімде ГМО бар немесе жоқ екенін білу үшін алдымен оның маркіленуіне назар аудару қажет.Өнімнің орамасындағы құрамы туралы мәліметке қарап,соя немесе жүгері негізінде даярланған өнімдерді қолданудан бас тартқан жөн, себебі,қазіргі таңда ең көп модификацияланған өсімдіктер соя мен жүгері болып табылады.
Қазіргі таңда адамзатты алаңдатып отырған дүние азық-түлік өнімдерінің гендік модификацияға ұшырауы. Әсіресе, жеңіл өнеркәсіп өнімдерін басқа тірі организмнің генімен будандастыру кең етек алып барады. Мәселен, кейбір тағамдарға сарышаянның генін, ал бидайға тышқан жоламас үшін мысықтың генін қосады. Бүгінде Ресейдің ғалымдары мұндай тағамдарға қатысты көптеген зерттеу жүргізіп, біраз дүниені анықтап жатыр. Олар жақында тәжірибе жүзінде гендік модификацияланған тағамдарды егеуқұйрықтарға берген көрінеді. Сонда әлгі гендік модификацияланған азық-түлікті пайдаланған егеуқұйрықтардың үшінші, төртінші буындары ұрпақсыз қалған. Яғни, былайша айтқанда, белсіздікке, бедеулікке ұшыраған.
Гендік модификация арқылы алынған өнімдердің денсаулыққа әсері:
- өте қауіпті аллергиялық реакциялардың пайда болуы. Мысалы: АҚШ адамдар ГМО өнімдерін еркін қолданады. Аллергиямен ауыратындар саны-70% құрайды. Ал, Швецияда-7%, бұл өнімдерді қолдануға тыйым салынған.
- Трансгенді өнімдерді пайдалану асқазанның сілемейлі қабатының құрылымын бұзады. Зат алмасу бұзылып, иммунитеттің төмендеуіне әкеледі.
- Ісік ауруларының көбеюіне себеп болады. Жасушаларды мутацияға ұшыратады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет