Сөж тақырыбы: Биоценоз



бет1/2
Дата07.02.2022
өлшемі29,6 Kb.
#95487
  1   2
Байланысты:
Биоценоз Мұхит 5 апта


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Биоценоз

Қабылдаған: Қожабекова Захида


Орындаған:Байғараев Мұхит
Тобы:С1511-10ж

Шымкент 2020ж
Биоценоз (лат. bios - өмір; koinos – ортақ) дегеніміз – белгілі бір территориядамекендейтін әртүрлі түрлер популяциясының бірлестігі. «Биоценоз» ұғымыналғаш рет 1877 ж. неміс зоологы К.Мебиус ұсынды. Биоценозды зерттейтінэкология ғылымының саласы биоценология деп аталады.
Биоценоз – ағзаданжоғары деңгейдегі жүйе. Биоценоз – бірігіп тіршілік ететін және бір-біріменбайланысқан ағзалардың топтары. Ол үш компоненттен тұрады:
1. Фитоценоз (өсімдік жамылғысы);
2. Зооценоз (жануарлар дүниесі);
3. Микробоценоз (микроағзалар).
Фитоценоз - биоценоздың негізгі компоненті, ол зооценоз бенмикробоценоздың табиғатын анықтайды.
Биоценоз алып жатырған қоршаған абиотикалық орта биотоп (лат. bios - өмір;topos - орын) деп аталады. Бір сөзбен айтқанда, биотоп – биоценоздың тіршілікмекені. Нәтижесінде биоценозбен биотоп бірлесіп – биогеоценозды құрайды.
Алғаш рет бұл терминді ғылымға 1940 жылы В.Н.Сукачев енгізді.
Түрлік құрылым дегеніміз – аталған биоценозды түзетін түрлер саны менолардың биомассасының қатынасы. Биоценоздың түрлік құрылымы түрдің алуантүрлілігімен және түрлер санының немесе олардың массасының бір-бірінеқатынасымен анықталады.
Түрдің алуан түрлілігі дегеніміз – аталған бірлестіктегі түрлер саны. Түргебай және кедей бірлестіктерді ажыратады. Кедей биоценоздар өсімдіктер менжануарларлардың ондаған және жүздеген түрлерінен, ал бай биоценоздарбірнеше мың немесе ондаған мың түрлерден тұрады. Түрдің алуан түрлілігібірлестіктің жасына (ересек бірлестіктерге қарағанда жас бірлестіктер кедей)және қоршаған орта жағдайларына (экологиялық факторларға): температура,ылғалдылық және азық қорына (шөл, биік ендік және таулы алқап биоценоздарытүрге кедей болып келеді) байланысты.
Түрдің жоғары алуан түрлілігімен бірлестіктер арасындағы өтпелі зоналар -экотондар ерекшеленеді. Экотондардағы түрдің алуан түрлілігінің өсутенденциясы шеткі эффект деп аталады.
Түрлер барлық шекаралас білестіктерден келетіндіктен, экотон түрге байболып келеді. Сонымен қатар экотонның өзіне ғана тән түрлері де болуы мүмкін.
Мысалы, тоғайдың ортасына қарағанда жиегі өсімдік жамылғысына бай құстар,бунақденелілер, т.б. көбірек ұя салады.
Бірлестіктегі түрлер:
1. Доминанты;
2. Екінші реттік (сирек кездесетін және саны аз түрлер).
Доминанттар – саны бойынша басым түрлер. Доминанттардың арасынанбүкіл бірлестіктің микроортасын (микроклиматын) анықтайтынэдификаторларды (құрылысшы) ерекше атап көрсетуге болады.
Эдификаторларсыз басқа түрлер тіршілік ете алмайды, олардың жойылуыбиоценоздың толық бұзылуына қауіп төндіреді. Әдетте эдификаторларға шырша,самырсын, қарағай, селеу өсімдіктері жатады.
Екінші реттік түрлер де биоценозда өте маңызды. Олардың санының көпболуы – бірлестіктің бірқалыпты дамуының кепілі.
Түрдің алуан түрлілігін бағалау үшін басқа да көрсеткіштер қолданады:
- Түрдің молшылығы – аталған түр дараларының қоныстанған кеңістігінемесе аудан бірлігіне шаққандағы саны;
- Доминанттау дәрежесі – аталған түр даралары санының қарастырылатынтоптың барлық дараларының жалпы санына қатынасы;
- Кездесу жиілігі - түр кездесетін санақ жүргізілетін аймақтар немесе үлгілерсанының барлық үлгілер санына пайыздық қатынасы.
Биоценоздың ішінде консорциялар деп аталатын ерекше құрылымды жүйелерболады. Консорциялар дегеніміз - өз айналасында белгілі микроорта түзе алатын,консорцияның орталық мүшесі болып табылатын қандай да болмасын белгілі біртүр дарасы ағзасының сыртында немесе ішінде мекендейтін әртүрлі ағзалардыңтобы. Консорцияның қалған мүшелері одан да кіші консорциялар құра алады,яғни І, ІІ, ІІІ, т.б. консорцияларды бөлуге болады.
Кеңістіктік құрылым дегеніміз - әртүрлі түрлердің кеңістікте горизонталдынемесе вертикалды бағытта таралуы. Оның екі түрі белгілі:
1. Ярустылық - вертикалды биоценоз құрылымы;
2. Мозаикалық - горизонталды биоценоз құрылымы.
Ярустылық қоңыржай және тропиктік белдеулердің ормандарында айқынбайқалады. Мысалы, жалпақ жапырақты ормандарда 5-6 ярусты бөлуге болады:
- ең биік ағаштар (шырша, қарағай, емен);
- екінші қатарлы ағаштар (шетен, ырғай);
- бұталы ағаштар (шие, итмұрын, тобылғы);
- биік шөптесін өсімдіктер (қымыздық, шайқурай);
– аласа шөптесін өсімдіктер.
Ярустылық өсімдіктерге күн энергиясының ағынын тиімдірек пайдалануғамүмкіндік береді: жоғарғы ярустарда жарық сүйгіш, ортаңғы ярустарда көлеңкегетөзімді, ал төменгі ярустарда көлеңке сүйгіш өсімдіктер өседі. Ярустылықшөптесін өсімдіктер бірлестіктерінде де байқалады, бірақ орман бірлестіктерінеқарағанда онша айқын емес.
Вертикалды бағытта өсімдіктер әсерінен тек температура өзгерісі емес,сонымен қатар күндіз және түнде көмірқышқыл газы бағытының өзгеруі,хемосинтездеуші бактериялардың күкіртті газдарды бөлуі, т.б. нәтижесіндеатмосфералық газ құрамының өзгеруін қоса микрорта өзгереді. Микрортаныңөзгерісі фаунаның бунақденелілер мен құстардан бастап сүтқоректілерге дейінгібелгілі бір ярустылығының қалыптасуына да әсер етеді.
Аудандық мозаикалық түрлер алуан түрлілігіне, олардың сапалы қарым-қатынасына, ландшафт және топырақ жағдайларының өзгерісіне байланыстыболады. Мозаикалық адамның ормандағы ағаштарды кесу салдарынан жасандыжолмен де пайда болу мүмкін. Кесілген жерлерде жаңа бірлестік пайда болады.
Экологиялық бірлестік - әртүрлі экологиялық топтар ағзаларының қатынасы.
Ұқсас экологиялық құрылымы бар биоценоздардың әртүрлі түрлік құрамы болуымүмкін. Ол сол бір экологиялық қуыстарды экологиясы жөнінен ұқсас, бірақ туысемес түрлердің қоныстану мүмкіндігіне байланысты. Мұндай түрлердіалмастырушы немесе викариялаушы түрлер деп атайды.
Биоценоздың маңызды сипаттамалары:
1. Консорция;
2. Синузия;
3. Парцелла.
Синузия - кеңістікпен шектелген биоценоздың вертикальды бунақталуындағықұрылымдық бөлігі. Кеңістіктік синузия көкжиекпен, биоценоз ярусымен,қабатымен сай келуі мүмкін. Мысалы, қарағайлы орманда шыршаның, жасылмүктің және т.б. синузиясын атап көрсетуге болады.
Ағзалар арасындағы байланыс типтері:
1. Трофикалық байланыстар бір түр екінші түрмен, оның қалдығымен,тіршілік өнімдерімен қоректенетін жануарлар арасында пайда болады.
Оның екі түрі белгілі:
А) Тура трофикалық байланыс (арыстандардың антилопалармен,гиеналардың өліктермен, қоңыздардың тұяқтылардыңэкскременттерімен қоректенуі);
Ә) Жанама қоректік байланыс (әртүрлі түрлердің бір қорек үшінбәсекелесуінің нәтижесінде пайда болады).
2. Топикалық байланыстар бір түрдің әсерінен басқа бір түрдің тіршілікжағдайларының өзгеруі нәтижесінде пайда болады. Мысалы,қылқанжапырақты орманда, әдетте шөптесін өсімдіктер жамылғысыболмайды.
3. Форикалық байланыстар бір түр басқа бір түрдің таралуына қатысқандапайда болады. Жануарлардың өсімдік тұқымдарын, тозаңдарын жәнеспораларын тасымалдауы зоохория, ал ұсақ дараларды - форезия депаталады.
4. Фабрикалық байланыстардың мәні бір түрдің өз құрылысына басқа біртүрдің қалдықтарын, өліктерін, тіпті тірі дараларын пайдалануында.
Мысалы, құстар ұя салу үшін ағаш бұтақтарын, шөп, басқа құстардыңмамықтарын пайдаланады.
Ағзалар арасындағы қатынастардың типтері:
- Нейтрализм – оң да, теріс те зардаптары жоқ бір территорияда екі түрдіңбірге тіршілік етуі (мысалы, бұғылар мен тиіндер);
- Протокооперация – барлық қатысушылар да пайда көретін, ағзалардың өзаратиімді, бірақ міндетті емес бірге тіршілік етуі;
- Мутуализм (облигатты симбиоз) – екі ағзаның біреуі немесе екеуі де бір-бірінсіз тіршілік ете алмайтындай өзара пайдалы тіршілік етуі (мысалы,шөпқоректі тұяқтылар және целлюлоза ыдыратушы бактериялар);
- Комменсализм – бірге тіршілік етуден екі ағзаның біреуіне пайдалы, алекіншісіне пайдасы да, зияны да жоқ қарым-қатынас;
- Жыртқыштық - екі ағзаның біреуі (жыртқыш) екіншісін (жемтік) өлтіріп,қорегіне пайдаланғанда түзілетін қарым-қатынас. Оның ерекше формасы –каннибализм өз түрінің дараларын өлтіріп, қорекке пайдалану нәтижесіндепайда болады;
- Паразитизм – паразит өз иесін өлтірмей, ұзақ уақыт бойы тіршілік ортасыжәне қорек көзі ретінде пайдаланғанда түзілетін қарым-қатынас (вирустар,патогенді бактриялар, саңырауқұлақтар, қарапайымдылар, паразит құрттар,т.б.);
- Бәсеке – ағзалар бір-бірімен қоршаған ортаның бірдей ресурстарынамұқтаждық кезінде таласуынан туындайтын қарым-қатынастар;
- Аменсализм – екі ағзаның біреуі екіншісінің тіршілігін бәсендетіп, бірақ өзінеекіншісінен ешқандай теріс әсер байқалмағанда түзілетін қарым-қатынас.
Экологиялық қуыс дегеніміз – кеңістіктегі алатын орнымен қоса түрдіңбиоценоздағы орны, абиотикалық факторларға қатынасы және бірлестіктегіфункциональды рөлі, бірінші орында трофикалық статусы.
Ю.Одум экологиялық қуыс дегеніміз - ағзаның түрлер жүйесіндегі «қызметінемесе мамандығы» деп түсіндірді, ал оның мекен ететін орнын оның «мекен-жайы» деп сипаттады.
Экологиялық қуыс түсінігі түр қалай, қайда және немен қоректенеді, кімніңқорегі болып табылады және қайда демалып, қайда көбейеді деген сұрақтарғажауап беруге мүмкіндік береді. (Дажо, 1975).
Экологиялық қуыстар түрлердің әртүрлі жерлерде мекен етуіне байланысты,өзге қорекпен қоректенуіне және бір мекен ету аймағын әртүрлі уақыттапайдалануымен ерекшеленеді, бөлінеді.
Гаузе принципі немесе бәсекелестік жоқ принципі: «Екі түр бір аймақтатіршілік ете алмайды, егер олардың экологиялық қажеттіліктері бірдей болса.
Мұндай түрлер міндетті түрде кеңістік немесе уақыт бойынша аймақта кезектесіптіршілік етуі тиіс».
Белгілі бір уақытта жердегі бір биоцеоздың (экожүйенің) екіншісіменалмасуын сукцессиялар деп атайды. (латын тілінен аударғанда сукцессио –бірізділік, тұқым қуалау, кезектесу, ауысу). Сукцессия ұғымын 1998 жылы
Г.Каульсон енгізген. Сукцесия түрлік құрамның өзгеруімен және бірлестікқұрылымының өзгеруімен сипатталады. Бірін-бірі алмастырып отыратынбірлестіктер сукцессиясын сериялы сукцессия деп атаймыз. Сукцессияларғадалалықтың шөлге айналуы, көлдердің суалып батпаққа айналуы және т.б.жатады. Биоценоздардың алмасуын туғызған жағдайларға байланыстысукцессияларды табиғи, антропогенді, аутогенді және аллогенді деп бөледі.
Табиғи сукцессиялар адамның қатысы жоқ, тек табиғи жағдайлардың әсеріненболады. Антропогенді сукцессиялар адам әрекетімен байланысты. Аутогендісукцессиялар (өздігінен пайда болатын) ішкі жағдайлардың әсерінен болады(бірлестік әсерінен ортаның өзгеруі). Аллогенді сукцессиялар (іштен пайдаболған) ішкі жағдайлар әсерінен пайда болған (мысалы, климаттың өзгеруі).
Сукцессия жүретін субстраттың алғашқы күйіне байланысты бірінші реттікжәне екінші реттік сукцессия болып бөлінеді. Тірі ағзалары жоқ субстраттабірінші реттік сукцессия пайда болады ( тау, жартас, құм, жаңа суаттарда жәнет.б.). Екінші реттік сукцессия бұзылған биоценоздар орнында пайда болады(мысалы, кесілген орман, күйген жер, тастап кеткен егіс танабы, вулканнанкейінгі жерлер және т.б.). Экожүйе өзінің даму барысында тұрақты жағдайғабағытталады. Тұрақты экожүйе пайда болғанға дейін сукцессиялар болып тұрады.
Қоршаған ортамен тепе-теңдікте тұрған бірлестікті климаксты бірлестік депатайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет