Сөж тақырыбы: Мұрат шаруа қожалығы



Дата30.12.2021
өлшемі24,22 Kb.
#106852
Байланысты:
agrohim


М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті


СӨЖ

Тақырыбы: Мұрат шаруа қожалығы

Орындаған: Нұршери Аяулым

Тексерген: Маймакова Алия

Тараз – 2020

Жоспар


  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім

а) Климаты

б) Геоморфологиясы



в)Инженерлік-геология және геогидрологиялық жағдайы

  1. Қорытынды

  2. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


Кіріспе

Бұл жеке шаруа қожалық 1998 жылы іргесін қалаған еді. Ол уақытта жер көлемі 107 гектар болатын. Ал қазіргі таңда “Мұрат” шаруа қожалығының иелігінде 3000 гектар егістік және жайылымдық алқап бар. Осы жылдар ішінде жеке шаруа қожалық жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді.

Үстіміздегі жылы шаруашылықта 170 гектарға- күздік бидай, 315 гектарға-арпа, 810 гектарға мақсары егілді.

Уақытты тиімді пайдаланудың, агротехникалық шараларды қатаң сақтаудың арқасында бұл шаруашылық дәнді-дақылдар, оның ішінде бидайдың 1 гектарынан 20 центнерден өнім алуда.

Жер қойнауын емген диқандар үшін ең ауқымдысы да, ең жауаптысы да егін орағы болары даусыз.Соңғы жылдары қатарынан бітік шыққан егінді жинап алуға бар күш жұмылдырылады.

Егіншілікпен айналысатын шаруа қожалық жаңа егінді жинауға алдын ала қам жасайды. Ол үшін техникалардың атқарар еңбегі орасан. Биылғы жыл шаруа қожалықтағы егін орағына үш комбайн, үш «К-700», бес «МТЗ-80» тракторлары әзірленді. Биылғы жылы техникалық мүмкіндігі бар шаруа қожалық ору науқанын еш қиындықсыз атқаруда. Орақ науқанына қатынасқан механизаторлар қыр кемелерімен аянбай еңбек етуде.

Климаты

Шаруашылық орналасқан аумақтың климаты континентті, қысы солтүстігінде суық, аязды, оңтүстігі жұмсақ, жазы барлық бөлігінде ыстық, қуаң, аңызақты болып келеді.

 Шаруашылықтың орналасқан аумағы табиғи шарты, соның ішінде климат, топырақ және жер бедері дәнді және жемшөп дақылдармен айналасуға өте қолайлы. Табиғи құнарлы жер телімдерді, жайылым азықтар мен пішендерді алу үшін қолдануға болады.

      Микрорельеф, яғни микро жер бедері топырақ қабатының кешенділігіне сәйкес келеді.

      Ауданның жер бедері, ауыл шаруашылық дақылдарды егу және жинау, топырақты өңдеу жұмыстарына заманауи техникаларды қолдануға ыңғайлы және мал бағуға өте қолайлы, яғни жер бедері, топырақты механикалық өңдеуге және ауыл шаруашылық дақылдарды өсіруге кедергі жасамайды.

Топырағы

Топырақтың жоғарғы қабатының қалыптасуына әртүрлі климаттық тереңдегі ызасулардың жатуы, рельеф топырақтың түрлері себеп болады.

      Бұл топырақтың сапасы жақсы, құрамында гумус 4,2 %. Топырақты егіншілікте пайдалану үшін агротехниканы ғана қажет етеді.

      Аудан аумағындағы қара-қоңыр топырағының құрамында гумус төмен. Топырақтың механикалық құрамы қара-қоңыр саздақты әрі түрлі құрамдағыдай тастақтау.

Инженерлік геология және гидрогеологиялық жағдайы

 Су көздеріне келетін болсақ жер асты сулары жоқ. қаптарды тиімді пайдалануға су қоймаларынан шығатын тоғандар мен сужетектерімен, арнайы аппаратпен Күлтөбе каналы арқылы суғарылады. Және жауын-шашын ортадан аз.

Қорытынды

Мұрат шаруа қожалығы 1998 жылы құрылған. Жер аумағында мақта, жүгері, жоңышқа, қарбыз өнімдерін алуда.Шаруашылық техникалық базасы жеткілікті. Мақсаты: халықты таза және табиғи өнімдерімен қамтамасыз ету. Қазіргі таңда өзінің өнімдерін халықтың қалтасы көтеретіндей бағада сатып отыр. Өзінің өнімімен өз аумағын ғана емес, көршілес аумақты да өз сапалы өнімімен қамтамасыз етіп отыр.

Диқан қауымының алдындағы басты мақсат- маңдай термен өсірілген астықты ысырапсыз жинап алу. Шаруа қожалығында он жұмысшы күндіз-түні тыным көрмей дәннің бір түйірінде ысырап етпей жинап алуға күш жұмсауда. Диқаншылар соған қол жеткізіп отыр. Биылғы алқапқа себілген дәнді-дақылдар өсіп-өніп, мол астыққа кенелген «Мұрат» шаруа қожалығы диқаншыларының көңілі көтеріңкі.

Аталған шаруашылық жемшөптің берік қорын да жасаған. Биыл шаруашылықтағы 262 гектар жоңышқадан 524 тонна өнім алынды. 200 гектар табиғи шөптен 200 тонна өнім алынды. Айта берсек шаруа қожалықта ауыз толтыра айтар жетістіктері баршылық.

Егін салып, жер-ананың ырыздығына кенелемін деген шаруалардың еңбегі ақталуда. Бірақ, алда әлі де үлкен белестер бар.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Гугл әлеуметтік желісі.

  2. “Сарысу” газеті.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет