Адамзат тарихында дін мәселесі, діни идеология, дін туралы ұғымдар үлкен орын алады. Жер бетіндегі тіршілік пайда болғаннан бастап, өмірге деген көзқарас екі түрлі бағытта дамып келеді. Біріншісі- ғылыми болса, екіншісі- діни бағытта.
Сонымен, дін идеологиясы қазақ елінің мәдениеті мен саясатына қалай әсер етеді?
Біздің өміріміз әлемнің жаратушысына жеті жолындағы ақиқат іздеу көріністеріне толы. Ал, сол ақиқатқа жеті үшін біз күніне 5 уақыт намаз оқып, дін әлеміне терең бойлай түсеміз. Ал, қазіргі таңда қазақ руханияты жаңа белеске көтеріліп, өзінің және тарихи кезеңін бастан кешуде. Совет үкіметінің отарлау саясаты кезеңінде өздерінің құрған қатал жүйесінде атын атауға тыйым салынған, орындалуына шектеу қойылған мәтіндер мен қасиетті Ислам ғұламаларының жазбалары өркениетіміз бен мәдениетімізге қайта оралуда. Бұл, тәуелсіз мемлекетіміздің бағына орай үлкен сый болып тарту етілді дегіміз келеді. Негізінен, дін мәселесі саясатымыз ен мәдениетімізде үлкен тақырыптардың бірі. Оны қозғап, талқылауға салар болсақ, сан түрлі пікірлер туындап, ауқымды мәселеге айналады. Саясат пен мәдениет халықтың экономика және шығармашылық тұрғыдан дамуына әсерін тигізеді. Ал, дін болса, ішкі жан-дүниеміздің рухани баюына әсер етеді. Себебі, руханият пен тарих, парасат пен мәдениет- адамзат ақыл-ойының алтын қазынасы. Оларсыз қалың жұрттың ілгері жылжып, дамыған 50 елдің қатарына енуі екіталай. Қазіргі қоғамда болып жатырған дүниелерді діни жағынан дұрыс немесе бұрыс деп айту қиын, ал саясат пен мәдениет жағынан зерттеулер жүріп жатыр. Бұл дегеніміз, Ислам діні туралы біздің біліміміз әлі де жоқтың қасы, ел-жұрттың көзі енді ашылып, дінге деген көзқарастары өзгеріп жатыр. Бұрынғыдай бөгде ағымға жол салып, адасу деген сияқты дүниелер көптеп кездеспейді. Оған себепші- біздің мәдениетіміз. Өйткені білім-ғылым, өнер дамымаса, ұстаздарымыз Ислам діні туралы бағыт- бағдар ұсына алмас еді. Біздің ішкі-сыртқы саясатымыз осы жолда өзінің жұмыстарын жүргізуде. Түрлі өзекті мәселелер өз шешімін тауып, өмір сүруімізге жеңілдіктер болып жатыр.
Менің ойымша, саясат пен мәдениет және дін идеологиясы бір-бірімен бәсекеге түсе алмайды. Олар керісінше бірігіп, болашағымыздың жарқын болуына, басқа діндерден өзгеше екендігін айқын көрсетіп, дамушы елдердің қатарына қосылуға бірден-бір себепші дүниелер.
Қорыта айтқанда, әркезде қоғам тіршілігі өнімсіздікке ұшырап, іштей жұтай бастағанда заман әуеніне қарай не дінге, не саясатқа қадам басады. Сондықтан, дін, өнер және ғылым- бір ағаштың бұтақтары іспетті дегім келеді.