4 Судың табиғаттағы және
халық шаруашылығындағы маңызы
1 2 3 5 Дүние жүзілік мұхит және теңіздер
Құрлық суы және өзендер
Көлдер мен батпақтар
Табиғаттағы су айналымы .Суды қорғау
Ең үлкен Тынық мұхит - Дүниежүзілік мұхит көлемінің жартысын дерлік алып жатыр. Мұның көлемі - 180 млн. Км2. Тынық мұхитты түбінің беткі құрылысы жағынан үш бөлікке (батыс, орталық және шығыс) бөлуге болады. Батыс жағы шығысынан тереңірек келеді. Оған материктік шеткі геосинклинальдік теңіздер: Беринг теңізі, Охот теңізі, Жапон теңізі, Шығыс және Оңтүстік Қытай теңіздері, Коралл теңізі және Фиджи теңіздері кіреді. Батыс бөлігіне Филиппин қазаншұңқыры, Жапон және Мариан таулары жатады. Мұхиттың ең терең жері - 11034 м. Тынық мұхиттың орталық жағы – басқаларымен салыстырғанда ең үлкені, оның су астындағы рельефінің алуан түрлі формалары күрделі байланысты болады. Тынық мұхиттың шығыс жағалауларында материктік тайыз сулар өте аз, жағалауға материк беткейінің тік жөне биік жарлары үнемі жақын келіп жатады.
Атлант мұхиты Тынық мұхитынан екі есе кіші.Атлант мұхитының ең терең жері - 9219 м .Атлант мұхитының Орталық жотасы - бұл солтүстіктегі Ирландия аралдарынан оңтүстіктегі Тристан-да-Кунья аралдарына дейін созылып жатқан орасан зор таулы жота. Орталық жотаның солтүстік жағы жақсы зерттелген. Орталық жота мұхит жазығынан 3500-4000 м биіктікте, оның ені 550-900 км-ге дейін жетеді. Су астындағы жанартау атқылауынан пайда болған таулар мұхит жазығының бетін бүлдіреді. Жазықтарды мұхит түбінің көтеріңкі жерлерінен сырғыған шөгінділер жауып жатады.