Спорт және өнер факультеті



бет1/4
Дата21.11.2023
өлшемі153,54 Kb.
#192545
  1   2   3   4
Байланысты:
Жергілікті жерде картасыз ба дарлау. Магнитті азимутты аны тау
Пиримбет Шапагат, Жекелей қорғаныс құралдарын сақтау және үлестіру тәртіптері. НИЯЗ 2 БОЖ, KGTLAWVCBTSM20112023124710, Документ Microsoft Word, 63500894

Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ түрік университеті

Спорт және өнер факультеті

БӨЖ

Тақырыбы: Жергілікті жерде картасыз бағдарлау.Магнитті азимутты анықтау.


Қабылдаған: аға оқытушы, полковник Қуанышбаев Бақытжан
Орындаған: Күнқожа Нияз
Тобы: Бәд-011

Жергілікті жерде картасыз бағдарлау.Магнитті азимутты анықтау.
Жергілікті жер ұрыс қимылдарын жүргізу кезінде әрқашан үлкен рөл атқарған. ҚР ҚК жарғылары барлық әскери қызметшілерден жергілікті жерді мұқият зерделеп бағалай білуді және нақты ұрыс тапсырмасына сай тактикалық қасиеттерін дұрыс есепке алуды талап етеді.
Жергілікті жерде табиғи және жасанды объектілер болады. Олар біркелкі белгілері бойынша белгілі бір топтарға бірігеді. Ол топографиялық элементтер деп аталады. Оған жататындар: бедер, елді мекендер, өндіріс кәсіпорындары (өнеркәсіп және ауыл шаруашылық), жол торабы (автомобильдік, темір жолдар, қара жолдар), топырақ-өсімдік жамылғылары, гидрография (өзендер, көлдер, су қоймалары және т.б.). Топографиялық элемент-тер жергілікті жерде бірыңғай кешен құрайды, онда әрбір элемент бір-бірімен байланысты және бір уақытта оларға
әсер етеді. Олардың өзара үйлесімділігі жергілікті жердің әр түрлілігін құрайды.
Жер бетін құрайтын біркелкі тегіс еместіктер жергілікті жер бедері, ал адам еңбегімен немесе табиғатпен жасалған, сол жерде орналасқан заттардың барлығы — жергілікті заттар деп аталады.
Бедер жергілікті жер ерекшелігінің ең маңызды көрсет-кішіне жатады. Ол бақылау пункттері, орын таңдауға, атыс позицияларын, траншеялар, байланыс жолдарын және әскердің орналасуына үлкен әсерін тигізеді. Шағын бөлімшелер мен жекеленген жауынгерлердің әрекеттері үшін кішігірім біркелкі тегіс емес жергілікті жердің қорғандар, үйінділер, шұңқырлар, жырмалар, ойықтар, снарядтар мен миналардың жарылысынан пайда болатын шұңқырлардың ерекше мәні бар. Олар қарсылас оғы астынан жүгіре өту мен жер бауырлай жылжу кезінде кеңінен пайдаланады.
Жырмалар бедердің басқа да қатпарлары, орлар, жол жанындағы кюветтер, ойықтар, шанақтар және т.б. ядролық қарудың жарақаттау әрекетінен қорғану қызметін атқаруы мүмкін.
Бұл жағдайда мына ережені есте сақтау керек: түске дейін сағат меңзері 13 сағатқа дейін жүруі тиіс циферблаттағы доғаны (бұрышты), ал түстен кейін — 13 сағаттан кейін өткен доғаны ортасынан бөлеміз. Оңтүстік бағытын біліп алған соң, көкжиектің басқа да тұстарын оңай анықтауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет