Спортпен шұғылдану деген міндетті түрде спорттық жеңіске жету деген мақсат емес, денсаулықты сақтау, организмді дұрыс қалыптастыру, демек, ұзақ өмір сұру денені шынықтыру мақсаты болу керек



бет1/5
Дата15.03.2022
өлшемі78,65 Kb.
#135498
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Адам құрылымының биомеханикалық ерекшеліктері
1





ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Тақырыбы: Адам құрылымының биомеханикалық ерекшеліктері




Орындаған: 1 курс 6В01408-БӘД
және ДШ бөлімінің студенті
Ожантай Н.
Оқытушы: Нарибай Р.Ж.
Алматы, 2022


Адам құрылымының биомеханикалық ерекшеліктері

Спортпен шұғылдану деген міндетті түрде спорттық жеңіске жету деген мақсат емес, денсаулықты сақтау, организмді дұрыс қалыптастыру, демек, ұзақ өмір сұру денені шынықтыру мақсаты болу керек. Бірақ басқаны айтпағанда көздің де көретін көкжиек деп аталатын шегі болады. Сондықтан спортпен шұғылданған кезде организмді шегіне жеткізіп тоздырмай, анығын айтқанда дәрігерлік, биологиялық бақылау жасай отырып, жүктемені уақытында түсіріп, уақытында дем алып, уақытында тамақтанып т.т. организмге, денсаулыққа байланысты пайдалы іс істеу керек. Егер әр адам денсаулығын нығайтып, мүсін сұлулығын сақатаса, онда біздің спорттағы жетістігіміз осы болар еді.


Жаттығу – дене тәрбиесі саласында ең жоғарғы көрсеткіштерге жету жолында жеке бастың көп жылдар бойы үзбей, жүйелі түрде спортпен шұғылдануы. Соның нәтижесінде спортшының қабілеттілігі артып, күннен күнге дене мүсіні жетіліп, күш-қуаты қалыптаса береді.
Дене тәрбиесі жүйесінде спортпен шұғылданып, болашақта жоғарғы көрсеткіштерге жету үшін де табиғи ортаны пайдалану керек. Демек, қазіргі кезде күллі халықтың спортпен шұғылданатындай мүмкіншілігі жоқ. Сондықтан да көпшілікке денсаулықты сақтау мақсатында табиғи ортаны пайдалнуға кеңес беріледі.
Баршамызға белгілі, бізді қоршаған табиғи ортаға жататындар жанды дененің тіршілік көзі – ауа, су және күн сәулесі. Аталған табиғи ортаны пайдаланудың денсаулық үшін баға жетпейтін әсері бар.
Ұжымның спартакида ережесінің үлгісі:
- жарыстың мақсаты;
- жарыс өтетін уақыты мен орны;
- жарысқа қатысушылар;
- жарыс өткізуге жауапты адамдар;
- жарыс бағдарламасы;
- жарыс қорытындысы (жекеленген және командалық орындарды анықтау);
- жеңімпаздарды марапаттау;
Биомеханиканың негізгі мақсаттары, адам денесінің құрылысы, бұлшық еттер, сүйек тізбектерінің аппараты, орталық жүйке жүйесінің биомеханикалық ерекшеліктері туралы бөлімдері қамтиды.
Адамның биомеханикалык жүйесінін биокибернетикалық ерекшеліктері, адам кимылының сипаттамалары, қимылды зерттеу тәсілдері, оған қоса компьютерлік төсілдері туралы мәліметтер жазылды.
Спорт техникасына арналған басқармалы жүйе ілімі кез қарасымен, техникаңың ішкі және сыртқы жақтан, оны қалыптастыру және жетілдіру жағдайлары.
Қозғалыс жалпы өмір сүру тәсілі, оған тән қасиет. Жалпы қозгалыс туралы ілім бүкіл философиялык, тарих бойы дамып қалыптасқан.
Қозғалыс дегеніміз барлық тірі ағзаларга тән табиғи қажеттілік және адамның жұмыс қабілетін кетеретін, өмірін ұзартатын аса маңызды шарт.
Басқару өнері (кибернетика)- байланыс жасау және түрлі хабарлауларда өндеу тұралы ғылым. Кибернетиканың алдында тұрган күрделі мәселелердің бірі - миды, оның атқаратын әр түрлі қызметтерін құрастыру. Электрондық есептеу машинасы-мәселелерді шешудегі негізгі техникалық құрал болып табылады.
Адам денесінің күйін, қимылын және кеңістіктегі қозғалысын, яғни механикасын қаңқа сүйектерінің құрылысы мен қызметін (остеология), сүйектердің байланысуын ағзадағы буындар (синтезмология, артрология) мен бұлшықеттер (миология) жөнінде түсінік алғаннан кейін оқып үйренуге болады.
Адам денесінің күйі мен қозғалысын, сондай-ақ дене қозғалысына әсер ететін ішкі және сыртқы күштерді динамикалық заңдарға сүйене отырып, тәнтану тұрғысында талдайды.
Физикадағы механикалық заңдылықтардың көпшілігі адам денесінің биологиялық қозғалыстарында толық кездеседі. Мысалы ретінде механикадағы бір қалыпты қоғалу динамиканың 3 заңындағы қозғалыстар, тыныштықтағы дененің ауырлық орталығы, дененің ауырлық күші тірек ауданы, дененің теңдігін сақтау, жұмыс күші, бүкіл әлемдік тартылыс заңы т.б.
Осы айтылған физикадағы механикалық заңдылықтарды, адам денесіндегі тірек қимыл жүйелі мүшелерінің ерекшеліктерін ескере отырып, дененің алуан түрлі тірек қимылдарына талдау жасайтын ғылым биомеханика деп аталады. Биомеханиканың физикалық механикада айырмашылығы бар. Биомеханика-тірі дененің биомеханикасын зерттейтін ілім. Адамның биомеханикалық заңдылықтарын үйрену арқылы адамдарды өнімді еңбек қозғалыстарын (әрекеттерін) қалыптастыруға, спорт пен дене шынықтыруды мақсатқа орай белгілеуге, емдік дене шынықтыруды дұрыс қолдану және керекті жасанды мүше құрылысын (протез құрылысы) дұрыс жасауға мүмкіндік берді. П.Ф.Лесгафт (1837-1909) адам денесінің қозғалысы туралы бірінші болып дене қозғалысының теориясы деген еңбек жазды. Ал оның еңбегін М.Ф.Иваницкий (1895-1969) жан-жақты дамытты. Ол адам денесінің күйін және қозғалысын бірінен кейін бірін белгілі жүйеде арнайы мақсатта талдауды ұсынды.
1. Адамның бүтін денесінің күйі мен қимылын немесе морфологиясыен сипаттау. Мұнда адам денесінің, дене бөліктерінің белгілі күйде немесе қозғалыс кезінде және жаттығу жасағанда қандай пішінде болатынын сипаттауға назар аударылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет