Стандарттау және сертификаттау 1, Стандарттаудың даму тарихы. Стандарттаудың анықтамалары.Стандарттаудың нормативтік құжаттары. Адамдар еңбектену барысындағы өте сәтті болып шыққан нәтижелері қайта пайдалану мақсатында, оларды белгілеуге және таңдап алуға тырысты. Ерте дүниедегі стандартты размерлі құрылыс бөлшектерінің болуы, стандартты диаметрдегі су құбырларының бірыңғай өлшем жүйесін пайдаланғандығы – стандарттау қызметінің мысалы. Қазіргі ғылыми тілмен айтқанда: «жалпы және көп рет пайдалануға жағдай жасау үшін белгілі бір ауқымды оңтайлы дәрежедегі реттілікке жету» деп аталады. КСРО-да стандарттаудың дами бастауы «Өлшем мен салмақтың метрлік жүйесінің» енгізілуінен есептелінеді. 1925 жылы Еңбек және Қорғаныс Кеңесінің жанынан стандарттаудың бірінші орталық органы – Стандарттау жөніндегі комитет құрылды. Комитеттің негізгі міндеттері: стандарттар жасайтын ведомствоның жұмысына басшылықты ұйымдастыру, сондай-ақ стандарттарды бекіту мен басып жариялау. Стандарттардың категориясы - ОСТ (жалпыодақтық стандарт) енгізілді. Комитет бидайдың селекциялық сорттары, шөген, қара металл бұйымдарына және халық тұтынатын кейбір тауарларға бірінші жалпыодақтық стандарттар жасады. Ұлттық ұйымдардың стандарттау бойынша өзара байланыстарын нығайту үшін және достастығын арттыруда бірнеше халықаралық ұйымдар құрылған.Стандарттау бойынша алғашқы халықаралық ұйым 1926 жылы құрылып, «Стандарттау бойынша халықаралық федерацияның ұлттық ассоциациясы» (ИСА) деп аталып, оған 20 ұйым мүше болған. ИСА стандарттау саласы бойынша алғашқы халықаралық достастыққа жол ашты. 32 халықаралық стандарт оның жасауымен және ұсынысымен орындалды. Екінші дүниежүзілік соғысқа байланысты ИСА өз қызметін тоқтатты.1946 жылы стандарттау бойынша халықаралық ұйым (ИСО) құрылып, оған алғашында 25 мемлекет мүшелікке өтті. ИСО-ның жарғысына сай бұл ұйымның мақсаты – интелектуальды, ғылыми, техникалық және экономикалық қызметтер аясындағы өзара достастықты дамытуға және халықаралық тауар ауысымын жеңілдету үшін дүниежүзінде стандарттаудың дамуына барынша қолайлы жағдай туғызу болып табылады. ИСО халықаралық үкіметтік емес ұйым ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Кеңес беру статусын пайдаланады. ИСО-ның ресми тілдері ретінде орыс, ағылшын және француз тілдері қабылданған. Стандарт - нормативтік құжат,ол белгілі бір саланы оптималды дәрежеде ретке келтіруге бағытталған, уәкілетті ұйыммен бекітілген келісім бойынша дайындалған нормативтік құжат. Стандарт ғылыми зерттеудің нәтижесі және техникалық жетістіктерге, тәжірбиеге негізделуі тиіс.Стандарттаудан басқа стандарттау ережелері, стандарттау бойынша нұсқаулықтар да нормативтік құжатқа кіреді.Қазақстан Республикасының заңына сәйкес міндетті сертификаттауға жататын өнімнің нормативтік құжатына көп көңіл бөлінеді.Стандарттау құжаттары нұсқаушылық түрде беріледі, олардың орындалуы ерікті. Нарықтық экономиканың қағидаларының бірінде көрсетілгендей - барынша шектеулерді азайтып, еркін таңдау мүмкіндігі.
2,Стандарттаудың мәні мен мазмұны. Стандарттау жұмыстарының тиімділігі. Стандарттаудың маңызы мен міндеті. Стандарттау обьектілері. Стандарттау - нақты қойылып отырған және ықтимал міндеттерге қатысты көпшілікке ортақ, көп мәрте және ерікті пайдалану үшін ережелер белгілеу арқылы өнімге, көрсетілетін қызметке және процестерге қойылатын талаптарды ретке келтірудің оңтайлы деңгейіне қол жеткізуге бағытталған қызмет.Стандарттау объектілеріне көп мәрте ұдайы өндірілу және пайдалану перспективалары бар өнімдер, процестер, қызмет көрсетулер жатады, ал өзара байланыстағы стандарттау объектілерінің жиынтығы стандарттау аумағы деп аталады. Мысалы, тамақ өндірісі стандарттау аумағына, ал ондағы шығарылатын өнімдер, қолданылатын технологиялық үдерістер ж.б. стандарттау объектілеріне жатады. Стандарттау саласындағы негізгі нәтижелер - өнімнің, көрсетілетін қызметтің және процестің функционалдық міндетіне сәйкестік деңгейін жоғарылату, халықаралық тауар айналымында болатын техникалық кедергілерді жою, ғылыми-техникалық дамуға көмектесу және сала аралық ынтымақтастықты нығайту.Стандарттау жұмыстарының тиімділігі одан қоғам көлемінде (халық шаруашылығында) алынған пайда мөлшерінің осы пайдаға қол жеткізуге жұмсалған қаржыға қатынасы түрінде анықталады.Стандарттау жұмыстарының тиімділігі мына мақсаттарда анықталады:-нақтылы стандарттау жұмыстарын мемлекеттік және мемлекетаралық стандарттау жұмыстарының жоспарларына қосудың орынды екенін дәлелдеу үшін;-стандарттарға енгізілуі мүмкін шешімдердің ішінен оңтайлысын таңдап алу үшін;-стандарттау саласындағы жұмыстың нәтижелілігін бағалау үшін.Стандарттау жұмыстарының тиімділігі оның мынандай негізгі түрлерімен сипатталады:экономикалық;техникалық және ақпараттық;әлеуметтік. Стандарттаудың мақсаты өнімге қойылатын талаптарды, әдістерді белгілі бір салада әрдайым кеңінен қолдану арқылы туындаған немесе туындауы мүмкін мәселелерді шешіп сол саланы оптималды дәрежеде ретке келтіру. Стандарттау нысандарыөнім, өндіріс, үрдіс, қызмет - осыларға арнап талаптар, мінездемелер, параметрлер, ережелер бекітіледі.
3, Стандарттаудағы негізгі ұғымдар. Халықаралық, мемлекеттік және аудандық деңгейдегі дамулары. Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары. Стандарттау саласындағы нормативтік - құжаттар.