«Статика», «Сақталу заңдары» және «Сұйықтар мен газдардың механикасы» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау . 1-нұсқа
Оқу мақсаттары:10.1.3.2 Әртүрлі тепе-теңдікті түсіндіру кезінде себеп-салдар байланысын орнату
10.1.4.1 Сақталу заңдарын сандық және эксперименттік есептерді шығаруда қолдану
10.1.5.1 Сұйықтар мен газдардың ламинарлық және турбуленттік ағыстарын сипаттау
10.1.5.2 Үзіліссіздік теңдеуі мен Бернулли теңдеуін эксперименттік, сандық және сапалық есептерді шығаруда қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы
Ойлау дағдыларының деңгейлері
Қолдану
Орындау уақыты:25 минут
Тапсырмалар1. Суретте көрсетілгендей кранға жүк ілінген
Кран тепе-теңдікте болу үшін 5000 Н жүкті күш иінінен қандай қашықтықта орналастыру керек ? [2]
Егер жүкке тағы 10000 Н қосса,онда айналу осінен қашықтықта орналастыру керек Күш моментін есепте [2]
3. Ламинарлық және турбуленттік ағыстардың екі айырмашылығын көрсетіңіз. Өз түсіндірулеріңізде сызба қолдануға болады. [3]
4. Суретте үйдегі су құбырының жүйесі көрсетілген. Құбырдың тар және кең жерлеріндегі аудандарының қатынасы 1:4 және құбырлар еденнен ℎ1=5 м, ℎ2=1 м деңгейде орналасқан. Құбырдың А1 кең жеріндегі су ағысының жылдамдығы 9,1∙105 Па қысымда 36 км/сағболады. Су тығыздығын 1000 кг/м3 деп алыңыз.
Келесі шамаларды анықтаңыз:
(a) құбырдың тар жеріндегі су ағысының жылдамдығын;
(b) құбырдың екі ұшындағы қысымның айырымын;
(c) құбырдың тар бөліміндегі қысымның мәнін. [5]
5.Кинетикалық энергиясы 10 Дж, ал импульсі 2 кг*м/с болатын дененің массасын анықтаңдар. [2]
6. 3. Массасы 70 кг адам суда тыныш тұрған қайыққа 6 м/с жылдамдықпен жағадан секіріп мінеді. Егер қайық массасы 35 кг болса, қайықтың адам мен бірге жылдамдығы қандай? [2]
Достарыңызбен бөлісу: |