Жоспар
Кіріспе
Студенттердің ғылыми зерттеу жұмысының мақсаты
Студенттердің ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыру
Студенттердің ғылыми зерттеу жұмысының міндеті
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Студенттердің кәсіби дайындығын арттырудағы зерттеу жұмыстарының негізгі түрлеріне оқу-зерттеу және ғылыми-зерттеу жұмыстары жатады. Студенттердің оқу-зерттеу жұмысы оқу-тәрбие үдерісінің жүйесіне кіреді де, негізінен, семинарлық, практикалық, зертханалық сабақтарда жүзеге асырылады. Студенттердің оқу-зерттеу жұмысының мақсаты – теориялық білімдерді тереңдету және ғылыми мәселелердің шешімдерін іздестіру әдісін игеру. Сондықтан, студенттердің оқу-зерттеу жұмысы проблемалық оқумен тығыз байланысты. Ал, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы студентті ізденуге баулудың неғұрлым жоғары дәрежесімен сипатталады және әдетте, оқу үдерісінің шеңберіне симайды, студенттердің ғылыми қоғамдары мен үйірмелерінде және ғылыми зертханаларда зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Ғылыми-зерттеуге қатыса отырып, студент алған білімдерін бекітеді, толықтырады және оны жоғары сатыға көтереді. Олар өзбетімен жұмыс жасаудың әдістерін меңгереді, ғылыми эксперименттің техникасын игереді, оның қорытындысын түсінікті әдіспен өңдеуді жүргізеді және алынған мәліметтерден қорытынды жасайды. Сонымен, ғылыми-зерттеу жұмыстары аясындағы білім, білік, дағды болашақ мамандарды дайындаудың ірге тасы болып табылады және жеке тұлғаның дамуында маңызды орын алады. Сондықтан күнделікті дәріс, семинар, практикалық және зертханалық студенттердің зерттеу жұмысына бағыт-бағдар беріліп отыруы қажет деп есептеп, біз мақаламызда студенттердің ғылыми-зерттеу әрекетін қалыптастыратын жұмыс түрлерін қарастыруды жөн көрдік. Ең қызықты, мазмұнды деген лекцияның өзі студенттердің әдебиетті оқуы, қосымша материалдарды қарауы, жаттығуларды, сұрақ, жауап және басқа тапсырмаларды орындауы арқылы бекіп, тамыр жайғанда ғана жақсы маман даярлауға негіз болады.
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары олардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына дағдыларын дамытуға, шығармашылық бастаманы дамытуға және ғылыми-техникалық үдерістің жетістіктерін іс жүзінде қолдану тәжірибесіне бағытталған.Университеттің оқу үрдісімен қатар СҒЗЖ ұйымдастыру мамандарды кәсіптік даярлаудың маңызды компоненті болып табылады, ол кәсіби мәселелерді талдау және шешуге бағытталған және тәжірбиелік қызметте ғылыми білімдерін сәтті қолдануға бағытталған тәуелсіз зерттеу жұмыстарына қабілетті құзыретті, шығармашылық тұлғалар болып табылады. Университет заманауи материалдық базаны құрып, студенттерге кафедрада, ғылыми орталықтарда және ғылыми-зерттеу зертханаларында заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, онда олар тәуелсіз ғылыми зерттеулер ПОҚ басшылығымен жүргізеді. Бұл зерттеулердің көптеген нәтижелері жаңа зерттеулерге, курстық жұмысты және тезистерді орындау үшін негіз болып табылады. Университетте студенттік ғылыми қоғамдар (СҒҚ), үйірмелер, клубтар жұмыс істейді, олар студенттік интеллектуалды салада ғалым ретінде біліктілігін арттырудың бастапқы кезеңі болып табылады. Студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстары мен ғылыми іс-шараларға тарту мақсатында жыл сайын конференциялар, байқаулар, конкурстар, университеттің студенттерінің ғылыми жұмыстарының көрмелері өткізіледі. Студенттер мақалаларды, эсселерді жазады, ғылыми конференциялар мен семинарларда презентация жасайды.
Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарымен (СҒЗЖ) айналысуын барлық оқу кезеңінде үздіксіз қамтамасыз ету өте маңызды міндеттердің бірі болып есептеледі. Мұнда негізгі зерттеу жұмысының қиындығы студенттердің оқу үрдісінде зерттеу қиындықтарын біртіндеп жоғарылатып отыру. Мысалы, студент бірінші және екінші курстарда бүтін және негізгі жұмыстардың жиынтығы мен жалпы ғылыми дайындық жасаудағы жаңашылдықпен, ғылыми жұмысты орындау қабілеті мен қарапайымдылығымен, өз қабілеті мен ғылыми жұмысты орындалуға негізделуі тиіс. Мұнда рефераттық жұмыстармен лабораториялық жұмыстар шеңберінде орындалатын ғылыми зерттеу жұмыстары. Ал үшінші курста жалпы техникалық және арнайы дайындықтар, көлемі үлкен емес өзіндік ғылыми жұмыстардың орындалуы және шығармашылық негіздегі тапсырмалар, жаңашыл ғылыми зерттеулерді негіздеу, зерттеу әдістерін тереңдету, техникалық құрал жабдықтар негізінде ғылыми зерттеулер жасау және нәтижесін шығару. Бұл деңгейде міндетті түрде оқу орнының ішінде өткізілетін конференциялар, ғылыми жұмыстар негізінде өткізілетін жарыстар, ғылыми зерттеу жұмыстарының тапсырмалары мен түрлерінің қиындауы, ауқымының кеңейуі секілді жұмыстармен қамтамасыз етілуі тиіс. Мұнда жұмыс айқындала түседі. Мазмұнды шығармашылық сипат алады. Жоғарғы курстарда білімді, дағдыны ары қарай қалыптастыру, жетілдіру, бекіту, шығармашылық ойлауды дамыту және нақты міндеттерді шешуге, өз бетінше шешім қабылдауға, жүзеге асыруға үйрену, алынған білімді тәрбиеде пайдалану, жеке тапсырмалар бойынша студенттердің өз бетінше ғылыми зерттеу жұмысы үдерісінде жүргізіледі. Сондықтан олар барлық деңгейдегі конференцияларға, байқауларға қатысу, институт қызметкерлерінің жетекшілігімен ҒЗЖ жүргізу, диплом жұмыстарының байқауына қатысуы керек [1]. Бұдан басқа ғылыммен айналысатын студенттердің сонғы курстарда оқытушылар мен қызметкерлердің жетекшілігімен студенттердің шығармашылық ұжымы жоғары оқу орынындарының лабораториялары мен өндірістерде зерттеумен, жобалау-конструторлық талдамалармен айналысатын, оның ішінде кешенді дипломдық және курстық жобаларды орындаумен, кейін нәтижесі қызығушылық танытқан өндірістерге енгізетін ғылыми-техникалық отрядтарға қатысуы міндетті болып саналады.Бұл студенттерге нақты міндеттер мен олардың шешімін, жобасын жасауға және өздерінің ұсыныстарын тәжірибеде жүзеге асыруға мүмкіндік береді [2]. Студенттер жоғарғы оқу орындарының ұжымдық шығармашылық және ұйымдасқан жұмыстардың дағдыларын үйрену мақсатында жоғары оқу орындарының лабораториялары мен кафедраларына, өзінің қызмет саласының ұйымдар мен мекемелеріне тәжірибелік көмек көрсететін ғылыми, техникалық, жобалау, экономикалық және басқа да ұйымдардың құрамында ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізе алады. Оқу үрдісін ұйымдастыру ғылымның қазіргі жетістіктерін, мәдениет, экономика, ғылым, техника мен технология салаларындағы өзгерістерді көрсететін білім берудің барлық қырларының жүйелі жаңаруын ескере отырып жүргізілуі керек. Бұл салада нақты нәтижелер алу үшін автордың жасына сәйкес түзетілген тәжірибеден өткізілген технологиялар, өзіндік ғылыми жұмыстар мен мақалаларына енгізілген теориялық және практикалық жағына ерекше назар аудару керек.
Мамандықтар бойынша жоспар жасау қоғамдық ғылымдар, жалпы ғылыми, технологиялық мамандық пәндері кафедраларымен бірге жүргізіледі. Жұмысты алдын-ала білімге, дағдыға, іскерлікке маманның сапасына нақты талаптар қоятын бітіруші кафедра бақылайды.
Ғылыми-зерттеу жұмыстары саласында:
- мемлекетіміздің және біздің аймақтың ерекшелігіне байланысты гуманитарлық, әлеуметтік, экономикалық, техникалық бағыттарын зерттеп, мәдениет және өнер саласында өзекті мәселелерін шешуде ғылыми зерттеуді ұйымдастыру; Мәдениет керектілігн қамтамасыз ететін кәсіби мектепті қалыптастырып, дамыту және аймақтың ерекшелігіне байланысты әр аспектілі ғылыми жүйелерді тәжірибеде іске асыру; - өзіндік, сонымен қатар, белгілі бір жетістікті шығармашылық жұмыстар, ғылыми зерттеулерді оқу-тәрбие үрдісіне кірістіру;
- студенттердің ғылыми-зерттеушілік және шығармашылық жұмыстарын дамыту: көрмелер, концерттер, шебер кластар ұйымдастыру; - жоғары оқу орындары арасында ғылыми-зерттеушілік және шығармашылық жұмыстарынан тәжірибе алмасу. Көптеген дереккөздерде ғылымның, ғылыми қызметтің белгілі бір құбылысты оған тән түрлерде сондай-ақ осы негізде оның қолданылуының болашақта тиімділігін алдын-ала көруге болады. Л.Клемент атап көрсеткендей, нәрселерді әдеттегідей түсініп, құбылыстардың ғылыми талдауына көшу зерттеушіге қиын болды. Сондықтан ғылым мақсаттарын қабылдау және меңгеру жеке зерттеуді тиімді ұйымдастырудың негізі болуы тиіс . Студенттердің сабақтан тыс уақытта табысты орындалған және оқу бағдарламасының талапттарына жауап беретін ғылыми-зерттеу, жобалау-конструкторлық және шығармашылық-орындаушылық жұмыстары сәйкес келетін курстық жұмыстар, лабораториялық жұмыстар, дипломдық жобалармен басқа тапсырмалардың орнына есептелуі мүмкін. Студенттердің ғылыми жұмыстары жыл сайын сәуірде өткізілетін студенттердің конференциясында баяндалады. Үздік «студенттік» жұмыстар жоғары оқу орындары студенттерінің конференциясына ұсынылады, ал бұл кезеңнен үздік деп танылған жұмыс аймақтық, республикалық байқауларға жіберіледі.
Ғылыми зерттеуге қатыса отырып, студент алған білімдерін бекітеді, толықтырады және оны жоғары сатыға көтереді. Олар өз бетімен жұмыс жасаудың әдістерін меңгереді, ғылыми эксперименттің техникасын игереді, оның қорытындысын түсінікті әдіспен өңдеуді жүргізеді және алынған мәліметтерден қорытынды жасайды. Сонымен, ғылыми-зерттеу жұмыстары аясындағы білім, білік, дағды болашақ мамандарды дайындаудың іргетасы болып табылады және жеке тұлғаның дамуында маңызды орын алады. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі ұйымдастырылып жүргізілетін тиімді түрлеріне: - оқу жоспары негізіндегі оқу-зерттеу жұмысы; - ғылыми зерттеу жұмыстарының кей мәселелерін (элементтерін) жүргізілетін дәрістерге қосу; - ғылыми бөліктерден немесе толықтай ғылыми зерттеуден тұратын дипломдық жұмыстар; - оқытушылардың нақты жетекшілігімен белгілі бір ауқымды мәселелерді шешудегі студенттердің өзіндік зерттеу жұмыстары; - ғылыми-зерттеу жұмыстарын іс-тәжірибелерге қосу; - берілген тақырыпқа байланысты орындалатын ғылыми реферат жұмыстары; - студенттердің ғылыми үйірмелері; - белгілі бір мәселе төңірегінде жинақталған студенттік ғылыми топтар немесе лабораториялық не басқа да шығармашылық бірлестіктер. - студенттердің әр түрлі деңгейлерде өткізілетін айтулы іс-шараларға қатыстырылуы (оқу орнындагі, ЖОО-дағы, аймақтық, республикалық, халықаралық). Мұндай іс-шаралар студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүйесін тұрақты дамытуға, сондай-ақ әрбір студенттің шығармашылық деңгейін арттыруға септігін тигізеді. Оларға қатыстылар: - Ғылыми-зерттеу жұмыстарына қабілеті бар студенттерден жинақталған топтарға арнайы өткізілетін дәрістер; - Барлық оқу жоспарларына «Ғылыми зерттеулердің негізі» атты курстарды ендіре отырып, студенттердің өзіндік ғылыми жұмыстарының өз қабілеті шеңберінде орындалуын, жаңаша ғылыми жұмыстарының, ғылыми зерттеу жұмыстарының зерттеу әдіс-тәсілдерімен танысу; - Түрлі ақпарат көздері негізінде студенттерді ғылыми-техникалық мәліметтермен қамтамасыз ету; - Студенттердің түрлі жаңашыл ғылыми ізденістерге қатысуын қамтамасыз ету. Сонымен қатар, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуы үшін нақты
ережелерде қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |