Кіріспе зерттеу жұмысының өзектілігі



бет1/2
Дата29.05.2020
өлшемі62,21 Kb.
#71643
  1   2
Байланысты:
дарынды балалармен жұмыс жүргізудің жолдары


КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Кез-келген елдің болашағы білім беру жүйесінің және зиялылар қауымының деңгейіне байланысты болғандықтан, Қазақстан халқына да әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде білім беру қажеттігі күмән тудырмайды. Әлемдік білім кеңістігіне еркін енуді көздейтін дарынды балаларға білім беру жүйесі туралы сөз қозғалғанда, ең алдымен, білім мазмұнын жаңарту мәселесі өзектілігімен ерекшеленеді.
Қазақстанның орта білім жүйесінің алдында бүкіл адамзат құндылық тұғырнамасында қалыптасқан, тәні және жаны сұлу, өзіне-өзі сенімді, ғылыми-теориялық білімділігі мен тәжірибелік қабілеттері арқылы күрделі әлемдік, өмірлік әрі әлеуметтік кеңістікке еркін ене алатын қасиеттерге ие дарынды тұлға тәрбиелеу мәндеттері қойылып отыр. Дарынды балаларға білім беруді әр ғылымның бүгінгі даму дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлауда икемді болса, екінші жағынан ерекше дарынды балалардың тек өзінің интелектуалдық дамуын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді. Дарынды оқушымен жұмыс істеу мұғалімнің өзіне, қызметіне және кәсіби жетілуіне өзгеше емтихан болып табылады. Дарынды балаға өзінің қабілетін еркін танытуға мүмкіндік беретін дарынана қарай бірегей тұлға ретінде дамуына жол ашатын білім беру жүйесін жетілдіру қажет. Талантты тани білу, дарындылықтың белгілерін дамыту осыған орай дайын мұғалімнің ғана қолынан келеді. Бастауыш сыныптарда мұғалім оқушылардың оқуға ынтасын тәрбиелеу арқылы қабілеттернің дамуына кең жол ашады. Мұғалім алғашқы күннен бастап оқушының ыждағаттығы мен бейімділдігін, оның қолынан не істеу келетіндігін, оқу мен еңбекке ұқыптылығы қандай екендігін есепке алып, оқу процесін осы негізге ойластыра жүргізген дұрыс. Әр оқушының жеке тұлға екені ғылыми еңбектерде жан-жақты зерттелгенімен, тәжірибе жүзінде, ұлттық мектептеріміздің оқу-тәрбие процесінде, тұлға ерекешеліктерін ескере отырып оқытудың толық жүзеге асырыла қоймауы-щещілмей отырған мәселелердің бірі.

Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты: Зияткерлік, шығармашылық дамытуға бағытталған дарынды балалармен жұмыстар жүргізуге жағдай туғызу.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет