Суретті таңдап өзіңізді таныңыз (психологиялық тест)
Психология – үлкен ғылым. Ол адамның жан дүниесі ғана емес, мінез-құлқын, болмысы мен ішкі арпалыс әлемін де зерттейді. Күреседі, адамға барынша жақсы жағынан өмір сүруге жағдай жасайды. Солардың бірі қарапайым психологиялық тест түрлері. Бұл арқылы сіз өзіңізді тануға мүмкіндік аласыз. Сонымен мына сегіз сурет ішінен өзіңізге ұнағанын таңдаңыз. Әр сурет астарына үңілу міндетті емес, тек көз жүгіртіңіз. Сіз таңдаңыз, біз сіздің мінезіңіз туралы жауап береміз.
Психология – үлкен ғылым. Ол адамның жан дүниесі ғана емес, мінез-құлқын, болмысы мен ішкі арпалыс әлемін де зерттейді. Күреседі, адамға барынша жақсы жағынан өмір сүруге жағдай жасайды. Солардың бірі қарапайым психологиялық тест түрлері. Бұл арқылы сіз өзіңізді тануға мүмкіндік аласыз. Сонымен мына сегіз сурет ішінен өзіңізге ұнағанын таңдаңыз. Әр сурет астарына үңілу міндетті емес, тек көз жүгіртіңіз. Сіз таңдаңыз, біз сіздің мінезіңіз туралы жауап береміз.
№2
№4
№6
Таңдаған суретіңізге қарай енді жауап арқылы өзіңізді таныңыз.
№1 сурет Сіз – перфекционист екеніңізді білесіз бе?! Бұл негізінде өте ауыр мінездердің бірі. Себебі сіз үшін әр нәрсе орнында тұруы керек, өлшемдерін де есептейсіз. Өз жұмысыңызды керемет жасайсыз, жұмыстан кешігу деген жоқ. Сіз тоқтауы жоқ, жұмысбасты адамсыз. Бірақ сізге іштей демалыс керек.
№2 сурет Сіз – қалжыңбассыз. Кез келген жағдайды, әңгімені әзілге айналдырып жібересіз. Сіз үшін өмірдегі басты құндылық – күліп өмір сүру. Бұл әрине керемет қасиеттердің бірі, дегенмен салмақты әңгіменің ажарын кетіріп алуыңыз мүмкін. Сақ болыңыз!
№3 сурет Сіз – шығармашылықтың адамысыз. Айналаңыздың бәрі сізді қанағаттандырады. Әр нәрседен ләззат ала білесіз. Ішіңізде жатқан өнерді сыртқа шығарыңыз. Ұялмаңыз.
№4 сурет Сіз – ләззат алудың шеберісіз. Тәтті тағамдар, керемет жерлер, самала желдің шашыңызды сипап өткені, денеңізге тиіп кеткен жапырақтың өзінен де ләззат аласыз. Сіз өмірді тек қана жақсы жағынан қабылдайсыз. Бірақ абай болыңыз, кез келген жүрекке тиетін жағдай көңіліңізді қалдыруы мүмкін.
№ 5 сурет Сіз – романтиксіз. Нағыз шынайы сезім мен махаббат сіздің жүрегіңізде тоғысып жатыр. Сіз шынайлықты жақсы көресіз. Өмірді, ондағы әрбір құбылысты сүйесіз.
№6 сурет Сіз – ақкөңілсіз. Сіздің достарыңыз сізден кез келген жағдайда көмек сұрай алады. Себебі сіз адамдардың көңілін таба білесіз әрі адалсыз. Бірақ өзіңізді де ойлап тұрған дұрыс. Себебі сізге де көмек керек.
№7 сурет Сіз – тәуекелдің желкенісіз. Сіз үшін биіктен құлау, сүріну ештеңе емес. Алған бетіңізден қайтпайтын, намысшыл әрі қабілетті жансыз. Сіз үшін адреналин өмірдегі басты мақсат секілді. Тәуекелге барудан қорықпайсыз.
№8 сурет Сіз – тыныштықты қалайтын жансыз. Өз өміріңізді өзіңіз қалыптастырған, сізге ешкім тимесе сіз ешкімге тиіп кетпейтін сабырлы адамсыз. Тыныштықты жақсы көресіз. Айғай-шуда шаруаңыз жоқ, бастысы – амандығыңыз.
Сурет таңдап, өзіңізді таныңыз (психологиялық тест) Үш суретке мұқият қараңыз. Жаныңыз жақын тартқан біреуін таңдап, нөміріне сәйкес сипаттамасын оқыңыз.
1. Жараланғыш, арманшыл, сезімтал Сіз барлығынан жақсы жағын көруге тырысасыз. Жүрегіңіздің үніне құлақ түресіз. Жеке өмірде бірнеше рет аузыңыз күйген, сонда да үрлеп ішейін демейсіз, эмоция мен сезімге берілген жансыз. Өмірге реалистік көзбен қарағыңыз келмейді, одан бұлт үстінде қалықтап жүруді қолайлы көресіз. Жаныңыз шығармашылыққа жақын, әлемді жақсы бағытқа бұра аласыз. Ұстанымдарыңызға адал болыңыз, адамдардың мойныңызға отыруына жол бермеңіз. Әлдекім сізді ренжітер болса, оны өміріңізден сызып тастаңыз.
2. Күтпеген әрекетке баратын, көңілді әрі батыл жан Сізге бір орында отырудан қиыны жоқ. Күнделікті бір іспен айналыса берсеңіз, солып қаласыз. Үнемі тәуекелге баратын, көңіл көтеретін істермен айналысуыңыз керек. Әр күніңіз мереке секілді, сізбен жүргенде ешкімнің іші пыспайды, мұны барлығы мойындайды. Ешкімнің ойына келмеген әрекеттерді істейсіз, бірақ қателік жасасаңыз, оны мойындауыңыз қиын. Әр минутыңыз бен секундыңыз үшін қуанасыз. Өткенмен өмір сүру сіздің еншіңізде емес.
. Сенімді, күшті, ерекше жаратылыс Сіздің креативтілігіңіз бен ұшқыр қиялыңызға өзгелер қызыға да қызғана қарайды. Кез келген жағдайда судан құрғақ боп шыға аласыз. Ешкімге сене алмайсыз, барлық мәселені өзіңіз ғана шешесіз. Әлдекімнен көмек сұрау дегенді білмейсіз, намысыңыз биік, ешкімге тәуелді емессіз. Өмірлік стиліңіз бен еркіндігіңізді қадірлейсіз. Көпке ұқсамайсыз. Ұйымдастырушылық қабілетіңіз жоғары дамыған. Дегеніңізде тұратын және адамдарды өзіңізге баурап алатын қасиетіңіз мансап жолында көп көмектеседі. Бірақ жеке өмірде де нағыз бақытқа лайық екеніңізді ұмытпаңыз.