Тағамдық токсикоинфекциялар — экзотоксин бөлетін шартты патогенді бактериялармен шақырылатын, асқорыту жолдарының жоғарғы бөліктерінің зақымдалуымен және су-тұзды алмасудың бұзылуымен өтетін жедел, қысқа уақыттағы аурулар тобы.
Тағамдық токсикоинфекциялар — экзотоксин бөлетін шартты патогенді бактериялармен шақырылатын, асқорыту жолдарының жоғарғы бөліктерінің зақымдалуымен және су-тұзды алмасудың бұзылуымен өтетін жедел, қысқа уақыттағы аурулар тобы.
Этиологиясы
Қоздырғыштарына адам ағзасынан тыс, тағамда экзотоксиндер өндіре алатын қасиеттері бар, көптеген шартты патогенді бактериялар жатады.
Энтеротоксин өндіруші қасиеті бар, аурудың жиі кездесетін қоздырғыштарына Clostridium perfringens, Proteus vulgaris, Proteus mirabilis, Bacillus cereus, Klebsilla, Serratia, Enterobacter, Citrobacter, Pseudomonas, Vidrio жатады.
Цитотоксин өндіруші қасиеті бар коздырғыштарға Klebsilla pneumoniae, Enterobacter cloacae, Clostridium perfringens, St aureus, Aeromonas hidrophila, Vibrio parahaemoleicus және т.б. жатады.
Эпидемиологиясы
Табиғатта таралуы: адаммен жануарлардың нәжісінде, топырақта, суда, ауада, заттардың үстінде.
Берілу жолы – алиментарлы. Аурудың берілу факторларына жиі ет, балық тағамдары, шұжық, жұмыртқа, балық консервалары, сүт, шырындар, лимонад, сыра және т.б.
Қабылдаушылық — жоғары деңгейде, залалданған тағамды қабылдаған адамдардың 90-100% ауруы мүмкін.
Мерзімділігі - Ауру жыл бойы, көбінесе жаз айларында кездеседі.
Патогенезі
Асқазанға түскен уақытта тағам құрамында бактериялармен қатар токсиндер түседі.
Осының нәтижесінде инкубациялық кезең өте қысқа болады.
Энтеротоксиндер асқазан мен ішектің эпителиальды клеткаларымен байланысып, эпителиоциттердің ферменттік жүйелеріне әсер етеді.
Аденилциклаза мен гуанилциклаза шырышты қабат клеткаларының биологиялық активті заттардың (циклдік АМФ, циклдік ГМФ) түзілуін жоғарылатады.
Токсиндер әсерінен простагландиндердің, гистаминнің, ішек гормондарының түзілу жылдамдығы жоғарылайды.