Тақырыбы: Аштықтың демографиялық салдарлары



бет1/4
Дата07.02.2022
өлшемі0,97 Mb.
#90874
  1   2   3   4
Байланысты:
Аштықтың демографиялық салдарлары


ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

6В06102 -Ақпараттық жүйелер


Тақырыбы: «Аштықтың демографиялық салдарлары»


Пән жетекшісі: Берлибаев Е.Т
Орындаған: Бишер С.М

Алматы, 2020 ж.

Жоспар:


  1. Кіріспе: Аштық. Қазақ қалай аштыққа ұрынды?

  2. Негізгі бөлім:

  • Ашаршылықтың демографиялық салдары, халықтың қиын тағдыры

  • Ашаршылықтың қазақ халқына тигізген зардаптары.

  • Сол кездегі биліктің екіжүзділігі, «Сталинге хат»

  1. Қорытынды

  2. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



Кіріспе
Аштық. Қазақ қалай аштыққа ұрынды?
Большевиктер өкіметті басып алғаннан кейінгі жылдары қазақ жері екі дүркін- 20-жылдар басында және 30-жылдар басында жантүршігерлік ашаршылықты бастан өткерді. Осы аштықтарда қазақтың қырылғаны қырылып, аман қалғаны бас сауғалап тоз-тоз болып, халық ретінде жойылудың аз-ақ алдында қалды.
Қазақ қалай аштыққа ұрынды? Енді сол жайлы айта кетсек.
Еріктілік ұстанымы мен қарапайым заңдылықтың бұзылуы әуел бастан-ақ барлық жерге тән сипат алды. Сайлау құқықтарынан айыру, «тәрбиелеу мақсатымен» тұрып жатқан жерінен басқа ауданға жер аудару немесе ұзақ уақыт қамауда ұстаумен қорқыту сияқты күштеу тәсілдері мейлінше дағдылы және кең таралған тәсілдерге айналды. Ең ынталы «ұжымдастырушылардың» ұнататын құралы ауытқушыларды кулак құйыршықтарына жатқызу еді. Мыңдаған ауқатты және орташа шаруашылықтар солардың қатарына жатқызылды.
Кулактарды жою дейтін науқанның зардаптары ауыр болды.Жоғарыдан берілген нұсқауларда жойылатын кулак қожалықтарының жалпы шаруашылықтар санындағы үлесі 3-5%-дан аспауға тиіс болатын. Көптеген аудандарда кулактардың мөлшері бұған жетпейтін болып шықты. Алайда жоғарыдан берілген нұсқаудың қандайын болса да ой елегінен өткізіп жатпай-ақ орындауға үйренген әміршіл-әкімшіл басқару жүйесі әдісімен тәркіленген кулактар санын барлық жерде жоғары шегіне дейін жеткізді,жоспарды екі,кейде үш есе асыра орындады. Асыра сілтеушіліктің салдарынан қанаушы санатына кейбір ауқатты және орташа ауқаттылар да тәркіленіп кетті. Кулактар қатарына жатқызу үшін темір шатырлы үйінің немесе екі атының болуы жеткілікті еді.
Кей жерде кедейлер мен орта шаруаларды орынсыз соттау және олардың малын жөнсіз тәркілеу,меншік құқығынан айыру,тұрақты мекенінен күштеп көшіру орын алды. Ұжымға енгісі келмегенкедейлер мен орташаларды Қазақстаннан тыс жерге жер аударумен қорқыту немесе кулактар қатарына жатқызу құбылыстары ұшырасты.
Ақмола округінде стталған үй ішімен қоса 24 сағ ішінде жер аудару фактісі орын алды. Алматы және Петропавл округтерінде кейбір ауылдарда қара байкот жарияланып, онда терезелерге тақтай қағылыптасталды,пешке от жағуға рұқсат етілмеді. Тұтас қоныстарға байкот жасалған жағдайлар да кездесті.
Ақтөбе және Павлодар округтерінде кедейлерді ұрып-соғу.оларды суық су құйып азаптау,қыс кезінде суық қамбалар мен қоймаларға күзетпен қамап қою орын алды,кулактардың үйлерінде жаназа рәсімін өткізуге жол берілді.
1932-1933 жылдар аралығында Қзақстан жөніндегі Бірікке Мемлекеттік саяси басқарма (БМСБ) уәкілетті өкілдігінің үштігі толық емес деректер бойынша 9805 іс қарап, 22933 адам жөнінде шешім қабылдаған. Солардың ішінд 3386 адамға ең ауыр жаза-ату, 13151 адамға 3 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге концентрациялық лагерьге қамау жөнінде үкім шығарылды. Үштіктің хаттамалары Қазақ өлкелік партия комитетінің жабық мәжілістерінде қаралып,оларға хатшылардың бірі- Ф.Голощекин, І.Құрамысов, ал 1930 жылғы 9 наурыздан бастап, БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің өкілі Г.Рошаль қол қойып отырды.

Саяси жер аударылғандың бір тобы Павлодар қаласынан КСРО Орталық Атқару Комитетінің Төралқасына былай деп хат жазған екен: «...Жекелеген фактілер келтірмей-ақ, жалпы сипатта алғанда, ауылдар мен селелорда сұмдық оқиғалармен қоса аштық кең көлемде етек алған. Ит.мысық желініп жатыр... Халық аштықтан ісініп өлуде... Ал тірі қалғандардың аштықтан әлсірегені сонша, өліктерді жерлеуге де шамасы келмеуде: өліктер шашылып жатыр...»

Осылай өркениетті кооператорлар қоғамын құру шаралары бүкіл елді тығырыққа тіреді. 1930-1932 жылдары аштық етек алды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет