Тақырыбы: Қазақстан 2050 стратегиясы: «Бір халық-бір ел-бір тағдыр» Мақсаты



Дата10.07.2017
өлшемі40,29 Kb.
#20962
түріСабақ
Тақырыбы: Қазақстан 2050 стратегиясы: «Бір халық-бір ел-бір тағдыр»

Мақсаты: Қазақстанда тұрып жатқан 130-дан астам ұлт өкілдерімен тату-тәтті, бір шаңырақтың астында бейбіт өмір сүру. Татулық, бірлік, ынтымақ деген сөздердің мағынасына тоқталу.

Міндеттері:

  1. Өз Отанының ұлтжанды азаматы болуға және өз елінде тұратын өзге ұлт өкілдерінің салт-дәстүрлерін сыйлап, құрметтей білуге тәрбиелеу.

  2. достық, татулық тақырыптарына постер құрату, сол құрған постерларын өзара дәлелдеуде оқушылардың Отанына деген ұшқыр сезімдерін ояту, туған жерге деген махаббатттарын жетілдіру.

  3. Отынын сүюге, өз ұлтын мақтан етуге тәрбиелеу.

Түрі: тәрбие сағаты

Көрнекілігі: слайд шоу (интербелсенді тақтада), флипчарт, маркер, стикерлер, топқа бөлінетін суреттер.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, хабарлау, әңгімелесу.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:

А) Оқушыларды сыныпқа кіргізу, сынып сағтының барысымен таныстыру;

Ә) Топқа бөлу:

Шашыранды әріптер тарату, сондағы шыққан сөздермен топтарға бөлу.

Ол сөздер: Отан, Тату, Халық.

«Миға шабуыл»

Әр топ өздерінің шыққан сөздеріндегі әріптеріне тез, сөйлем құруы керек.

Мысалы: Отан деген сөзге: Орал тауы асқан нар.

Қысқаша сұрақтар:


  • Біздің Отанымыз қай жер?

  • Сен Отаныңа кімсің?

  • Қазақстан Республикасы қай жылы тәуелсіздік алды?

  • Қазақстанның астанасы қай қала?

  • Сен қай қалада тұрасың?

  • Ол қалада не шығарылады?

  • Ендеше осы елде қанша халық тұратыны және нешеден астам ұлттың барлығы туралы білгің келе ме? (слайдттан көрсету)

Кіріспе сөз:

Бүгінде Республика халқының саны – 17 000 000 адам. Сондай-ақ елімізде 130-дан астам өзге ұлт бар. ҚР Статистика агенттiгiнiң мәліметіне қарағанда, Қазақстан халқының ішінде қазақ ұлтының үлесi 63,6 пайызды, орыстар – 23,3, өзбектер – 2,9, украиндер – 2, ұйғырлар – 1,4, татарлар – 1,2, немiстер – 1,1, басқа ұлыстар 4,5 пайызды құрайды. Сондай-ақ Қазақстанда кейбір ұлттардың аз ғана өкілі өмір сүріп жатыр. Мәселен, олардың қатарына саха, мордва, болгар, ғағауыз сынды ұлттарды жатқызуға болады. Бұл ұлт өкілдері бүгінде жер иесі – қазақтармен тату-тәтті, бірлікте және жарасымды тіршілік кешуде

Қазақстан Республикасының Президенті-Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан 2050 стратегиясы: Бір халық- бір ел-бір тағдыр» деп берген. Онда қаншама қиындықты бірге көрген осы жұрттың өз халқым деп, бір аспан аясында өмір сүргендіктен тағдырының да бір екендігі жайында жазған. Осыған орай өзіміздің кішкене Отанымыз Ақтаста тұратын барша халықтыңда тағдырының бір екендігі қарапайым сұрақтың дәлелі болмақ. Оқитын мектебіміз, ішетін суымыз, жейтін нанымыз да, жұтып жатқан аумыз да, осы Ақтастағы қыбырлаған, жыбырлаған жәндігіде, ұшқан құсыда бәрі бәрі ортақ.

(видео ролик көрсету, алдарына қағаздар таратып беру, татулық, достық, бірлік осы сөздерге сурет салғызу, музыка қосып қою)

(Әр топ өз постерларын дәлелдеп шығады)

Татулық, достық, бірлік-барлығы синоним сөздер. Біз бір аспан аясында тұрып, тату, дос болсақ, біз бақтты, бейбіт ел боламыз. Сондықтан бір-бірімізді сыйлап, досты қадірлеп, көршімен тату болуымыз керек.



Ширату:

  • Кім Отан туралы тақпақ біледі?

  • Отан деген сөзде көп мағына жатыр?

  • Кәне өздерің ойланып көріңдер?

  • О-нені білдіреді? (от, ошақ, отбасы,)

  • Т-нені білдіреді? (тас, тарих, тату,)

  • А-нені білдіреді? (адал, адам, азамат)

  • Н-нені білдіреді? (нағыз, намыс, )

  • Сонымен қандай сөзің баламасы шықты?

  • Отбасы, тату, адам, нағыз.-осы сөздерден кім дұрыс сөйлем шығарады?

  • Отбасындағы татулық-нағыз адамшылық.

Қорытынды:

  • Қазақстанда қаншадан астам ұлт өкілдері тұрады?

  • Бір халық-бір ел-бір тағдыр дегеннің мағынасы қалай?

  • Татулық дегенді қалай түсіндіңдер?

Рефлексия:

Осы Отанымыздың келешегі сендер секілді жас бүлдіршіндердің қолында. Ендеше қазір мен сендерге қол таратып беремін, соған өзідеріңнің ойларыңды жазыңдар.



Сұрақ: Қазақстан 2050 жылы қандай болсын.

Бейбіт елдің болашағының гүлденіп өсу сендер секілді жас бүлдіршіндердің қолында. өз Отандарыңды аялап өтуге, оны асырауға дайынсыңдар ма: ӘРҚАШАНДА ДАЙЫНБЫЗ!!!!!!!!!!!!


«Саран қаласының №16 орта жалпы білім беретін мектебі» КММ



Тақырыбы: «Бір халық-бір ел-бір тағдыр»

(тәрбие сағаты)




Өткізген: Илимбаева А. Б.

2013-2014 оқу жылы
Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет