Тақырыбы: «Бал арасы туралы ақиқат» Секция: дүниетану,биология. Зерттеуші



Дата31.01.2018
өлшемі1,05 Mb.
#36499
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Жамбыл облысы,Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімі
Қызыл ту орта мектебі КММ


Тақырыбы: «Бал арасы туралы ақиқат»


Секция: дүниетану,биология.

Зерттеуші: 2 сынып оқушысы

Мейірқұл Асылбек Нұрпейісұлы




Ғылыми жетекшісі: Конкашова Фарида

ӘБЖАПАР АУЫЛЫ

Мейірқұл Асылбек Нұрпейісұлы

Туған жылы..............................................................05.06.2007 жыл
Оқитын сыныбы......................................................2 сынып
Сыныптағы атқаратын міндеті.............................Оқу секторы
Сүйіп оқитын пәні...................................................Әдебиеттікоқу,дүниетану
Өнері..............................................................Мәнерлеп өлең оқу,рөлдік ойындар
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
І.Негізгі бөлімі

1. 1. Бал арасы қандай жәндік?


1. 2. Ара ұяшықтары


1.3.Бал жинау

1. 4. Бал арасы туралы құранда және хадистерде


1. 5. Балдың пайдалы қасиеттері


1.6. Медицинада арамен емдеу
1.7. Бал арасы және ауыл шаруашылығы

Қорытынды


Пайдаланылған әдебиеттер

А н н о т а ц и я

Аралар –жарғаққанаттылар отрядының өкілі. Қазақстанның барлық облыстарында кездеседі. Ара топталып, үлкен ұя болып тіршілік етеді. Бір ұяда бір ұрғашы ара (аналық ара), бірнеше жүз еркек ара және ондаған мың (100 мыңға дейін) «жұмысшы» ара болады. Ұрғашы ара ұяда ұрпақ өсіреді. Ол аралардың ішіндегі ең ірісі, жыл маусымына қарай денесінің ұзындығы 20 – 25 мм, ал салм. 150 – 300 мг-ге жетеді. Тәулігіне 2 – 3 мың, маусымына 200 мың ұрықтандырылған жұмыртқаға дейін ,кейде ұрықтандырылмаған жұмыртқа да салады.Ұрықтандырған жұмыртқадан ұрғашы, жұмысшы және аналық аралар,ал ұрықтандырылмаған жұмыртқадан тек еркек аралар ғана шығады.



Жұмысшы бал арасының гүлді өсімдіктердің шырынынан өңдеп шығаратын өнімі – қоймалжың, тәтті сұйықты бал деп атайды. Және де бал арасынан фармацевтика, электротехника, авиация өнеркәсіптерінде пайдаланылатын органикалық зат – балауыз алынады. Аралардан прополис (ара желімі), ара уы, гүл тозаңы, биологиялық белсенді заттары бар және емдік әсері өте күшті сүт дайындалады. Бал арасының тіршілігін бақылау адамды табиғатты жақсырақ білуге, байқағыштыққа, еңбексүйгіштікке баулиды.

Апитерапия немесе бал аралары, бал өнімдерімен сауықтыру – ежелден келе жатқан ем-дом түрі. Тіпті балды дәрі-дәрмекпен бірге қабылдаса, дәріден ағзаға сіңген химиялық улы заттарды біртіндеп сыртқа шығарады.


Араның тіршілігі гүлдермен тығыз байланысты болады, олардың негізгі қорегі – гүлдерден тәтті шырындар мен тозаңды жинайды. Аралардың өсімдікке тигізер пайдасы орасан зор: олар ұшып-қонып жүргенде гүлдерді айқас тозаңдандырады да, өсімдіктің өнімділігін арттырады

Ара шаруашылығынан алынатын өнімдер. Араның беретін негізгі өнімі –бал – әрі дәмді, диеталық тағам, әрі емшілік қасиеттері мол, құрамында глюкоза мен витаминдер, микро- және макроэлементтер, организмге пайдалы тағы басқа, барлығы жүзден асатын, құнды ингридиенттер бар. Сонымен қатар араның уы (пчелинный яд), аналық сүтше (маточное молочко), балауыз (воск), ара желімі (прополис, пчелинный клей) сияқты өнімдерді береді.

Зерттеуге алған тақырыбым:

Ара туралы ақиқат.

Тақырыпты таңдаудағы мақсатым:

Мен табиғатымнан жиі ауыратын баламын.Ауырған кезде анамның емдік шараларының бірі –бал қосылған сүт.Осындай кезде мені мынадай сұрақтар мазалады: «Балды қайдан алады ?Оны қандай ара жасап шығарады?Араның қандай түрлері бар? Балды қандай ауруларды емдеуге қолданады?»Тақырыпты осы сұрақтардың жауабын табу мақсатында таңдадым.

Менің жобамның басты мақсаты:

Бал арасы туралы жан-жақты деректермен танысу,оның балының пайдасын білу,зерттеу адамдардың оны қандай жағдайларда пайдаланылатынымен кеңірек танысу.



Міндеттері:

  • Бал арасының түрлерімен танысу;

  • Бал арасының өнімі туралы білу;

  • Бал арасы туралы Қасиетті Құранда ,хадистерде не жазылғанын білу;

  • Бал арасының балының пайдасы және арамен емдеу туралы мағлұмат алу;

  • Бал арасының ауыл шаруашылығында алатын орнын білу;

Зерттеу нысаны : Бал арасы

Қосымша зерттеу заты: Бал

Зерттеудің өзектілігі:

Мен балды күнделікті өмірде жиі қолданғанмен оны қайдан ,қалай алынатынын,оны қандай ара жасайтынын біле бермеймін.

 Зерттеудің болжамы:

Егер мен бал арасы жайлы көбірек оқып білсем, онда бал арасы туралы ақиқатты білер едім.

  Зерттеу әдістері:

-ғылыми әдебиеттердегі анықтамалармен танысу

-бал арасы туралы мақалалармен танысу, талдау.

-дәйектермен, дәлелдермен салыстыра баяндау әдісі.



-жинақталған ақпараттарды талдау ,қорыту.


З е р т т е у к е з е ң д е р і



КІРІСПЕ

«Егер жер бетінен бал аралары құрып кетсе ,төрт жылдан соң адамдар да өледі»,деп кезінде Альберт Эйнштейн айтқан екен.Бұл сөздің ғылыми астары бар екенін ғалымдар дәлелдеді.Ал экономисттердің болжамынша ,бал араларының жойылуы азық –түлік дағдарысына ,сөйтіп,жаппай ашаршылыққа ұрындырады.Өйткені ,бұл жәндіктер өсімдіктерді тозаңдандыра отырып,адамзат тұтынатын барлық азық –түлік көлемінің үштен бір бөлігінің жиналуына себепші.Дәнді дақылдар мен бау бақша өнімдерінің 80-90 пайызы бал араларының әрекеті арқасында дамып жетіледі екен.Алайда зоологтар соңғы 10 жылда бұл жәндіктер қатарының сирей бастағанын айтуда....Жыл сайын АҚШ-та ара ұяларының 30-35 пайызы қырылып қалады,ал Европада әр қыстан соң бал араларының 20 пайызынан айырылады.Енді бал араларының жойылуы Латын Америкасы мен Азияда да байқалуда.


Бал аралары өте еңбекқор жәндік .Бал жинауда жыл мезгілі ,ауа райы ,ара ұясының күйі ,өсімдік түрі және оның омартаға қашықтығы ,шірненің бөліну дәрежесі маңызды рөл атқарады .Бал арасы балға қажетті гүл шірнесі мен тозаңын жинау үшін тынбастан гүлден гүлге қонады.Негізінен бұл істі «жұмысшы»аралар ғана атқарады.Аралар жайылған кезде ондаған шақырымға дейін алаңсыз ұшып кете береді.Және адаспай өз ұяларын тауып қайтады.Барлауға шыққан ара ә дегеннен шырынды гүл мен шүйгінді шөпті іздейді.Тапқан кезде өздеріне тән белгілер арқылы кейінгілеріне хабар береді.

Бал-гүл шірнесінен ара арқылы алынатын қантты сұйық зат.Бал өте қоректі ,әрі ағзаға жақсы сіңетін,шипалы тағам.Ара балының 80 пайызы глюкозадан тұрады.Оның құрамында адам ағзасына қажетті 70-ке жуық зат бар.Оның ішінде А,В,С тағы басқа көптеген дәрумендер,хош иісті заттар,органикалық қышқылдар,марганец,мыс сияқты микроэлементтер,кальций,натрий,калий,магний,темір,фосфор тұздары, химиялық заттардың алмасуын күшейтетін ферменттер және белок болады.

І.1.Бал арасы қандай жәндік?


Бал арасы-жарғақ қанатылар отрядына жататын жәндік.Ұзындығы 1-1,5 сантиметр.Бұл- өте пайдалы ,үйірімен топтанып ұшатын жәндіктер қатарына жатады.Бір аралар отбасында бір ұрғашы ,бірнеше жүз аталық еркек ара ,100 мыңға жуық жұмысшы ара болады.Бұлардың бәрі бір ұяда мекендейді.

Бал аралары негізінен аналық,аталық және жұмысшы болып үшке бөлінеді.Бұлардың әрқайсының өзіне тән міндеттері бар.Қай қайсы да өз міндетін барынша тыңғылықты орындайды.

Мәселен, аналық ара жұмысшы араларға гүл тозаңы мен бал жинатып,ұя салдыртады,ұрпақ өсіреді.Ұрғашы аналық ара күн сайын1000-2000 жұмыртқа салады.Жыл өткен сайын жұмыртқалауы кемиді.Сондықтан оларды 1-2 жылда жас аралармен алмастырып отырады.Не бәрі 5-6 жыл ғана өмір сүреді.Еркек араның міндетіне аналық араны ұрықтандыру жатады.Аталық ара шірне жинамайды,ұя тазаламайды,тек ашық күндері ұшады.Оның аяқтарында гүл шірнесін жинайтын «кәрзеңкесі»болмайды.Аналық арамен жақындасқан соң бірден өледі.Ал негізгі «қара жұмыстың» барлығын жұмысшы аралар орындайды.Бұлар 3-4 күндік личинкаларды қоректендіреді,аналық араны күтеді.Сонымен бірге ,алысқа ұшып «барлаушылық»қызметті де атқарады,гүл шірнесін жинайды,балауыз бөліп ұя салады.Сол ұяны тазартады,ұя қабырғасының саңылауларын ара желімімен ,яғни прополиспен бітейді,сөйтіп,ұяны қорғайды.



Бал арасы дәнді дақылдарды ,жеміс –жидек және бақша дақылдарын, мақта мен мал азығы дақылдарын тозаңдандырады.Бал арасы 100 грамм бал үшін миллионға жуық гүлден шірне жинайды.Егер гүлді алқап ұясынан 1,5 шақырым жерде болса,ол 1 килограмм бал үшін 360-460 шақырым жер ұшады.Ара уы мен желімі медицинада пайдаланылады.Оның балауызы көптеген сүртпе майлардың құрамына енеді,косметикада құнды шикізат ретінде қолданылады.Жұмысшы арадан бөлінетін сөл –емдік препарат болып табылады.

АТАЛЫҚ АРА



АНАЛЫҚ АРА




ЖҰМЫСШЫ АРА
















І. 2. Ара ұяшықтары

Бал арасына тамаша ұя жасау қабілеті берілген.Олар ұясын алты бұрышты геометриялық пішінде жасайды.Математиктердің есептеуінше ,бал ұяшығын алты бұрышты етіп жасауында үлкен тиімділік бар екен.Алты бұрышты ұяға материал аз жұмсалып,балдың сыйымдылығы мейлінше артатын көрінеді.Яғни ,бұл өте тиімді ұя жасау тәсілі.Сонымен бірге ,ұяға зер салып қарасаңыз әрбір қабырғасы мен бұрыштарының өлшемі бір бірімен керемет үйлесімділікпен ,дәлдікпен келетінін байқайсыз.Бейне бір түзу ,сызық бойына сызғышпен өлшей отырып,әдейі орналастырып жасалған.Осы жерде «Ол неге үш немесе төрт бұрышты емес,болмаса неге сегіз бұрышты болмаған?»деген сұрақ туындауы мүмкін.Ғалымдардың айтуынша және дәлелдеуінше ,тегіс кеңістікте ұя тор жасушаларын бір бірімен үйлесімді жалғастықпен ,арасында қуыс қалдырмастан әрі дөңгелете орналастыру ісінде алты бұрышты геометриялық кескіннен артық қолайлы «сәулет» өнері мүмкін емес.Қолыңызға қалам алып жайлап сызып қарасаңыз,алты бұрыштың әрбір қабырғасының келесі алты бұрыштық кескіндемеге жалғасуға өз-өзінен сұранып тұрғанын байқайсыз.Яғни алғашқы алты бұрыш пен келесі алты бұрыш арасында ие шаншар жер қалмайды екен.

Ара ұяшықтарын жасаудағы аралардың қолданатын тәсілі де таңғаларлық.Аралар бұл іске бірден екі-үш жерден бастап кіріседі. Бәрі бірдей өлшемде алты бұрыш жасап ,бұларды кейіннен бір-бірімен біріктіріп әкеліп бал ұяшықтарын тоқиды. Сонда барлығы бір жерден шығады екен. Алты бұрыштардың бір-бірімен шебер жымдастырылғаны сондай ,әрбір қабырғаның бөлек тоқылғанын байқау өте қиын.

Ұялардағы тазалық ,бұзылған жерлерін жөндеу ,жас араларды қоректендіру жүйелі түрде іске асады.Егер ұяның іші қапырық тартса,қанаттарын қағып жұмыртқаларын салқындатады.Ал суық болса жұмыртқаны жан жағынан көлегейлеп жылытады.

Ғалым Ибн әл-Қайым өзінің «Шипа» деген еңбегінде үлкен шеберлікпен салынатын ара «үйінің»тағы бір артықшылығы балды еш қуыс қалдырмастан толтыруға тек алты бұрышты ыдыс қана лайық екенін,ал үш,төрт бұрышты ыдыстарға да құюға болатындығын ,бірақ ол ыдыстардың бұрыштары қуыс болып қалатындығын жазған .Себебі ,олардың бұрышы алты бұрышты сияқты аса кең емес .Ара өз ұясын таза балауыздан тоқиды.Әрине мығым болу үшін.Оны дәлелдеу үшін ара ұясын оңайлықпен қағаз я болмаса шыбық сияқты сындыра да ,жырта да алмайсыз.Бұл балауыз қабырғалар –мүлдем ауа өткізбейтін қасиетке де ие.Ондай жағдайда арнайы тор –жасушаларға тасталған аралардың ұрығы ,яғни личинкалардың жайы не болмақ?Бұл еңбекқор жәндіктер оның да амалын тапқан.Атап айтқанда,аралар ондай болашақ ұрпақтары жайғасқан торлардың бетін гүлдің тозаңы араласқан балауызбен жабатын көрінеді.Сонда ғана личинкаларға ауа барып тұрады екен.



Ұясының алты бұрышты барлық торларын балмен толтырып,оларды бекітіп болғаннан кейін еңбекқор аралар жаңа «жайылым» іздеуге тиіс.Оны табысымен әлгі жерде де дереу жаңа ұясын жасауға кіріседі.Қайтадан шырын жинау ,оны балға айналдыру.
ЖҰМЫСШЫ АРА ҰЯ ЖАСАУ ҮСТІНДЕ



І.3.Бал жинау


Бал аралары өте еңбекқор жәндік.Бал жинауда жыл мезгілі,ауа райы ,ара ұясының күйі,өсімдік түрі және оның омартаға қашықтығы шірненің бөліну дәрежесі маңызды рөл атқарады. Бал арасы балға қажетті гүл шірнесі мен тозаңын жинау үшін тынбастан гүлден гүлге қонады.Негізіне бұл істі «жұмысшы аралар»ғана орындайды.Аралар жайылған кезде ондаған шақырым жерлерге алаңсыз ұшып кете береді.Және адаспай өз ұяларын тауып қайтады.Барлауға шыққан ара ә дегеннен шырынды гүл мен шүйгінді шөпті іздейді.Тапқан кезде өздеріне тән белгімен кейінгілерге хабар береді.

 Әр ара өзінің «қоржынына»өз салмағының жартысына жететіндей шірне жинай алады.Олар жинаған шірнелерін ұядағы жас араларға жеткізеді.Жас аралар шірнені тор көзшелерге салады.Іле қанаттарымен желдетіп ,артық ылғалын жояды.Араның сілекей безі шірнедегі қант құрамын өзгертіп, оны балға айналдырады.Көзшелер балға толған кезде ара оны балауыз қақпақшамен жабады.Мұндай бал ұзақ сақталады.Араның бал жинауы өсімдіктердің жаппай гүлденуімен тұспа тұс келеді.Сондықтан көктемде жиналған балдың сапасы өте жоғары бағаланады.

Өсімдіктердің бір түрінен жиналған бал «бір шырынды» ,ал бірнеше өсімдік түрінен жиналға бал «көп шырынды» деп аталады.Оны өсімдіктің түріне қарай атайды.Қазақстанда әр ұядан орта есеппен жылына 15кг жекелеген бал арасын өсірушілер 180 кг дейін бал жинайды.
Өмірде табиғи балды ажырату оңай емес. Қантты бал араны қант шырынымен қоректендіру арқылы алынады. Сатушылар оны табиғи балға араластырып сатады. Бұл орайда табиғи, жасанды балды ажыратуға ешқандай анализ көмектеспейді. Жасанды балдың құрамында қант, қант крахмалы, ұн, желім, гипс болады. Оның кейбірін үй жағ-дайында анықтауға мүмкіндік бар. Ол үшін бір стақан қайнаған су аласыз да оған балды араластырасыз (Бір стақан суға жарты стақан бал). Сол кезде тұнбаның төменгі жағында немесе бетінде механикалық қалдықтар шыға келеді. Ол – балдың құрамында крахмалдың бар екендігінің айғағы.

Гүлдейтін қанша ма өсімдіктер бар болса, сонша ма балдың түрлері бар.



БАЛ АРАСЫНАН АЛЫНҒАН ӨНІМДЕР









І.4. Бал арасы және бал туралы құранда және хадистерде.

Қасиетті Құранда «Аралар» атты сүре бар. Оның 68 аятында: «Раббың араға былай деп нұсқады: «Тауларға,ағаштарға,құрылыстарға ұя сал!»делінген.Жаратқандарының әрқайсысына өзіне тән құпия қасиеттер дарытқан,тиісінше несібе берген Аллаһ аса қамқор ,ерекше мейірімді ғой.

Сол «Аралар» сүресінің 69 аятында : «Содан кейін түрлі жемістермен қоректеніп,Раббың көрсеткен ,қолайластырған жолдармен жүр.Араның қарындарынан түрлі –түсті бал шығады.Онда адам баласы үшін шипа бар.Шын мәнінде ,мұның өзі –түсінген жан үшін ғибрат»-делінген.

Яғни адам ағзасына аса пайдалы бал жасайтын осы бір бармақтың басындай ғана жәндіктер –бастапқы табиғатынан өте таза,кірпияз жаратылған тіршілік иесі.Олар қорек ретінде мал етін немесе олардың жемін пайдаланбайды және еш уақытта өлексеге қонбайды. Дін ғалымдарының айтуынша, аяттағы уахи сөзі түйсік деген мәнді білдіруде. Әуеде құстың ұшуы, балықтың суда жүзуі, жаңа туылған нәрестенің емуді тез үйренуі секілді бүкіл тіршілік иелеріне тән түйсікпен аралар да ғаламдағы өз міндетін мүлтіксіз атқаруда

Бал туралы хадистерде

Сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с.) төмендегі бірқатар хадистерінде балдың ем екендігін білдірген:

«Бал шәрбатынан асатын ем жоқ»

«Бүйрек шаншуы бүйрек жүйкесінен туындайды. Ол қозғалған сайын адамды ауыртады. Бұл кеселді жылы су мен бал шәрбаты арқылы емдеңдер»

«Кімде-кім айына үш күн аш қарынға бал шәрбатын ішсе, мешелдік, алапес секілді ауруларға ұшырамайды»

«Босанған әйелдер үшін жас құрма, ал егде кісілер үшін балдан асқан шипа жоқ»

«Үш нәрседе ем бар: бал шәрбатында, қан алдыруда және отпен күйдіруде. Бірақ мен(мәжбүрлік жоқта) үмбетіме соңғысына тыйым саламын»

Бұлардың қатарында сахаба Әнас ибн Маликтың (р.а.) «Пайғамбарымыз (с.а.с.) науқастанғанда аузына бір уыс қара зере салып, артынан су немесе бал шәрбатын ішетін» деп айтқаны да риуаят етілген»

І.5.Балдың пайдалы қасиеттері.
Мамандардың айтуынша, балдың адам денсаулығы үшін пайдасы көп. Атап айтқанда, бал қан құрамын жақсартады, ішкі ағзалардың қызметін жандандырады, иммунитетті арттырады, дененің физиологиялық қызметін, күш-қуатын қалыпқа келтіреді. Мидың жұмысын жақсартады, тыныс алу жолдарын артық өңезденуден сақтайды. Ол сондай-ақ жүрек-қан тамырлары ауруына, бауырға, бүйрекке, ішек-қарын жолына, суық тиюге, радикулит пен өтке пайдалы. Балды құрт ауруына, ұйқысыздыққа, бас ауруына, қан қысымына, асқазан жарасына, тіпті күйікке де ем ретінде пайдалануға болады. Балдың сондай-ақ аллергияға, бактерияға, қабынуға қарсы да қасиеттері анықталған.

Балдың химиялық құрамы шырын жинаған өсімдіктердің түріне, топырағына, ауа райының жағдайына және балдың түрлеріне байланысты өзгереді. Балдың сапасы негізінен хош иісі, дәмі, түсі, тығыздығы, ылғалдылығы, қоректік және жабысқақ қасиеттері арқылы ажыратылады.

 Өте құнарлы, тойымды болғанына қарамастан құрамында ауыр қорытылатын элементтер кездеспейді. Бал құрамы қанға, одан жасушалар мен тіндерге тез сіңіп кететін көмірсулар, белоктар, протеиндер (аминқышқылдары мен органикалық қышқылдар) минералды тұздар (калий, кальций, натрий, темір, хлор тұздары және күкірт т.б.), пайдалы микроэлементтер мен ферменттерге (каталаз, липаз, амилаз) өте бай. Құрамындағы фруктоза, глюкоза және құрақ қант – бұлардың барлығы да адам ағзасына аса қажетті заттар.  

 Ара балының басты ем болатын аурулары мен оны емге қолдану тәсілдері мынандай:


1. Қол-аяқ жансызданғанда, сары ара ұясының үлкенінен бір дана, кішілеуінен 3-4 данасын, жалқы өскен усарымсақпен қосып, жаншып ауру жерге таңады.
2. Тері қышымасына: ара ұясын(өңделген) спиртке 7 күншылап, 8 күннен бастап қышымаға бірнеше рет жағады.
3. Емшек безі ісінгенде ара ұясын отқа өртеп 6 грамын суға қайнатып, самасын тұндырып, суынан күніне 2-3 рет ішеді.
4. Ыстық, суықтан тіс қақсағанда: өңделген ара ұясын, суға бұқтырып, суымен ауызды шайқайды. Өңделген ара ұясынан кішкене мөлшерде алып, қақсаған тіске басады.
5. Ара ұясынан бір дана, қырықаяқтан 2 дана, ашутастан тиісті мөлшерде алып талқандағаннан кейін ара ұясының ішіне салып артынан отқа біраз қыздырып, кендір майына араластырып тез арада жараға жағады.
6. Балалар кіндігі сыртқа шығып кеткенде ара ұясын өртеп, күлін кіндікке таңады.
7. Дизентерияға: ара ұясын кептіріп ұнтақтаған соң 0,3 гр-нан күніне 2-3 рет ішеді. Жасалу және ішу мөлшері 2-4 гр. Құрамында балауыз, ағаш майы тектес зат және ұшқыш майы бар.
8. Үйреншікті іш қатуға балдан 60 гр. қара күнжұт дәнінен 15 гр. Балды жылытып, араластырып, қайнаған сумен екіге бөліп күніне 2 рет ішеді.
9. Асқазанның он екі елі ішек жарасына балдан 60 гр. шикі қызыл мия тамырынан 9 гр.мандарин қабығынан 6 гр-ды суға лайықты мөлшерде жоғарыдағы дәрілерді қосып, қайнатып самасын сүзіп, бір күнде үш рет ішеді.
10. Улы жәндіктер шаққанда, шиқан, сыздауық шыққан-да, балдан, ұзын сарымсақтан тиісті мөлшерде алып, жаншып, балға араластырып жараға таңса, жараның аузын шығарады. Сыздап ауырғанды басады, қабынуын қайтарады.
11. Ауызға ауыздық, қотыр шыққанда, қас бояу жапырағы, бал екеуін қосып жаншып, әзірлеген дәріні ауызға салып сорады. Сонымен бірге қотыр-ға жағады.
12. Отқа, қайнаған суға күйген жеңіл күйікке, жараның бетін физиологиялық тұзды сумен тазалап жуып, артынан жараға бал жағады.
13. Тістің түбін бекемдеп, тісті ағартуға бал мен уксусты қосып тісті 3-4 рет жуса, тістің түбі бекемделеді, тіс аппақ болады.
14. Құлақ ауруларына: сиыр сүтіне, омырау сүтіне, ешкі сүтіне, бұлар болмағанда жұмыртқаның ағына балды араластырып жылытып, құлаққа тамызса, әртүрлі құлақ ауруларын жазады.
15. Құтырған ит қапқанда, улы жәндіктер шаққанда, апиыннан уланғанда, зірәні қайнатып, қайнатпасына бал қосып ішкізсе, уытты қайтарады, ауырғанды басады.
16. Қан қысымы өрлегенде зығырдан 50 гр. балдан 60 гр-ды 220 гр. қайнаған суға қосып күніне екі рет ішсе қан қысымын төмендетеді.
17. Мәйітті бір мезгіл сақтауға тура келсе бүтін денесін балменен тегіс сылап қойса мәйіт тиісті уақытқа дейін бұзылмайды.
Шипалық емге қажет мөлшері 10-20 гр-нан аспауы керек. Балдың құрамында глюкоза, фруктоза, сахароза, өсімдік желімдері, белок, фермент, балауыз, бояу заты, хош иісті заттар, минералды тұздар және А, Д, Е витаминдері бар.
18. Ұйқысыздықтан құтылу үшін жасалатын әртүрлі ем бар. Солардың ішіндегі ең тиімдісі – бал жеу. Жатар алдында 1 шай қасық балды 1 стақан жылы суға араластырып ішсе, жүйкеге жайлы әсер етіп, тез ұйықтауға көмектеседі. Моншада емен жапырақтарымен шабыну да жақсы ұйықтауға септігін тигізеді. Таза ауада көбірек жүру, күнделікті бір уа-қытта дағдылану да өз кезегінде ұйқының тұрақтылығына ықпал етеді.
Ұйқысыздық әртүрлі жағдайларға байланысты болады.
Қан аздықтан болатын ұйқы-сыздыққа ыстық су құйған жы-лытқышты аяққа басу керек.
Бір жағдайларға мазасыз-данғаннан ұйқыңыз қашса, жатар алдында жылы сүт ішуге болады.
Ал қан қысымы жоғары адамдарға ұйқысыздық пен бас ауруларынан арылу үшін арнаулы жастықтар бар.
19. Суық тигенде, тұмауратқан кезде балды ыстық сүтке, немесе лимонның шырынына
қосып, науқастан әбден айыққанша ішкен дұрыс. Ол үшін бір стақан ыстық сүтке бір шай қасық қосып ішеді. Ал, сүт жақпайтын адам бүтін бір лимонның шырынына 100 гр. бал қосып, әбден езілгенше араластырып, сұйылған соң пайдалануына болады. Оны ішкенде екі-үш күндей жылы үйде жатқаны жөн. Өйткені, бал адамды терлетеді, ал терлеген кезде тез суық тиеді. Оңдайда адам жөтеле береді. Жөтелді басу үшін пияздың сөліне бал, сары май, не қойдың майын қосып ішкен дұрыс. Немесе, бір литр суға ұнтақтал-ған 500 гр. пиязды, 400 грамм қантты және 50 грамм балды қосып, әлсіз отқа үш сағаттай қайнатып, суыған соң шыны шөлмекке құйып, аузын мық-тап бекітіп қояды. Оны суық тиіп, қатты жөтелген адам күніне ас қасықпен төрт-алты рет ішуі керек. Онымен қызарып ауырған тамақты шайқау да пайдалы. Сондай – ақ, шәйнекте қайнап тұрған суға бір ас қасық бал қосып, ауыз бен мұрынды булау тамақтың қызарғанын басады.
20. Асқазан, ішек науқасына шалдыққан, не қышқылы аса көбейіп, керісінше, өте азайып кеткен адамдардың да балды ем ретінде пайдаланғаны жөн. Әсіресе, асқазанында жарасы бар науқас тамақтың алдында бір жарым, екі сағат бұрын, немесе тамақтан үш сағат кейін үзбей бал жеп отырса, ауруы бәсеңсіп, жүрек айнуы мен асқазанның қыжылдауы басылады, әрі бал қанның құрамындағы гемоглобинді (қызыл түйіршік) көбейтеді. Қышқылы аз адамдар бір ас қасық балды тамақты ішер алдында ғана жесе, ол ас қорытатын шырынның көбірек бөлінуіне әсер етеді. Ал, қышқылы көп адамдар тамақтан 1,5-2 сағат бұрын пайдаланса, асқазан қышқылын азайтады.
21. Жөтелді басу үшін пияздың сөліне бал, сары май, не қойдың майын қосып ішкен дұрыс. Сондай-ақ, 1 литр суға ұнтақталған 500 грамм пияз, 400 грамм қант және 50 грамм балды қосып, баяу жанған отта үш сағаттай қайнатып, суыған соң, шыны ыдысқа құй-ып, аузын мықтап бекітіп қояды. Оны суық тиіп, қатты жөтелген адам ас қасықпен кү-ніне бес – алты рет ішуі керек.
22. Балды, әсіресе, бауыры және өт жолы ауыратын адамдар көбірек пайдаланады. Оны белгілі бір мөлшерде ақ ірімшікке (творог), сәбізге, лимон шырынына қосып жеген дұрыс. Кейде тұрыптың (редька) ішін үңгіп, оған балды толтырып қойып, үш – төрт сағаттан соң дайын болған шырынды өт жолы ауыратын ересек адамға ас қасықпен, ал балаға шәй қасықпен күніне 2 – 3 рет беру керек. Мұндай әдіс өт жолы мен бүйректе құм, тас жиналудан сақтайды.
Сондай-ақ, бір стақан сәл жылытылған минерал суына бір ас қасық бал қосып, оны аш қарынға ішіп, бір жарым, не екі сағаттай қырынан жатып, бауырға аса ыстық емес грелка басқан жөн. Сонда бауырда жиналып қалған өттің асқазанға қарай ағып өтіп, бауырдың жеңілденуіне әсер етеді.
23. Балықтың майына қосылған бал асқынған жарақатты оңай жазады. Аузы уылған адам бал жесе тез айығатыны белгілі. Бал күйген жерге де пайдалы. Күйікке балды күніне екі рет жағып отыру керек. Жараға жағатын дәріні 60 грамм балға бір шәй қасық балық майын қосып, жақсылап араластырып жасайды.
24. Балды үккіштен өткізілген сәбізден қосып, банкіге салып біраз уақыт қойса, әбден еріп, сәбіздің шырынына қосылып, тосап сияқты өте тәтті тағам болады. Оны, әсіресе, бауыры, өт жолы ауыратындар ем ретінде пайдаланса, шипалық қасиеті мол. Бал қосылған сәбіздің құрамында каротин деп аталатын дәру-менді зат жақсы сақталады. Балды лимонға қосып сақтаса, бүйрегі, бауыры, өт жолы ауыратындарға өте пайдалы.
Өкпе ауруына шалдыққан кісі күніне 100-150 грамм бал жеп отыруы керек. Оны қой-дың іш майына ерітіп, ішуге болады. Сондайақ, 6 грамм жолжелкен жапырағына 200 грамм су және 30 грамм балды араластырып, қайнатып, оны күніне ас қасықпен үш рет ішсе, бронхит, плеврит, өкпе ауруларына шипалы.
25. Бал жүрек ауруы бар адамға да таптырмайтын ем. Оны белгілі бір мөлшерде анардың(гранат) шырынына қосып та ішеді. Қатарынан бір-екі ай үзбей ішкен ауру адамның жағдайы әжептәуір жақсарады.

І.6.Медицинада арамен емдеу.



Бал арасы халық медицинасында ерте заманнан-ақ кеңінен қолданылып келеді. Мәселен, біздің дәуірімізге дейінгі алты мың жыл бұрын Египет пен Үндістанның, үш мың жыл бұрын Қытайдың халық медицинасында араны түрлі дертке қарсы ем ретінде пайдаланған. Ал ара уының адам ағзасына тигізер шипасы ғылыми түрде ХІХ ғасырда дәлелденіпті.

Апитерапияның құрамына араның балы, прополис (ара желімі), ара уы, гүл тозаңы және емдік әсері өте күшті сүт кіреді. Ал ара уының құрамында адам ағзасы үшін пайдалы түрлі ферменттер мен аминқышқылдары және милитин бар. Арамен емдеу кезінде милитиннің құрамындағы 12 аминқышқылы, оның ішінде серотонин мен  гистамин ферменттері қан құрамына өтіп қабынуға қарсы әсер етеді. Адам ағзасында кездеспейтін кейбір  бейорганикалық қышқылдарды ара уынан алуға болады. У ағзаның ауруға қарсы иммунитетін күшейтеді. Жалпы, ара уы көптеген ауруға, оның ішінде ревматикалық полиартрит, артрит, ревматизм, жүйке аурулары, остеохондроз, остеопороз, псориаз, ішкі құрылыс, буын аурулары, колит, асқазан жарасы, холецистит секілді ауруларға бірден бір ем. Бұдан өзге гинекологиялық, тыныс жолдары және осы секілді өзге де  сырқат түрлерін емдеуге болады. Челябі қаласындағы халықаралық апитерапия орталығында  буын ауруынан жүре алмай келген, тіпті, түбегейлі сауғып кетуі қиын «рассеянный склероз» дертіне шалдыққан науқастың тәуір болып кеткен.

Жалпы, ара уымен емдеу арамен шақтыру арқылы жүзеге асады. Ара  ұясын бұзып ашуландырғанда немесе ұстап алған кезде болмаса, өзге уақытта адамды шақпайды. Және шаққаннан кейін бір-екі  сағаттан соң өліп қалады. Мәселен, маса бір адамнан кейін екінші адамды шағып малярия, энцефалит секілді аруларды таратса, ара бір рет пайдаланатын шприц секілді. Ара уын емдік мақсатқа қолданғанда ағзаға белгілі бір мөлшерде жіберіледі. Бір күнде он екі арадан артық шақтыруға болмайды. Егер адамды бір күнде  жүз ара шағатын болса, уланып қалуы мүмкін.

Бұл  емді қабылдауды  ниет еткен науқасты алдымен медициналық тексеруден өткізеді.Өйткені адам ағзасына байланысты ара уы аллергиялық реакциялар тудыруы мүмкін. Сондықтан емге келген азамат  қан және несеп талдау сараптамасынан өтіп, бауыр мен бүйрегін тексертеді. Егер аталған ағзалары ауыратын болса, ем жүргізуге болмайды. Инфекциялық және туберкулез ауруымен ауыратын науқастарға да ара уы қолданылмайды. Ара уында ақуыз көп болатындықтан жұмыртқаға, сүт тағамдарына  аллергиясы бар жандарға да ем кері әсерін тигізеді.

Ем алу кезінде науқастың ішімдік ішуіне қатаң тыйым салынады. Бұған қоса кофе, шоколад, цитрус жемістері, түрлі соустар, шалқан, шалғам, қызанақ, болгар бұрышы, асқабақ, банан, саңырауқұлақ, құлпынай, таңқурай, қой бүлдірген, шырғанақ майы секілді тағамдарды жеуге және В тобындағы дәрумендер мен никотин қышқылын қабылдауға  болмайды.



 Ара дененің кез келген жеріне емес, белгілі бір  нүктелерге салынады. Ара шаққаннан кейін оның тұмсығындағы шанышқы инесі  денеде қалып қояды да  15 минутқа дейін дәріні ішке жібереді. Сонан соң арнайы қысқышпен ине алынып тасталынады.  Араның шаққан жері қызарып ісуге, шымырлап ауыруға тиісті.

Ара уы арқылы ем жүргізбестен бұрын науқасқа алдымен сынама жасалады. Ол үшін бір араны шақтырып, көп ұстамай алып тастайды.. Егер бір-екі сағаттан кейін араның шаққан жері 5 сантиметрден асып қызарса, ем жүргізуге болмайды. Ара уымен емдеудің бір курсы — 12-15 күн.  Бір күнде 8-12 –ге дейін ара салынса, бір адамға барлығы 80 ара қажет. Араны Шымкент қаласынан алдыртып, қаладағы омарташы жігітке бақтырып отырмыз. Қазір емдеу бөлмесінде  жүзден аса ара бар. Алдағы уақытта апитерапия еліміздің емдеу саласының бір тармағы болады . Өйткені қазір әлем елдері ара шаруашылығына баса назар аударып отыр. Әсіресе, ара балының радиция зардабын жоюға тигізер әсерінің күшті екенін білетін Жапония секілді мемлекеттер  осы саланы мықтап қолға алуда.


І.7.Бал арасы және ауыл шаруашылығы



Араның ауыл шаруашылығына және қоршаған ортаның экологиялық ахуалын жақсартуға тигізер ықпалы көп. Өйткені олар өсімдіктерді тозаңдандыра отырып, топырақтың құнарлылығын арттырады. Аралар жайлаған алқаптың шөбі бітік шықса, бау-бақша өнімдері мен дәнді дақылдардың тоқсан пайызы бал араларының арқасында мол өнім береді екен. Алайда қазір ғалымдар  әлемде аралардың жойылып кету қаупі туып отырғанын айтып дабыл қағуда.  Себебі егіс алқаптарына улы химикаттардың жиі себілуінің салдарынан  бал арасы азықтанатын өсімдіктердің қатары сиреп барады. Сондықтан қазір дамыған елдер ара шаруашылығына баса назар аударып отыр. Мәселен, Канада мен Ұлыбританиядағы бал арасы шаруашылығы ассоциациясы осы саланы дамыту  үшін арнайы бағдарлама жасауды қолға алыпты.  Ал біздің елімізде аталған шаруашылыққа әлі де көңіл бөлінбей келеді.Ресми деректерге сүйенсек,бал араларының саны жыл сайын азайып барады. 1990 жылдары елімізде 10 миллионнан астам ара болса,бүгінде соның 400 мыңы ғана қалған. Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстандағы Глубокое ауданында 150 омарта, соның ішінде асыл тұқымды аралар өсірілетін алты омарта бар. Шаруашылықта жалпы жиыны 7,5 мың ара ұясы күтімге алынған.Осы өңірде омарта шаруашылығын дамыту, аралардың тұқымын асылдандыру бағытында біршама жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бобровка ауылында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында омарта шаруашылығын құру жоспарланған.Осыған орай ара өсіруге ниет білдірген тұрғындар үшін үш айлық тегін оқыту курсы ұйымдастырылған.
«Селиванов И.М» шаруа қожалығы Быструха ауылында омарта орналас-тырылатын орынға 3 млн. теңгенің құрылыс жұмыстарын жүргізбекші. «Пасека Терещенко-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жобалық қуаты 600-ден 1000 тонна балды ыдысқа құйып шығаратын цех және дайын өнімдерді сақтайтын қосымша қойма салуды қолға алған.Бүгінгі күні «Агрофирма Серов и К» ЖШС жергілікті тұрғындардан 15 тонна бал сатып алып, таяу шетелдерге шығару жолдарын қарастыруда. Алдағы уақытта 100 тоннаға дейін бал өткізуді жоспарлап отыр.













ОМАРТАШЫЛАР










Қорытынды


Бізді қоршаған табиғат небір тылсым сырларға толы екен.Ол үшін ірі болып жаратылған піл , түйе, мамонт немесе аспанға қалықтап ұшқан құстардың сан алуан түрлері, жердің асты мен үстін мекен еткен мыңдаған тіршілік иелерін мысылға келтірудің ,тіпті қажеті шамалы .Себебі бармақтың басындағы тырнақтан да кішкентай осы бір жәндікті зерттей отырып,оның өмір сүруі яғни тіршілік етуі тылсым сырларға толы екеніне көзім жетті .

Әрбір дерек ,әрбір мағлұмат алған сайын ол туралы жаңа ой,тың деректерге жолықтым.Жаз шықса ,ызыңдап маңайымыздан шықпайтын, гүлден гүлге тынбай ұшып қонып, сіз бен біз үшін бал жинайтын ара туралы ақиқатты, шындықты білдім.

Бұл жұмыспен айналыса отырып ,аралар туралы Қаситті Құранда ол туралы сүре барын, оның ұясы алты бұрышты геометриялық фирурамен дәл келетінін,араның аталық,аналық,жұмысшы болып бөлінетінін,олардың әрқайсының өз атқаратын қызметі болатынын,өз ұрпағына деген қамқорлығы,одан алынатын балдың сан алуан қасиеті мен пайдасы туралы және медицинада арамен ауру адамдарды емдеуге болатынын білдім.
Сонымен қорыта келгенде,қасиетті Құран мен хадистерде айтылғандай ,бал арасы мен балдың адам баласы үшін пайдасы зор екенін түсіндім және оның ақиқат екеніе көзім жетті.

Пайдаланған әдебиеттер


1. Құран кәрім. Қазақша мағына және түсінігі. Х. Алтай

2. Али әл-Мұттақи, Кәнзүл-ұммал, Бейрут 1985

3. Ә.Байжұманұлы, К.Бекболатұлы. Мал шаруашылығы сөздігі.

Алматы-2011.

4. К.Қопабаева. Апитерапия: ара уы– ауруға ем.

5. Бұхари, Сахих хадистер жинағы

6. Имам Нәуәуи. Хадистер жинағы Көкжиек баспасы. 2011.

7. М. Сүлеймен. Ара балының құндылығы оның дәмдік және емдік қасиетінде

8. Шаңырақ Үй тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы: Қазақ Совет энциклопедиясы, Бас редакциясы 1990.

9. Қазақ энциклопедиясы ІІ т. 

10. Қ. Жолдыбайұлы.Ақиқат шуағы Алтын Қалам баспасы, 2007. 

11 Иман журналы №3 2012ж 25-26 беттер

12.Иман журналы №9 2011ж 22-23 беттер

13.Иман журналы №4 2011 ж 32 бет

14.Қазақ совет энциклопедиясы Алматы (Б әріпі-бал,бал арасы ,бал жинау)

15.Интернет желісіненсуреттер,мәліметтер

Қызыл ту орта мектебінің

2 сынып оқушысы

Мейірқұл Асылбектің

«Бал арасы туралы ақиқат»

атты ғылыми жобасына

П і к і р

Мейірқұл Асылбектің бұл «Бал арасы туралы ақиқат» атты ғылыми зерттеу жұмысы жан – жақты қамтылған.

Асылбек өз жұмысын жүргізу мақсатында көп ізденгендігі, сол іздену жолында бал арасы туралы көптеген мағлұматтар алғандығы, бал арасы және оның балы туралы білімін жан-жақты толықтырғандығы байқалып тұр.

Әлі де осы алған тақырыбы бойынша орта буынға барған кезде зерттеуін жалғастырады деген ойдамын.



Жетекшісі бастауыш сынып мұғалімі: Ф.Б.Конкашова.
Мектеп директоры: А.Б.Примқулова.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет