Пәні: Химия Сыныбы: 11 «Ә» Күні: 22.02.16ж
Сабақтың тақырыбы: Моносахаридтер. Глюкоза. Фруктоза
Сабақтың мақсаттары: Білімділік: Моносахаридтер, глюкоза, фруктоза, олардың құрылысы, физикалық, химиялық қасиеттері, қолданылуы, табиғаттағы маңызы жайлы мағлұмат беру.
Дамытушылық: Оттекті органикалық қосылыстар жайлы алған білімдерін ауызша сұрақтар қою, моносахаридтердің химиялық қасиеттеріне есептер шығару, химиялық айналымдарды жүзеге асыру арқылы дамыту.
Тәрбиелік: Моносахаридтердің адам өміріндегі маңызын түсіндіре отырып экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың көрнекілігі: кестелер, сызбанұсқалар,суреттер, үлестірмелі қағаздар, слайд.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Әдістері: түсіндіру, баяндау, әңгімелесу.
І. Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. 1. Көмірсулар дегеніміз не?
2. Олар қалай жіктеледі?
3. Көмірсулар қалай түзіледі?
4. Адам өміріндегі маңызы қандай?
5. Тірі ағзалардағы көмірсулардың атқаратын рөлі қандай?
ІІІ.Жаңа сабақ. Глюкоза (жүзім қанты) — Денеге тез және жеңіл сіңетін қанттың қарапайым түрі. Ол жемісжидектерде және балда болады, денедегі суды қалпына келтіруге пайдалануға арналған ақ ұнтақ түрінде сатылады. Глюкоза — моносахарид тобындағы көмірсутек. Тамақ өнеркәсібінде, медицинада және аналитикалық химияда реактив ретінде қолданылады. Өсімдік жемістерінде және жануар ағзаларында болатын жүзім қанты. Сахароза, лактоза құрамына кіреді және крахмал, гликоген, целлюлоза түзеді. Глюкоза маңызды зат алмасу азығы болып есептеледі, тірі тіндерді энергиямен қамтамасыз етеді. Адам ағзасындағы қандағы глюкозаның керекті мөлшері (100 мг % шамасында) гликогеннің синтезі мен ыдырауы арқылы тұрақтандырылады. Өндірісте Глюкоза крахмалды гидролиздеу арқылы алынады.
Глюкозаның табиғатта түзілуі мен алынуы 1. Табиғатта глюкоза фотосинтез реакциясы нәтижесінде түзіледі.
2. Қантты заттарды, ең алғаш А.М. Бутлеров (1861 ж.) кальций гидроксиді қатысында формальдегидтен синтездеді:
3. Өнеркәсіпте глюкозаны, негізінен, полисахаридтерді (крахмалды немесе целлюлозаны) гидролиздеп алады: