Күні: 02.10.2022ж. Тақырыбы: «Бала – ата-ананың көз қуанышы, жүрегінің нұры, жанының бір жапырақ бөлшегі»
Күн тәртібінде: «Бала – ата-ананың көз қуанышы, жүрегінің нұры, жанының бір жапырақ бөлшегі» (ата-аналарға арналған тренинг)
Түрлі мәселелер (күзгі демалыс және техника қауіпсіздігі, оқушылардың үйірме, секцияларға қатысуы және т.б.)
Мақсаты: Ата - ананың бала көңілін таба білуіне ой қозғау. Міндеті: өзін-өзі тануына бағыт беру, тәрбие жайлы пікір бөлісу,
ата-аналарға балаға рухани тәрбие берудегі отбасының рөлі
жайлы түсіндіру,
ата-аналарды өздерінің балаларының жан-дүниесін түсінуге шақыру.
Мұғалім: -Қош келдіңіздер, құрметті ата - аналар. Бүгінгі біздің отырысымыз ерекше болады деген үмітпен тренингті бастаймыз. Тренингіміздің ерекшелігі сол, тәрбие процесіндегі қиындықтарды біз боп, сіз боп пікірлесе отырып, ойымызды түйіндеп, өмір жолында пайдалану. Отбасы - Адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі.
Бала қанша білім алып, мектеп табалдырығын аттағанымен, оның өмірінің көп бөлігі әке - шешесінің қасында өтеді екен. Ал сіздердің ата - ана, өміріңізде үш рет мектепке баратыныңызды әрқашан естен шығармаңыз. Бірінші рет – өзіңіз, екінші рет – балаңыз, ал үшінші рет – немереңіз барады екен. Ендеше бүгінгі тренингімізге қатысып отырған ата - аналарға әрдайым осы балаларыңыздың қорғаны болып, немере сүйіп мектебімізге келе беріңіздер демекпіз! Олай болса, бүгінгі тренингімізді бастамастан бұрын өздерімізді таныстырып өтейік.
1. «Танысу» жаттығуы Алдымен бір бірімізбен амандасып алайық. Амандасуды кішкене өзгеше өткізгім келіп тұр. Қызыл түс белгілер қол алып амандасады, Сары түс дауыс арқылы, Жасыл түс мимика арқылы бір бірімізбен амандасып алайық.