Тақырыбы: «Басты міндетім – ойын арқылы баланың танымын қалыптастыру» Жоспары: Кіріспе: Ойын түрлері



Дата01.06.2017
өлшемі173,37 Kb.
#17379
Мемлекеттік тілде оқытатын

Заречный орта мектебі

Баяндама
Тақырыбы:

« Басты міндетім – ойын арқылы

баланың танымын қалыптастыру»

Орындаған: Абильдина К. С.

2013-2014 оқу жылы

Тақырыбы: « Басты міндетім – ойын арқылы баланың танымын қалыптастыру»

Жоспары:

Кіріспе:

1.Ойын түрлері


  • Іскерлік ойын

  • Ойын арқылы балалардың ойлау қабілеттіліктерін арттыру

  • Ойын арқылы баланың психологиялық ерекшеліктерін арттыру

  • Балалардың спорттық ойындар мен жаттығулар жасаудағы ерекшелікшері

  • Ойын арқылы баланың психикалық ерекшеліктерін қалыптастыру

Кіріспе:

Іс-әрекет дегеніміз түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған проце-с. Адам үшін іс-әрекеттің қашан да қоғамдық әлеуметтік мәні зор. Адам әрекеті сан алуан. Оның негізгі түрлері ойын, оқу, еңбек әр уақытта белгілі бір мақсат, міндеттерге бағытталып отырады. Бұлардың барлығына тән ортақ қасиет белгілі қажетке байланысты туып отыратындығы. Сондай-ақ жас мөлшерінің әр кезеңінде түрліше көрінетіндігінде. Осы іс-әрекеттің бірі – ойын.

Ойын - бала әрекетінің бір түрі, адамзат мәдениетінің қазынасы. Ұлы педагогтер, ғалымдар баланы тәрбиелеудегі ойын рөлін жоғары бағалаған. Бала ойын арқылы өмірге енеді, табиғатпен, қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түседі, атын – түсінігін арттырады, еңбек ете білу дағдысы қалыптасады.

Психологтар мен педагогтер ежелден-ақ ойын мәселесіне өз назарын аударғанымен, тек ХІХ ғасырдың аяғында ғана арнайы зерттеу пәніне енгізілді.

С.А.Шмакова бойынша көптеген ойындарға тән ортақ белгілер деп төмендегілерді айтуға болады:

Ойынның қатысымдық қызметін – балаға шынайы күрделі адамдық қатысым аясына енуге мүмкіндік беретін дерегі айқын көрсетеді.

Ойынның диагностикалық қызметі- педагогқа баланың әр қырынан: интеллектуалдық, шығармашылық, эмоционалдық және т.б. көрінуін диагностикалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ойын – баланың өз күшін нақты сезінетін, өзін-өзі бағалау, еркін әрекеттегі мүмкіндіктерін танитын өзін-өзі көрсету аймағы болып табылады.

Ойынның емдік қызметібаланың қарым-қатынаста, оқуда, мінез-құлқында туындайтын әр түрлі қиындықтарды жеңу құралы ретінде қолданылуымен түсініледі. Ойынның мұндай қызметін Д.Б.Эльконин аса жоғары бағалайды.

Ойынның түзеу қызметі деп – баланың тұлғалық құрылымының көрсеткішіне жағымды өзгерістер, толықтырулар енгізу түсініледі. Ойын әрекетінде бұл үрдіс басқа кездегіден гөрі неғұрлым жұмсақ өтеді.

Ойынның дамытушылық қызметі, оның ең маңызды қызметтерінің бірі.

Сонымен бірге, ойын – баланың қызығушылықтан дамуға ұласатын, қызығушылығының ұйымдастырылған мәдени стратегиялық-кеңістігі.



Ағартушы ұстаз Ы. Алтынсарин өзінің көптеген еңбектерінде таным әрекетінің негізі-оқу, білім деп тұжырымдайды.

Баланың танымын алғашқы күннен бастап дамыту құралы да, балада оқу мен білімнің, тәрбиенің негізін қалыптастыратында - ойын әрекеті болып саналады..

Орыс педагогы В. А. Сухомлинский: "Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл - ойдың қалыптасуы

мүмкін де емес" десе, ғалым Е. А. Покровский өзінің балалардың ойындарына

арналған еңбегінде әрбір халықтың ойын туралы түсінігіне сипаттама береді.

Мысалы: ежелгі гректерде "ойын" түсінігі балалардың қимылы деген ұғымды білдіреді, ал еврей халқында "ойын" сөзі қуаныш, шаттық сезімдерін сипаттайды - деп, барлық халқтың ойын түсінігінің түп - тамырының сабақтасып жатқандығы туралы тұжырым жасайды. Ойын - таным процесінің дамытудың негізгі болғандықтан әрбір тәрбиеші ұстаз оқыту мен тәрбие берудің мазмұнын үнемі ойын элементтерімен толықтырып отыру керек.

Сабақта ойынды дұрыс колдану үшін ұстазға ойындардың мазмұны мен өткізілу әдістемесін жете білу, әр бір тақырыпқа байланысты оқу жылының басында оқу жоспарына енгізу, ойынның тәрбиелік және танымдық мақсатын аша білу, ойын арқылы баланы танымына әсер етіп, даму барысына үнемі зерттеу жүргізу талаптары қойылады.

Ойын тек баланың іс-әрекеті ғана емес, ойын – еңбек, ойын – оқу, ойын - әлеуметтік қарым – қатынаста ерекше орын алатын әрекет түріне жатады. Педагог және психолог ғалымдар ойын іс - әрекетін жан – жақты зерттеп, баланың дамуын, тәрбиеленуін, танымдық қызығушылығын арттырудың негізгі құралы ретінде қарастырып келген.

Іс-әрекет ойын, оқу және еңбек түрлеріне бөлінсе, ойын бала үшін алғашқы рет қоршаған ортаны тану құралы болып табылады.

Ойын ұғымына анықтама берсек – бұл адамның мінез – құлқын өзі басқаруымен анықталатын әлеуметтік тәжірибені қалыптастыратын негізгі іс - әрекеттердің түрі. Ойынсыз ешқандай бала дамымайды, қалыптаспайды, ойын арқылы бүлдіршіндер қоршаған ортаны таниды. Әсіресе, баланың өмірінде іскерлік ойындардың орны ерекше.

ОЙЫН ТҮРЛЕРІ.


  • Іскерлік ойын

Іскерлік ойындарды педагогтың кәсіби шеберлігін дамытуда, құзырлылығын анықтауда пайдалану арқылы оң нәтижелерге қол жеткізуге болатынын күнделікті тәжірибенің өзі дәлелдеуде. Іскерлік ойындардың өзі бірнеше топқа бөлінеді. Олар: иммитациялық, операциялық, рөлдерді орындау, іскерлік театр, психо және социодрамалар.Психодраманың туып, дамуына ерекше үлес қосқан Джекобу Леви Морена болды. Классикалық психодрама – топтық жұмыстың өте айқын, ең эмоционалды бай бағыттарының бірі. Ол жүргізушіден жоғары кәсіби біліктілік пен зор шығармашылық қабілеттерді талап етеді. Өйткені ол бір мезетте режиссер, терапевт және сарапшы рөлін атқарады.

Психодрамалық сессияларды топтастырудың негізгі кезеңдері төмендегілер болып есептеледі.

-сергіту сәті (драмалық фазасы)

-психодрамалық әрекет фазасы (қойылымның жүзеге асуы)

-кіріктіру фазасы, қатысушылар өз пікірлері мен әсерлерімен алмасады.

Психодрамалық әрекеттер кульминациялық нүктесіне жеткенде, топтың эмоционалдық қуаты шарықтау шегіне жетіп, «катарсис» - жан дүниесінің тазаруы жүзеге асады. Эмоционалдыққабылдау сәтінде жағдайды басқаша бағалау, қабылдау жүзеге асқандықтан, тұлға аралық қақтығыстарды жағымды шешуге ықпал етеді.


2. Дидактикалық ойын

Педагогикада дидактикалық ойындарға былай анықтама беріледі: дидактикалық ойындар дегеніміз – балаларға белгілі бір білім беріп, іскерлік пен дағдыны

қалыптастыру мақсатын көздейтін іс - әрекет. (1) Ендеше, бұл ойындар оқытуға арналған.

Бала ерте жастан – ақ қоршаған ортамен танысады. Ол адамдармен, жануарлармен, әртүрлі заттармен қарым – қатынасқа түсіп, олардың ерекшеліктері мен қасиет – сапалары туралы мағлұматтар алады. Бірақ, бала тек өзінің тәжірибесіне сүйеніп оқыса, оның білімі нақты болмайтыны сөзсіз. Сондықтан білімді пысықтау, бекіту үшін дидактикалық ойындар пайдаланылады.

Дидактикалық ойындардың басқа ойындардан ерекшелігі, оның негізгі мақсаты – баланы оқыту, олардың ойлау қабілеттерін жаттықтыру және дамыту, игі қасиеттерді тәрбиелеу.

Дидактикалық ойындардың мазмұны – қандай да болмасын ақыл – ой міндеттерін жүзеге асыру. Ережені орындау ойды, қиялды, есті дамытуға ықпал етеді.



Оның құрылмы төмендегідей:

Міндеті.


Әрекет.

Ереже.


Нәтиже, ойынның аяқталуы.

Егер оның әрқайсысына жеке-жеке тоқталайық:



1. Міндеті - әрбір дидактикалық ойынның белгілі міндеті болады, ол дидактикалық мақсаттан келіп туындайды. Ойынның ( мақсаттан келіп ) міндеті, оның оқу мазмұнын құрайды. Ойын мазмұны балалардың қызығушылығын оятады, олардың танымдық іс - әрекетін белсендіреді және жаңа білім, іскерлік, дағдымен байытады.

2. Әрекет – ойынның негізгі бөлігі. Әрекетсіз ойынның мақсатын жүзеге асыру мүмкін емес. Әрбір дидактикалық ойынның міндеті әрбір оқушының мінез – құлқын анықтап, ұйымдастырып, бір тұтас ұжымға біріктіретін әрекет арқылы іске асады. Ол балалардың қызығушылығын тудырып, олардың ойынға деген эмоцияналдық қатынасын анықтайды. Дидактикалық ойында әрекет нақты анықталған және айқын түрде белгіленген. Ол әртүрлі болуы мүмкін, бұл жағдайда төмендегідей негізгі шарттарға сәйкес келуі тиіс:

а) ойын міндетіне бағыну керек, сол арқылы ойын мақсаты жүзеге асырылуы шарт;

ә) ойынның аяғына дейін тартымды, әрі қызықты болуы шарт.

3. Ереже – дидактикалық ойынның қажетті бөлігі болып табылады және ерекше орн алады, сондықтан кейде дидактикалық ойындарды «ережеге құрылған ойындар» деп те атайды. Ереже ойын міндетіне бағынады. Олар іс - әрекетті ойынның міндетін жүзеге асыруға бағыттай ұйымдастыруды көздейді. Сондықтан дидактикалық ойында іс - әрекет ережемен тығыз байланысты. Ережелер бала ойын үстінде не істеу керек және қалай істеу керек екендігін анықтайды. Ережесіз іс - әрекет жайбарақат дамып, дидактикалық міндеттің жүзеге асуына ықпал ете алмайды, сөйтіп өзінің негізгі сипатынан айырылады. Дидактикалық ойынның ережесі іс - әрекетті ұйымдастырып қана қоймайды, сонымен бірге оның тартымдылығын арттырады.

4. Ойын нәтижесі – бұл міндетті шешу мен ережені орындау. Нәтиже мен ойынның аяқталуын екі тұрғыдан бағалау қажет: баланың көзқарасы тұрғысынан және мұғалімнің немесе тірбиешінің көзқарасы тұрғысынан.

Егер ойын нәтижесін баланың көзқарасы тұрғысынан бағаласа, онда мұғалім ойынның балаға моральдық және рухани ләззат беру жағын есепке алады.




Балалардың спорттық ойындар мен жаттығулар жасаудағы ерекшелікшері

Бұл кезеңнің ерекшеленетін себебі: Бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды, сабақтардан тез шаршайды, бұрынғыдай қимылдай бермейтін болады

Әрине аптасына 3-ақ рет болатын дене шынықтыру сабағы организмнің күнделікті қозғалыс қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Мектеп табалдырығын аттаған 1 – сынып оқушысы мектеппен қалай танысса дене шынықтыру сабағымен де солай танысуы керек .

Ал мектептегі жалпы дене шынықтыру, сауықтыру жұмыстарының басқа пәндермен салыстырғанда өзіндік ерекшеліктері бар. Оқушылар спорт залға, алаңға арнайы спорттық киіммен ғана шығуы тиіс десек, бұл – оларға қойылатын алғашқы талап. Таң ертеңгі бой жазу жаттығулары оқушылар дене шынықтыру сабығында орындап, үйреніп, оларды үйде өз беттерімен қайталап жаттығады. Бой жазу жаттығулары музыка ырғағымен неше түрлі спорт құралдарын қолданып өткізсе оның құндылығы арта түседі. Қазір мектептердің көбінде үзіліс кезінде таза ауаға шығып бой жазып сергуіне мүмкіндік бола бермейді. Сондықтан оқушылар үзілісте азда болса ойнап, жаттығулар орындау арқылы, өздеріне керекті қимыл қозғалыстар жасау мақсаты үшін оқулықта шағын ғана орынды қажет ететін ойындар көрсетілген.

Сабақтан тыс кездері жасалатын жаттығуларды мұғалім көбінесе әрбір дене шынықтыру сабағы сайын үйге тапсырма ретінде беріп отырады, және тапсырмалардың дұрыс орындалуын қадағалап, тексеріп отыру керек.Таң ертеңгі бой жазу жаттығулары мазмұнына қарай 4 топқа бөлінеді:

Алғашқы жаттығуларды ұйымдастыру

Керіліп – созылу жаттығулары

Тыныс алу мүшелері мен организмінің қан айналымына әсер ететін жаттығулар

Аяқ қолдың бір мезетте қозғалуына, денені дұрыс ұстауға арналған жаттығулар.

Таң ертеңгі бой жазу жаттығуларының ойдағыдай өтуі, оның ұйымдастырылуына байланысты. Бастауыш сыныптарда өтетін спорт сағатының мақсаты – оқушыларды дағдылы қозғалыс түрлеріне (жүру, жүгіру, секіру,т.б.) спорттық жарыстарға қатысуға дайындау.

Қазіргі мектептерде бір ауысымда оқитын оқушыларға күніне бір сағат; ден саулық сағаты; өткізіліп жүр. Денсаулық сағаты 2 немесе 3 сабақтан кейін барлық оқушылардың қатысуымен 45 минут бойы өткізіледі. «Денсаулық сағаты» жергілікті жағдайға және оқушылардың санына байланысты оқу күнінің басқа бір уақытында өткізуге де болады.

Бұл үлгі 6 сабақ кестесі бойынша беріліп отыр. «Денсаулық сағатын» үшінші сабақтан кейін қойғанда да осы уақыт кетеді. Бұрын бір ауысымда оқитын мектептерде 6 сабақ 14 сағат 25 минутта бітетін. Таңертеңгі бой жазу жаттығуларын орындау үшін, оқушылар мектепке 8 сағат 15 минутта келіп, 8 сағат 30 минутқа дейін таңертеңгі бой жазу жаттығуларын орындап, содан соң сабақ басталатын. Ал қазір оқушылар 8 сағат 15 минутта сабаққа отырады. Сонымен бұрынғы 30 минуттық, болмаса 20 минуттан екі рет өткізілетін ұзақ үзіліс уақыты денсаулық сағатына пайдаланылады.

Осылайша мектептегі бұрынғы қалыптасқан сабақ кестесі өзгермейді. Демек таңертеңгі бой жазу жаттығулары мен ұзақ үзіліс уақытынан күнде өткізіліп тұратын денсаулық сағаты шығады. Бұл сабақ тек далада өткізіледі. Күнделікті «денсаулық сағатын» өткізу балалардың қозғалыс белсенділігін арттырып, денсаулығын нығайтады, денесінің шынығу деңгейін көтереді. Әсіресе ақыл-ойына, мидың қабылдау процесіне әсер етеді.

Демек мидың белгілі бір уақытта тынығуына жағдай жасайды. Гимнастикалық жаттығуларды үйретіп, меңгертудің мақсаты – баланың бұлшық еттерін, күш – қайратын өз уақытында жетілдіруге дайындау, иіліп-бүгілгіштігін дамытуға жағдай жасау. Сондай-ақ оқушы өз қимыл-қозғалысын соған сәйкес музыка

ырғағымен үйлестіруге үйренеді. Көркем гимнастика мен акробатикалық жаттығулардың элементтерін орындауға дағдыланады.

Ал жеңіл атлетиканың жүгіру, секіру, лақтыру жаттығуларының техникасын жетілдіргенде нәтижесі жақсарады. Жеңіл атлетика жаттығуларын кеңінен қолдану оқушының шапшаңдылық, күштілік, төзімділік қасиеттерін, қимыл-қозғалыстарын дамытып жетілуіне, күш-қайратының молаюына ықпал етеді. Жалпы дамыту жаттығулары – мойын, иық, кеуде, арқа және аяқ бұлшық еттерін дамытуға пайдасын тигізеді.



Дене тәрбиесі мен адам психологиясы өзара тығыз байланысты. Балалар өмірінде оның ой әрекетінен тыс ешбір процесс болмайды. Адамның жан-дүниесіндегі әрбір түйсік, қозғалыс түрінде білінетіндігі және керісінше әрбір қимыл-қозғалыс көңілге тікелей байланысты екендігі ғылыми түрде дәлелденген. Сөйтіп ақыл-ойға қозғау салмайтын бірде-бір қимыл жоқ, ой қызметі қимыл түрінде көрініс табады. Дене тәрбиесі түрлі жаттығулар арқылы жеке тұлғаның бойындағы қимыл анализаторларын іске қосып, қимыл жүйесін, сымбатын, симметриялық салмағын қалыптастырады, оның ұстамдылығын, төзімділігін, еңбекке бейімділігін арттырады. Дене тәрбиесі сабақтар арқылы, спорттық жарыстар арқылы, түрлі дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстары арқылы жүргізіледі.

  • Ойын арқылы балалардың ойлау қабілетін арттыру

Ойын - оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде де қолдануға болады. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті - ойын болса, оқу-тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асырылады. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті шешеді. Ойын - оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Бала ойын іс-әрекеті үстінде білімді қалай игеріп жатқанын, ал оқу үрдісінің қалай ойынға ұласып кеткенін аңғармай қалуы тиіс. Сонда ғана ойын және іс-әрекеттері табиғи бірлікте болып, пәндік білім, білік және дағдыны игеруге толық ықпал жасайды. Мысалы, дайындық сыныптарда сан санауға заттарды санап және олардың екі тобын салыстыруға, өлшеміне, пішініне және түстеріне қарай ажыратуға үйрету мақсатында «Жеміс жинау», «Өз орныңды тап», «Сан құрамын анықта», «Құстарға қамқорлық», «Жапырақ жинаймыз», «Шырша безендіру» ойындарын ойнатуға болады. Ойын да халық педагогикасының құрамдас бір бөлігі болып келеді.

Сондықтан мен өз сабақтарымда мынандай ұлттық ойын түрлерін ойнатамын. «Бәйге», «Хан талапай», «Орамал тастамақ» т.б. ойындар.

Бәйге ойынында екі топтан екі оқушымен ойналады. Екеуі келіп сұрақтар алады, Кім тез жауап берсе, сол дереу тақтадағы өз жорғасын мәреге жеткізеді.

Хан талапай, Балаларды үш топқа бөліп, алдыларына асық шашамыз. Олар асықтағы нөмірмен сұрақтарға жауап береді.

Орамал тастамақ ойынында ойын ұжыммен ойналады. Ойынды алдымен өзім бастап кез келген өрнекті дауыстап айтып (2+3), орамалды бір оқушының алдына қоямын. Сол окушы бөгелместен 2 мен 3-тің қосындысы 5-ке тең деп айту керек.


Ары қарай балалар ойынды өздері жалғастырады. Міне, осындай ойындарды өз сабағымда пайдалана отырып, балаларға дәріс беремін.

Ойын - баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятады. Сонымен қатар, ойын тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиял мен қанат беретін ғажап нәрсе.

Ойын - тиімді тәсіл.

Жалпы бастауыш сынып оқушыларының мектепке дейінгі ең негізгі ісі ойын болғандықтан оқып үйрету барысында олар біртіндеп ойын әркетінен таным әрекетіне турлі ойындарды ойнау барысында бейімделуі тиіс.

Я.А.Каменский: «Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі», - деп атап көрсеткен болатын. Осы сөздің өзінен-ақ балалардың танымдық әрекетін қалыптастыруда ойынның қаншалықты маңызы бар екенін түсінуге болады.

Ойынның нәтижесінде, баланың бойында: ойлау, ұйымдастырушылық қасиет, тапқырлық, белсенділік, шыдамдылық қалыптасады.


  • Ойын арқылы баланың психикалық ерекшеліктерін қалыптастыру

Адамның жан дүниесінің дамып жетілуі, әлеуметтік өмірге бейімделіп тіршілік етуі әр түрлі іс - әрекеттермен шұғылдану барысында қалыптасады. Сондай әрекеттердің бірі - ойын. Баланың психикалық даму үрдісінде ойын әрекетінің танымдык және тәрбиелік маңызы осы заманғы тәлім - тәрбиелік мыңызы осы заманғы тәлім -тәрбие психологиясында өзекті мәселе болып саналады. Ойын әрекетінде баланың денесі мен ақыл - ойы дамып, өзін қоршаған ортаның заттары мен құбылыстарын танып біледі.

Ойын - әрекеті тек адамдардың даму үрдісінде ғана емес, ол хайуанаттар дүниесінің тіршілігінде де кездесіп отыратын биологиялық фактор хайуанаттардың ойын әрекеті жаттығу мен тіршілік етуге бейімделіп даралық сипатқа ие болады. Ал жоғарғы сатыда дамып жетілген сана - сезім мен ақыл - ой иесі - адам баласының ойын әрекеті, бір жағынан, тіршілік етудің негізгі формасы болып саналатын болса, екінші жағынан, ұрпақтан - ұрпаққа беріліп отыратын өмір тәжірбиесінің нәтижесі болып табылады. Міне, осы тұрғыдан алғанда адам баласының ойын әрекеті, негізінен балдырған кезінде кезінен дамып, баланың өсіп - жетілуіндегі басты және жетекші факторға айналады.

Білім - тәрбие ғылымы мен адамның жан дүниесінің сырын зерттейтін психология пәні ойын әрекетін адамның эволюциялық даму үрдісінің белгілі бір кездегі тіршілік кажеттілігі ретінде қарастырады

Осы бағытта негізгі бір құрамды білігі және баланың үлкендердің өмірін бейнелеу, айналадағы ортаны тану жолы екендігін көрсетеді.



Ойын әрекетін бала психикасының дамуында шешуші қызмет атқаратындығы Ж.Аймауытов, Т. Тәжібаев, М. Жұмабаев, С. Торайғыров, Ш.Құдайбердіұлы сияқты қоғам қайраткерлерінің бізге мұра болып қалған еңбектерінде айрықша орын алады.





Ойын

Мақсаты

Міндеті




Бағдарламада алған білімдерін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау.

Баланың қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру

Дидактикалық ойындар – балалардың білімдерін арттыруды құралы. Сабақта ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар.
Ойын

Сабақтың басында

Сабақтың ортасында

Сабақтың соңында



Тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді.




Көңіл күйін сергітеді, ерік-жігерін дамытады, сабаққа ынтасын арттырады.

Өткен сабақты еске түсіреді.




Баланың бойында
Ойынның нәтижесі:






Ойлау

Шыдамдылық



Тапқырлық



Ұйымдастырушылық қасиеттері қалыптасады

Белсенділік

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет