Тақырыбы: Библиографиялық құралдарды дайындау әдістемесі Кітапхананың оқырмандармен жүргізетін ақпарат жұмысының әдістері мен формаларына төмендегі ақпарат жұмыстары жатады: Библиографиялық құрал



бет1/3
Дата29.10.2022
өлшемі21,09 Kb.
#155609
  1   2   3
Байланысты:
Библиографиялық құрал
Махамбет Өтемісұлы, психология



Тақырыбы: Библиографиялық құралдарды дайындау әдістемесі
Кітапхананың оқырмандармен жүргізетін ақпарат жұмысының әдістері мен формаларына төмендегі ақпарат жұмыстары жатады:
Библиографиялық құрал - библиографиялық қызмет көрсету және библиографиялық ақпаратты пайдалануға арналған библиографиялық өнімнің негізгі түрі.Онда библиографиялық өнімнің атқаратын негізгі қызметтері толық жүзеге асырылады. Библиографиялық құрал - бір ғана библиографиялық сипаттамадан (бір библиографиялық плакат) бірнеше миллион библиографиялық сипаттамадан тұратын ірі кітапханаларға арналған каталогтар түрінде шығарылуы да мүмкін.
Библиографиялық құрал ( 7.0-99 МСТ-қа сәйкес ) – белгілі тәртіппен реттелген библиографиялық жазбалар жиынтығы.

Құралдарды түрлері бойынша жіктеу:
- мазмұнына қарай – әмбебап,салалық,тақырыптық,өлкелік, аумақтық,тұлғалық;
- шығарылу мерзіміне қарай- ағымдағы, ретроспективтік, перспективалық, кумулятивті (бұрын шығарылған басылымдар материалдарын біріктіру);
- таңдау тәсіліне қарай –тіркемелік, таңдамалы, белгілік, аннотациялық ( қысқаша сипаттама беру);
- материалдарды топтау тәсіліне қарай - әліпбилік, пәндік, сөздік, жүйелі, хронологиялық болып жіктеледі.
Құралдар типтері:
-библиографиялық көрсеткіш;
-библиографиялық тізім;
-библиографиялық шолу;
- библиографиялық каталог;
- библиографиялық картотека;
- библиографиялық деректер көзі;
- библиографиялық құралдардың негізгі түрлері.

Библиографиялық құралдар дайындаудың жалпы әдістемесі.
Алдыменен құралдың түрі мен типін анықтау қажет.
Библиографиялық құралды құрастыру мынадай кезеңдерден тұрады:
-дайындық кезеңі;
-негізгі кезең;
-қорытынды кезең.
Дайындық кезеңіне тақырыпты таңдау және зерттеу енеді:
- таңдау және зерттеу. Тақырып әр алуан тұрғыда жаңашылдығы, өзектілігі, оқырман қызығушылығын туғызуы, салаға сәйкес әдебиеттің жеткілікті болуы және кітапхананың мүмкіндіктеріне байланысты.
- жоспар – проспект жасау. Жоспарда: тақырыпты негіздеуді, құралдың жалпы бағыт –бағдарын межелеуді, оның негізгі қоғамдық мәні мен басты міндетін (тарихи, теориялық,тәжірибелік және т.б. жақтарын ашып көрсетуді, сондай –ақ мақсаты мен қандай оқырманға арналатындығының сипатын қамтиды. Соңғысы өте маңызды, өйткені құралдың нақ кімдерге арналғандығы оны құрастырудың нақты ерекшеліктерін анықтайды. Жоспарда құралдың типтік және жанрлық ерекшеліктерін (ғылыми-көмекші, ретроспективалық, жүйелі, ішінара аннотацияланған, қорытындылаушы сипаттағы әдебиет көрсеткіші, шолу түрінде атқарылған ұсыныстық «оқырмандар тобы» және т.т. ) айқын анықтап алу қажет.
- құралдың тақырыбы бойынша әдебиеттерді анықтау.
анықтау – библиографиялық өңдеу мақсатында құжаттарды іздеу. Бұл жерде таңдалған тақырыпқа сәйкес әдебиеттерді қандай картотекада, каталогтан, кітап қорынан іздеу қажеттігін анықтайсыз. Негізгі кезеңде жазбаларды библиографиялық таңдау және библиографиялық топтау жүзеге асырылады. Ол талдау және жинақтау кезеңдеріне бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет