Тақырыбы: Бинес идеяны таңдау
Дәріс жоспары:
1. "Икигай" дегеніміз не?;
2. Бизнес-идея дегеніміз не?
3. Нарық трендтері, клиентке бағдарлану
4. Өздік жұмыстың тапсырмасы
1. "ИКИГАЙ" ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Сіздер кәсіпкерлердің басқа адамдардан айырмашылығы қандай екенін және кәсіпкерліктің не екенін білесіздер. Өткен сабақта сіздер командаға бөліндіңіздер, енді сіз өз өміріңіздегі бірінші бизнес-жобаға кірісуге дайынсыз. Кез келген бизнес бизнес-идеядан басталады. Бүгін біз дәл осы бизнес-идея туралы әңгімелесетін боламыз. Бірақ алдымен біз "икигай" деген ұғымды талқылаймыз.
Икигай - өзіңнің күнделікті істеріңе қанағаттану және риза болу. Бұл өнерді кез келген адам үйрене алады деп санайды "Шағын икигай кітабының" авторы, нейробиолог және жазушы Кен Моги. Жапонның "икигай" деген сөзі сөзі "өмірдің мәні" деп аударылады. Ол екі сөзден тұрады — "ики" (тірі) және "гай" (себеп) — бұл әр адамның күнде ояна сала ұмтылатын ісі. Сізде бар көңіліңіз бен күш-қуатыңызды талап ететін өз бизнесіңіз бар деп елестетіп көріңіз. Бұл сізге көп уақытыңызды жұмсауға тура келетін іс. Егер сіз одан ләззат алмасаңыз, сіздің бизнес-жобаңыз сіз үшін бейнет пен әурешілік көзі болады. Сол себепті өз ісіңізге құмартуыңыз - өте маңызды, сіз өзіңізбен айналысудан күнде ләззат алуыңыз, онымен айналысқан сайын дамып, өсіп-өркендеп, өз ісіңіздің шебері болуыңыз үшін стимул болуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |