Тақырыбы: Күн жүйесі



Дата06.02.2022
өлшемі42,99 Kb.
#81259
Байланысты:
кҮН ЖҮЙЕСІ МҰХИТ
1-4ЛЕКЦИЯ ПЕД ШЕБ

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті


СӨЖ


Тақырыбы: Күн жүйесі


Қабылдаған:Қожабекова Захида
Орындаған:Байғараев Мұхит
Тобы:С1511-10ж


Шымкент 2020ж





ЖОСПАР:

  1. Күн жүйесінің пайда болу гипотезалары.

  2. Жер планетасы және Күн жүйесі мен олардың қарым-қатынасы. Пішіні, мөлшері және Жердің орбиталық өстік айналуы нәтижесі.Күн жүйе сызбасы.

  3. Планеталардың, Күн құрылымының, химиялық құрамының сипатамасы


Күн – қатты қызған (беткі температурасы – 6000С), плазмалық шар

(тығыздығы 1,4 г/м3). Оның лаулаған от пен протуберанецтер орналасқан

тәжі бар. Күннің сәуле шығаруының – күннің белсенділігінің – 11 жылдық

циклі бар. Күннің белсенділігінің ең жоғарғы шегінде оның бетінде ерекше

көп дақ байқалады. Сутегінің гелийге айналуы кезінде

Күннің ішкі құрылысы:
1–Гелийлік ядро;
2-конвекция зонасы; 3-хромосфера;
4-фотосфера; 5–кун дақтары;

  1. протуберанецтер;

  2. тәж термоядролық реакциялар күн энергиясының көзі болып табылады. Алғаш рет термоядролық реакциялардың жүріп өтуіне қажетті температураны теориялық түрде Артур Эддингтон есептеп шығарған. Неміс физигі Ганс Бете (1967 жылы Нобель сыйлығын алған) Күнде жүретін сутегімен гелийдің термоядролық синтезінің реакциясын есептеп шығарды.

Күн жүйесі мен жұлдыздардың пайда болуы жайлы кез-келген проблема немесе гипотезаның негізінде, Ғаламның үш фундаменталдық ерекшелігі бар: біріншіден Ғаламдағы заттардың басым көпшілігі сутегіден (75%), гелийден (25%) және басқа да химиялық элементтердің азғантай бөліктерінен құралған; екіншіден Ғаламның кезкелген нүктесінде жұлдызаралық газ және шаң бар; үшіншіден Ғаламда барлық заттар айналмалы және турбулентты қозғалыста (галактиканың формасы спираль тәріздес, жұлдыздар айналуда, планеталар күнді айналады және т.б.). Сондай ақ бізге Күн жүйесінің жасы 5 млрд жылға тең екендігін білеміз. Бұл мағлұмат бізге ғаламның өзіміз

Күн жүйесінің пайда болуы жөнінде бірнеше гипотезалар бар. Өткен ғасырда осындай гипотезаны И.Кант ұсынды. Бұл гипотезаны П. Лаплас қолдады. Жақын арада ғана В.Фесенков пен О. Шмидтің жаңа гипотезалары пайда болды. Бұл гипотезалардың басқа гипотезалардаң айырмашылығы, оларға сәйкес планеталар бастапқы ыстық компоненттерден емес, суық

күйдегі заттардан түзілген. Швед астрофизигі Х.Альвен ұсынып, кейін

Ф.Хойл жетілдірген

Күн жүйесінің

пайда болуы

гипотезасының

электромагниттік

варианты қазіргі

таңда

кең таралған.

Жұлдыздардың пайда болу үрдісі галактикада үздіксіз жүреді. Кезкелген

уақытта газ бен шаң, турбуленттік күштердің әсерінен гравитациялық

ядролар – протожұлдыздардың элементеріне үнемі қосылып жатады. Пайда

болған глобула протожұлдыз басынан бастап гравитациялық ядролардан

қалған айналмалы қозғалысқа ие болады. Глобула үлкейе бере ақырында

ыстық болғандығы соншалық, оның ішінде атомдық синтездің реакциялары

өте бастайды.

Қызудың белгілі бір шегіне жеткен кезде глобула өзінің қабығына
Глобуланың сығылуы оның массасына прапорционалды түрде ұлғаяды.

Ақырында ол атомдар өздерінің электрон қабықшаларын жоғалтатын

температураға да жетеді. 15 млн градустық температурада ядролық синтез

реакциялары басталады.

Сутегі ядролары орасан зор энергия бөле отырып, гелий ядроларын
осы ядролық реакциялар жүретін термоядролық қазан болып табылады.

Оның ядросының температурасы 15 млн градус, ал бетінің температурасы

60000С-ге тең. Эдингтон Күнді құрайтын газдың тұрақты тепе- теңдігін

түсіндірді. Оның түсіндірмесі бойынша тартылыс күші газдардың сығылуын

тудырады, ал сығылуға газдардың қысымы кері әсер етеді. А.Эддингтон,

бұдан басқа радиациялық қысымның жұлдыздардың ішінде бар екендігін

ескерді, ал

сәуле шығару

жұлдыздың

ішінде интенсивті

жүретін

болғандықтан,

радиациялық

қысым

да елеулі болуы

тиіс.


Бұл жерде гелийді күл ретінде қалса, сутегі қанша уақыт жануы мүмкін
немесе жылдам болуы мүмкін. Массалары Күннің массасындай жұлдыздарда

сутегі

миллиардтаған

жылдар

бойы жануы мүмкін. Бірақ

сутегінің қоры

шексіз

емес,

олар

қашан

да

болсын

таусылады.


Бұл жағдайда галактикадағы сутегінің қоры таусылғаннан кейін 100 млн
күл оттегі мен көміртегі болады. Оттегі мен көміртегі жану үшін біздің

өтеді.

Гелий сутегіден ауыр, сондықтан ол жанып біткен соң орталықта жиналып
шар, қызған сайын үлкейе бастайды. Оның температурасы да көтеріле




жүйесін катастрофалық процестерге алып келеді. Мысалға, Жерде поляр

мұздықтары еріп, мұхиттар буланып, планетаны қалың тұман қаптап, онда

үздіксіз жаңбыр жауады. Гелийлік өрт оны қоршаған сутегілік қабықшаны

жарып, нәтижесінде бүкіл планеталық жүйеге таралып, көптеген

планеталардың атмосферасын жұлып кетіп, оларды өртеп жібереді.




Бұдан соң ядролық пеш сөнеді. Бірақ Күн гелийлік жарылыста

жойылмайды. Жарылыстың ықпалы күн бетіне жеткенше оның сыртқы

қабықшасы суыи бастайды. Гелий осыдан кейін қайта жиналып, жоғарыда

көрсетілген реакция қайта басталады. Ішкі қабаттардағы температура өсіп,

сыртқы қабаттардағы температура төмендейді. Ақырында атомдар түзілуге

қажетті жағдайлар туып, фотондардың ағыны басталады.




Көп мөлшерде жылу бөлінумен қатар жүретін бұл үрдіс белгілі бір шекке

жеткенде, Күннің қабықшасы кеңістікке шашырап кетеді, яғни күн

жарылады. Сыртқы қабығынан айрылған Күн ақ карликке айналып, тып –

тыныш бірнеше милиондаған жылдарға созылған тіршілігін жалғастыра

береді.

Егер Күннің массасы үлкен болғанда сутегінің жану процесі басқа
никель, т.б. түзілгенге дейін жүре берер еді. Бұл элементтердің барлығы бір-

біріне

кигізілген

матрешкалар

секілді

жанатын

еді,

мысалы,

магний



неондық қабықта, фосфор - кремнийлік қабықта және т.б. Бірақ, темірге

жеткенде бұл процес тоқтайды. Себебі, темір жанбайды. Бірақ қысым мен

температура жоғарылағандығы соншалық, ең соңында электрондар мен

протондар бір-бірімен қысылысып, нәтижесінде тек нейтрондар ғана қалатын

жағдайға жетеді.

Олардың алатын орны аз болатындықтан жұлдыздардың орталық өзегі
әсерінен сығылу процесі тездетіле түседі. Нәтижесінде көптеген нейтринолар

пайда болады, бұл әлсіз бөлшектер жүйеден тез арада сыртқа шығып кетеді.

Жұлдыздардың орталық бөлігінде энергия жетпегендіктен сығылу қайтадан

күшейеді. Нейтринолардың ағыны ұлғаяды, бірақ олар енді жұлдыздардан

бөлініп шығып кете алмайды, себебі сыртқы қабаттар өздерінің

тығыздықтарын ұлғайтады. Бұл кезде гравитациялық күштердің Күн жүйесі

әсерінен аса жаңа жұлдыздың жарылысы деп аталатын жарылыс болуы

мүмкін. Осы жарылыс кезінде периодты системадағы басқа элементтер де

пайда болады. Бұл элементтер бүкіл Ғалам бойынша босып жүреді.


Біздің Күн мен планеталар аса жаңа жұлдыздың жарылысынан кейін
протопланеталық “бұлт” пайда бола бастайды, бұл бұлттың жазықтығы




Күн системасы 9 планетадан тұрады: Меркурий, Венера, Жер, Марс, Юпитер,

Сатурн, Уран, Нептун, Плутон.Аталған планеталардың барлығы бір бағытта,

бір жазықтықта (Плутоннан басқасы), дөңгелек тәріздес орбиталары бойымен

айнала қозғалады. Күн системасының орталық нүктесінен оның шетіне

дейінгі қашықтық (Плутонға дейін) 5,5 жарық сағатына тең. Күннен Жерге

дейінгі қашықтық 149 млн шақырымға тең, бұл қашықтық оның 107

диаметріне тең.

Кішкене планеталарда планеталар серіктерінің басым көпшілігіндегідей
жеткіліксіз. Венераның атмосферасында көмірқышқыл газы басым, ал

жолмен пайда болған кратерлер бар.

Үлкен планеталардың - Юпитер, Сатурн, Уран мен Нептунның құрамы ең
құрамы жалпы Ғаламның құрамына өте жақын. Ішкі кішігірім, яғни

Меркурий, Венера, Жер мен Марс секілді планеталарда ауыр элементтер көп,

ал

гелий,

неон

сияқты

газдар

аз

мөлшерде,

себебі

планеталардың

гравитациялық күші әлсіз болғандықтан газды ұстап тұра алмай, олар ұшып

кеткен.

Юпитердің диаметрі шамамен 144 000 км. Бұл Жердің диаметрінен 12 есе
тығыздығы бөлек. Ол жеңіл заттардан – сутегі мен гелийдің қоспасынан,

сондай – ақ метан, аммиак, күкіртті газдар мен басқа да химиялық

элементтерден құралған басқа да қосылыстардан тұрады. Юпитердің

бетіндегі тартылыс күші Жермен салыстырғанда екі жарым есе көп,

сондықтан жоғарғы қабаттардағы қысым Юпитердің қабықшасын сығып,

планетаның ішндегі заттардың тығыздығы жоғарылайды.


Ғылымда бұл планетаның құрылымы газды - сұйықты екендігі белгілі.
қоршалған, ол аса зор қысымның әсерінен электр тогы мен жылуды өткізетін

металдық қатты денеге айналған. Юпитерде Күн сияқты газды-шаңды

тұманнан

пайда

болған.

Бұл

тұжырымды

олардың

химиялық

құрамы

дәлелдейді. Бірақ оның массасы термоядролық реакциялар жүруі үшін

жеткіліксіз, әйтпесе біздің планеталық жүйемізде қосарланған жұлдыз болып,

бұл жағдайдың Жерде тіршілік пайда болуына қалай әсер ететіні белгісіз еді.

Жұлдыз болмаса да Юпитер спектрде инфрақызыл сәулелерді шығарып

отырады. Планетаның температурасы орталығына қарай жылжыған сайын

жоғарылап, ең орталық нүктесінде бірнеше мыңдаған градусқа жетеді.

Жоғары температуралар әсерінен планетаның қабықшасында конвективті



қозғалыстар түзіліп, экваторға параллель горизонталды сызықтар пайда болады. Юпитердегі магнит өрісі Күннен бөлінген сәулелерді ұстап, тек қана тіршілікке емес, электронды құралдарға да аса қауіпті зарядталған бөлшектердің ағынын туғызады. “Вояджер” атты автоматты зонд, полярлық шуғылалар мен Юпитер атмосферасындағы көз шағылыстанатын найзағай жарқылдарын, сондай ақ 400 км/сағ жылдамдықпен жойқын соққан дауылдарды бақылаған. Бұнымен қатар Юпитердің серіктері де анықталған. Олардың бірінде – Иода, серіктің қабығының активтілігі жайлы тұжырым жасауға мүмкіндік беретін сегіз вулкан табылған.
Әлемнің қазіргі космологиялық жобалары Бүкіл әлем туралы, оның қайдан, қалайша пайда болғандығы туралы мәселелер ежелден бері адамзатты толғандырып келе жатқан мәселелер болып табылады. Діни көзқарастық ағымдар бул мәселерді әр алуан мағынада түсіндірді. Ғылым пайда болғаннан кейін Әлем туралы мифтік және діни көзқарастар біртіндеп өзгере бастады. Бул арада әлем туралы анықтаманы бере кеткен жөн. Әлем дегеніміз — адамзат эмпирикалық бақылау жасай алатын, адамзат мекендеген кеңістік. Әлемді космология ғылымы зерттейді. Космология ғылымның қорытындылары әлемнің жаратылысы мен дамуының жобалары деп аталады. Ал, космос деп Жер атмосферасынан тыс орналасқан кеңістікті атайды. Ежелгі Грецияда бул термин «тәртіп», «гармония» деген мағынада қолданылды. Сонымен космология әлемнің реттілік жүйесін, оның өмір сүру заңдылықтарын қарастырады. Космологиялық зерттеулер бірнеше алғышарттарға негізделеді. Біріншіден, дүниенің физика ғылымы қалыптастырған әмбебап заңдары барлық Әлем үшін негізгі заңдар болып табылады. Екіншіден, астрономдар жүргізген барлық бақылаулардың бүкіл Әлемге қатысы бар. Үшіншіден, нақты ақиқат ретінде бақылау жүргізуші адамзаттың өмір сүру мүмкіндігіне шек келтірмейтін қорытындылар саналады. Космологияның жасаған қорытындылары сонымен әлем дамуы- ның және пайда болуының жобалары болып саналады. Барлық заңдар мен ғылыми теориялар жобалар болып саналады, өйткені ғылымның даму процесінде олар басқа концепциялармен ауыстырылуы мүмкін. Космологияда біртекті изотропты күйдегі кеңейе беретін Әлемнің жобасы цабылданған, ол 1916 жылы Альберт Эйнштейн жасаған салы-стырмалылық теориясы мен тартылыстың релятивистік теориясына негізделеді. Бул жобаның негізіне екі болжамды жатқызады:

  1. Әлемнің касиеттері оның барлық нүктелерінде (біртектілік), барлық бағыттары бойынша (изотроптылық) бірдей;

  2. гравитациялық өрістің ең негізгі сипаттамасын Эйнштейннің теңдеулері береді. Бүл жобаның маңызды бір бөлігі — оның стационарлық еместігі.

Бул салыстырмалылық теориясының екі постулатымен анықталады:

  1. салыстырмалық принципі — яғни барлық инерциялық жүйелерде олардың бір-біріне қатысты алғанда қандай жылдамдықпен қозғалғанына қарамастан барлық заңдар сақталады;

  2. жарық жылдамдығының тұрақтылығының тәжірибе жүзінде анықталуы. Жер күн жүйесінің басқа планеталары сияқты әр түрлі жұлдыздардың шаңы мен газдарынан құрылған. Жердің геологиялық жасы 4,5-5 млрд жыл деп есептеледі . Алғашқы геологиялық сатыдан бастап жер беті материктік көтерулер мен мұхиттық ойпандарға бөлінген. Жер қыртысыныңда ерекше граниттік-метоморфты қабат қалыптасқан. Мантиядан бөлінген газдар арқылы алғашқы атмосфера мен гидросфера пайда болған. Жер бетінде табиғи алғашқы жағдайлардың қолайлы болғаны сонша, планеталар қалыптасқан соң миллиардтаған жылдардан кейін өмір, тіршілік пайда болды. Жер бетінде өмірдің пайда болуы тек қанажер планетасының болу ерекшелігімен ғана емес, сонымен бірге Күн көзінен қолайлы арақашықтықтың дамаңызы бар. Себебі Күн көзіне планеталар жақын орналасса, онда жылу мен жарық мөлшері көп болады да, кез келген жамылғы (жер беті) судың қайнау температураснан жоғары болады. Ал жылуды аз қабылдайды да, өте қатты суынып кетеді. Көптеген планеталар массаларының Жерге қарағанда азырақ болуына байланысты, тартылыс күші де кем болады да, тығыз даәлді атмосфера қабатын ұстап тұруды қамтамассыз ете алмайды. Планета өмір сүру уақытында оның табиғаты бірнеше рет өзгеріске ұшыраған. Әр кезеңдерде тектоникалық іс-әрекет белсенді көріністер берген: құрлықтар мен мұхиттардың көлемі мен келбеті өзгерген, Жер планетасына космостық денелер құлаған, бірнеше рет мұз жамылғылары пайда болып, жоғалып кетіп отырған. Бұл өзгерістер органикалық дүниенің дамуына түпкілікті әсер ете қоймаған.

Географиялық қабықтың құрамына: литосфера, гидросфера, атмосфера және биосфера кіреді. Бақылауға мүмкін, космостық кеңістікте Жерге ұқсайтын басқа аспан денелерідәл қазірге дейін байқалмайды. Жердің пішіні мен өлшемі. Күн жүйесінің ішінде Жер планетасы да шар тәріздес пішінге ие. Жердің шар тәріздес екендігі туралы алғаш айтқандар қатарында грек ойшылы Пифагор болды. Ал Аристотель Айдың тұтылуына бақылау жасау арқылы Жер көлеңкесінің Айға түсуінен қорытынды шығарған, яғни Жер шар тәріздес деп айтқан. Келе-келе бұл ойлар, болжамдар, есептеулер арқылы да дәлелдәнген. XVII ғасырда И.Ньютон мынадай жобалау жасаған : Жер өз білігінен айналуына байланысты полюсте арақашықтық кішірейіп, сығылады. Сөйтіп, ғалым Жер шар тәріздес пішінде деп қорытынды шығарған. XVІІІ ғасырдың ортасында полюс пен экваторға жақын жатқанмеридиандарды өлшеуде бірдей еместігін дәлелдеген. Онда
экваторлық радиус полюстік радиустан 21 км-ге ұзын екендігі анықталған. Бұдан біздің Жер дәл шарға емес, эллипстік түрге ие екендігін көреміз. Ертедегі саяхатшылар да Жер шарын айналу саяхаттарында Жер шар тәріздес деген ойлар айта бастаған. Олар оны теңіздің жағасынан алыстаған сайын көкжиектің алыстан көрінуімен байланыстырады. Жердің шар тәріздігінғылыми түрде космостан түсірген суреттер, Жер бетін геодезиялық өлшеулер, Ай тұтулары дәлелдеген. Әр түрлі тәсілдермен өлшеу Жердің негізгі мынадай өлшемдерін нақтылап берді:
орташа радиус – 6371 км; экватор радиуысы – 6378 км; поляр радиусы -6357 км; экватор ұзындығы – 40076 км; Жер салмағы – 5976 х 10 кг; Жер беті көлемі – 510 млн км .
Күннен алыс жатқан үшінші планета – Жер, көлемі бойынша 5-орында, Жер орбитасы эллипстік пішінге ие.
Жердің өлшемі. Космостан түсірілген фотосуреттерде Жер күнмен жарықталған шар тәрізді және фазалары да Айдың фазалары тәрізді болып көрінеді.
Жердің пішіні мен өлшемі туралы дәлірек деректер градустық өлшеулер, яғни Жер бетінің әр түрлі орнында 1 доғаның ұзындығын километрмен өлшеу нәтижесінде табылады. Осы тәсілді біздің эрамызға дейінгі III ғасырда Египетте тұрған грек ғалымы Эратосфен қолданған еді. Қазіргі кезде осы тәсіл үлкен дәлдікпен геодезияда- Жердің пішіні мен оның бетіндегі (оның қисықтығын ескргендегі) өлшеулер жайындағы ғылымда қолданылады. Тегіс даладан бір меридианның бойында жатқан екі орын таңдап алынады да, олардың арасындағы доғаның ұзындығын градуспен және километрмен анықтайды. Содан кейін 1 -қа тең доға ұзындығының қанша километрге сәйкес екендігін есептеп шығарады. Таңдап алынған нүктелердің арасындағы меридиан доғасының градуспен алынған ұзындығының осы нүктелердің географиялық ендіктерінің = - айырмасына тең екені анық. Егер осы доғаның километрмен өлшенген ұзындығы -ге тең болса, онда Жердің шар тәрізділігінен доғаның бір градусына километрмен алынған мынадай ұзындық сәйкес келеді: n= . Сонда Жер меридианның L ұзындығы километрмен есептегенде L=360 n болады. Оның 2 -ге бөліп, Жер радиусын табамыз.
Құрылысы. Космос аппараттарының бортынан алынған көптеген фотосуреттер жер шарының негізгі үш қабықшасын көруге мүмкіндік береді: атмосфера және оның бұлттары, гидросфера және өзінің табиғи қабаттарымен бірге алынған литосфера. Осы қабықшалар сәйкес келетін
заттың үш агрегаттық күйі – газ,сұйық және қатты күйлер бізге- Жер тұрғындарына үйреншікті болып кеткен. Күн жүйесіндегі планеталардың көпшілігінің атмосферасы бар, бірақ қатты қабықша Жер тобындағы планеталарға, планеталардың серіктеріне және астероидтарға ғана тән. Ал Жердің гидросферасы Күн жүйесі үшін бірден-бір ғана құбылыс, бізге белгілі планеталардың бірде-біреуінде ол жоқ. Су сұйық түрде болу үшін, әрине, белгілі температуралық және қысымдық шарттар орындалуы тиіс. Су әлемде ең көп таралған химиялық қосылыстар қатарына жатады, бірақ басқа аспан денелерінде ол өзінің қатты күйінде кездеседі, ол бізге Жер бетінде қар, шық және мұз түрінде белгілі.
Литосферада өтіп жатқан процестерден, оның заттарының химиялық құрамынан миллиардтаған жылдар бойы өтіп жатқан өзгерістердің өзін байқаймыз. Радиоактивтік элементтердің ыдырауы кезінде бөлініп шығатын энергияның арқасында заттың балқуы және бөлектенуі өтеді. Осының нәтижесінде жеңіл қосындылар, бұлар негізінен силикаттар, жоғары, қабыққа ұмтылады да, ал ауыр элементтер орталық бөлікті- ядроны құрады. Жер қабығының қалыңдығы онша емес: 10 км-ден (мұхиттардың түбінде) 80 км-ге дейін (тау өркештерінің астында). Ядроның радиусы планета радиусынан екі есе кіші, ал ядро мен қабықтың арасында аралық қабат- Жер мантиясы орналасады, ол қабыққа қарағанда тығызырақ заттардан тұрады. Космос аппараттарының көмегімен орындалған зерттеулер нәтижелері көрсеткендей, Айдың және Жер тобындағы планеталардың ішкі құрылысы жалпы түрде бірдей екен.
Жердің массасы және тығыздығы. Бүкіл әлемдік тартылыс заңы аспан денелерінің аса маңызды сипаттамаларының бірін- массаны, оның ішінде біздің планетаның массасын , анықтауға да мүмкіндік береді. Шындығында да, бүкіл әлемдік тартылыс заңынан еркін түсу үдеуінің g=G екендігі шығады. Демек, егер еркін түсу үдеуі, гравитация тұрақтысы және Жер радиусы белгілі болса, онда оның массасын анықтауға болады. Көрсетілген формулаға g=9.8 м/с , G=6.67 H /кг , R =6370 км мәндерін қойып, Жер массасының M=6 10 кг екенін табамыз. Жердің массасы мен көлемін білгеннен кейін, орташа тығыздығын есептеп табуға болады. Ол 5,5 10 км/м -ге тең.
Магнит өрісі. Жердің магнит өрісі біршама зор. Жерден алыстаған сайын магнит өрісінің индукциясы әлсірей береді. Жер маңындағы кеңістікті космос аппараттары көмегімен зерттеу біздің планетамызды қуатты радиациялық белдеу қоршап тұрғандығын көрсетті, алллл ол- үдей қозғалатын зарядталған элементтер бөлшектер- протондар мен электрондардан тұрады. Оны жоғары энергиялы бөлшекткр белдеуі деп атайды.
Белдеудің ішкі жағы шамамен Жер бетінен 500-5000 км-ге дейін созылып барады. Радиациялық белдеудің сыртқы жағы Жердің 1-5 радиустарындай биіктіктер аралығында. Ол негізінен он мыңдаған электронвольт энергиясы бар электрондардан тұрады. Радиациялық белдеуді құратын бөлшектерді Жердің магнит өрісі сірә ,Күннен ұдайы шығарылып тұратын бөлшектерден қармап алатын болуы керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет