Тақырыбы: «Көшбасшы болу заман талабы»
Мақсаты: Оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру;
Жас ұрпақтың танымдық көзқарасын, ой-өрісін, дүние-танымын кеңейту, іскерлік қасиеттерін дамыту;
Логикалық ойлау, сөйлеу қабілеттерін шыңдау, оқушылар бойына ұлттық мәдени құндылықтарды сіңіру.
Сабақ түрі: кіріктірілген сабақ
I.ҰЙЫМДАСТЫРУ БӨЛІМІ
-Оқушылармен амандасу
-Сабақтың тақырыбын, мақсатын таныстыру:
II.Кіріспе бөлімі
Сәлеметсіздер ме,құрметті ұстаздар мен оқушылар?!
«КӨШБАСШЫЛЫҚ»жобасы аясында өткізгелі тұрған «Көшбасшы болу заман талабы» атты сайыс сабағымызға қош келдіңіздер!
Әр кезең бойынша түрлі тапсырмалар берілген.
Сабақ түрі: кіріктірілген сабақ
Барысы:
Тәрбиеші: Құрметті оқушылар! Бүгінгі өткізетін сайысымыз «Көшбасшы болу заман талабы» тақырыбында.
Бүгінгі жастар – халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі. Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шыңдайтын, білімді жастарды анықтайтын, білімге қызығушылықтарын арттыратын сайысымызды бастаймыз.
Ақыл –тон аңдағанға тозбайтұғын
Білім – кен қанша болса азбайтұғын.
Қатарың оза шауап бара жатса
Арқаның ауруы не қозбайтұғын,- деп Тұрмағанбет Ізтілеуов айтқандай білім сайысына құлшынып тұрған білімді оқушыларымызды таныстырып өтейін.
Ойын барысына тоқталсақ, сайысымыз 5 айналымнан тұрады. ( интерактивті тақтадан көрсету)
І айналым « Кім көп біледі?»
ІІ айналым « Полиглот ойыны»
ІІІ айналым « Ата салтың – халықтық қалпың»
ІҮ айналым « Іздеген жетер мұратқа»
Ү айналым Логикалық сұрақтар « Ойлан тап»
Тәрбиеші: Ойынды бастамас бұрын сайысымыздың ұпай сандарын есептеп әділ бағалайтын әділ қазымызды таныстырып өтейін. Олай болса сөз кезегі өздеріңізде, оқушылар!
І – « Кім көп біледі?» қойылған сұрақтарға келіскен-келіспегеніңді білдіріп « ия» немесе «жоқ» деп жауап беруі қажет.
-
Сыйлы адамға берілетін етті сыбаға деп атай ма? Ия
-
Абай атамыздың шын аты Ибраһим дегенге келісесіз бе? Ия
-
Тоқтар Әубәкіров қазақстанда алғаш ғарышқа ұшты ма? Ия
-
Әбілхан Кастеев атақты сазгер ма? Жоқ
-
« Үш бақытым» М.Әуезовтың өлеңі ме? Жоқ
-
« Тоғызқұмалақ» қазақтың ұлттық ойыны ма? Ия
-
Күй атасы Қорқыт баба дегенге келісесіз бе? Ия
-
1 мамыр балаларды қорғау күні ма? Жоқ
-
Мұқағали Мақатаев «Абай жолы» романының авторы ма? Жоқ
-
Аққу киелі құс дегенге келісесіз бе? Ия
-
9 мамыр Ұлы отан соғысының басталған күні ма? Жоқ
-
« Палау» қазақтың ұлттық тағамына жата ма? Жоқ
-
Жылқының пірі Қамбар ата ма? Ия
-
22 наурыз қазақ халқының Жаңа жылы дегенге келісесіз бе? Ия
ІІ Полигот. Дұрыс жауапты үш тілде айту: қазақша, орысша және ағылшын тілде.
-
Жақсы ... үшін жан пида. ( дос, друг, friend)
-
Айдың он бесі .... , он бесі қараңғы ( жарық, свет, eight)
-
Көңіл сырын ... білдіреді ( көз, глаз, eye)
-
....... – алтын қазына ( кітап, книга, boor)
-
Еңбегі жоқ ..... – ыстығы жоқ жалын ( ғалым, наука, science)
-
Көз қорқақ, .... батыр ( қол, рука, hard)
-
.... басы – бұлақ, сөздің басы – құлақ ( су, вода, water)
-
...... алма, білім ал ( алтын, золото, gold)
-
Есепші ..... қарайды, айды, күнді санайды (аспан, небо, sky)
-
Күндіз ... алса, түнде үкі алады ( бүркіт, орел, eagle)
Достарыңызбен бөлісу: |