Тақырыбы: Ұлттық экономикадағы қаржы және ақша-несие жүйесі



Дата07.02.2022
өлшемі429,47 Kb.
#96578
Байланысты:
. (2)

Тақырыбы: Ұлттық экономикадағы қаржы және ақша-несие жүйесі

Тақырыбы: Ұлттық экономикадағы қаржы және ақша-несие жүйесі

Орындаған:

Тексерген:Джанглышева Анаргуль Тулеушовна


С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжі
Атырау-2020

Жоспар:

  • Қаржы және қаржы жүйесінің мәні.
  • Салық және оның мәні. Салықтың түрлері.
  • Ақша жүйесі және оның ұлттық экономикадағы рөлі.
  • Қазіргі банк жүйесі және оның құрылымы.

Қаржы және қаржы жүйесінің мәні.

  • Қаржы дегеніміз қоғамның ақшалай қаржы қорларын құру мен пайдалану жөніндегі экономикалық қатынастар жиынтығы. Қаражат жүйесі дегеніміз ақша қорының пайда болуындағы және пайдаланудағы, сонымен қатар оны ұйымдастыру органдарымен (ұйымдарының) арасындағы қатынастарды қамтитын жиынтық қатынас. Қаражаттың функционалдық ішкі жүйесіне салық, бюджет, қаражат жоспары (болжау), сметалық қаражаттандыру, қаражат көрсеткіштері және т.б. жатады. Қаржы жүйесінің негізгі буыны мемлекеттік бюджет болып табылады.

Қаржының атқаратын қызметтері
Бөлу – қаржы арқылы материалдық және материалдық емес салалардың арасында бөледі және кайта бөледі.
Шоғырландыру – мемлекеттің экономикалық қызметін жүргізу ушін, оның материалдық негізін жасау.
Бақылау – ақша, қаржының пайда болуын, бөлінуін және нормаларға сәйкес реттей отырып оның қозғалысын бақылайды.
Реттеуші – қоғамдық өндірісте микро және макроэкономикалық прапорцияны реттеудің негізгі құралы.

Қаражат жүйесін қаражат қатынасына қатысушыларға (субъектілерге) байланысты мынадай үш ішкі жүйеге бөледі:

  • Мемлекет қаржысы – ақша қаражатынан тұрады. Ол қаражат тұрғындардың әлеуметтік кепілдігін қамтамасыз етуде, заңдылық пен құқықты сақтауға, қорғаныс пен шаруашылықты басқаруға жұмсалады. Мемлекеттік қаржы құрамына: мемлекеттік бюджет, валюталық қор, банктік және мемлекеттік несие, ведомстваның қорлары және т.б. енеді. Кәсіпорынның қаржысын меншіктегі және заемдағы қаржылар, ғылым мен техника қорының ақшалай қаражаты, әлеуметтік-мәдени даму мен материалдық ынталандыру қоры, амортизациялық қор, резервті және сақтандыру қоры енеді. Халықтың (үй шаруашылығының) қаржысы – шаруашылық, еңбек қызметтерінің негізінде, коммерциялық және халықтық банктегі сақталған қаржылардың, зейнеткерлік қорды мемлекеттің іске қосуының нәтижесінде ақшалай қаражатты құрады.

Мемлекеттік бюджет

  • Мемлекеттік бюджет дегеніміз мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары. Ол мемлекеттің шығындары мен табыстарының балансы. Мемлекеттік бюджет екі деңгейден тұрады, ол республикалық және жергілікті (облыстық, аудандық, селолық).
  • Мемлекеттік бюджеттен төленетін төлемдер: 1. Қаржы бөлу – мекемелер мен кәсіпорындарды қаржыландыруға берілетін ақшалай қаржы. 2. Субсидиялар – мемлекеттік ақшалай көмек түрі. 3. Субвенциялар – дамудың нақты мақсаттарына арналған мемлекеттік ақшалай көмек. 4. Дотациялар – шығындарды жабуға арнайы арналған ақшалай қаржы.

САЛЫҚ
Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттің жүргізіп отырған заңының негізінде міндетті түрде төленетін төлемдер
Экономикалық категория ретінде мемлекеттің табысы; материалдық категория ретінде белгілі бір ақша сомасы; заңгерлік категория ретінде заң
Салық жүйесі мемлекеттің заңды актілеріне сәйкес негізделіп, нақты құрылым әдістерін және салық салуды орнықтырады.
Өндіріп алу тәсілі бойынша тікелей және жанама болып, ал бюджет деңгейіне қарай жалпы мемлекеттік және жергілікті болып бөлінеді.

Салық элементтері

  • Салық субъектісі – заңға байланысты міндетті салық төлейтін жеке немесе заңды тұлға. Салық жүктелушісі – салық төлейтін тұлға. Салық объектісі – салық салынатын табыстар мен мүліктер (жалақы, пайда т.б.). Салық мөлшері – салық объектісінің бірлік өлшеміне салық салу мөлшері. Салық жеңілдіктері – салық мөлшерін азайту немесе одан толық босату.

Ақша және несие

  • Ақша – затта емес, байлықта емес, өндірістік қатынас. Бұның мазмұны мен мәнін ақшаның атқаратын қызметтерін яғни қоғамдық міндеттерінен анық байқауға болады. Ақшаның айналыс құралы қызметі – сатудан және сатып алудан құралады. Несие ( лат. сөзі – creditum – қарыз ) – жеке немесе заңды тұлғаға белгілі бір уақытта қайтаруға және пайдаланғаны үшін белгілі бір мөлшерде пайыз төлеу жағдайында қарызға берілген мүлік немесе ақша. Несие қарыз капиталының қозғалысы, несие беру мүмкіндігі ақысын төлеу, қайтарып беру және мерзімдік принциптеріне құрылған.

Пайдаланган деректер:

  • Google chrome
  • https://ppt-online.org/554274
  • Ақша, несие, банктер теориясы: Оқулық. — Алматы: «Жеті жарғы», 2011. — 368 бет. ISBN 978-601-288-026-7

Назарларынызга Рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет