Негізгі өндірістің қоршаған ортаға зияны



Дата27.03.2020
өлшемі295.97 Kb.
Негізгі өндірістің қоршаған ортаға зияны

Құқық нормасы – құқықты құқық нормаларының жүйесі ретінде қарастырудың негізіне жататын негіз қалаушы түсінік болып табылады. В. С. Нерсесянцтың пайымдауынша, «құқық нормасы – құқықты нормативтік түрде түсіндіретін, яғни құқықты жалпы алғанда норма арқылы түсінетін және анықтайтын, құқықтық нормалардан тұрады деп есептейтін барлық құқық доктриналары үшін негіз қалаушы түсініктердің бірі болып табылады» [1; 387].

Қазақстан Республикасында құқықты түсіндірудің жалпыға мойындалған нормативтік тәсілі танылған. Белгілі қазақстандық ғалым Г. Сапаргалиев құқық нормасын «құқықтық материяның клеткасы» деп жазған [2; 17].

Құқық нормасы басқа барлық құқықтық түсініктер үшін – құқықтық институт, құқық саласы және т. б. соңғы үлгі ретінде рөл атқарады. Сонымен қатар ол, қорытындылай келе, құқық нормасының туындысы болып табылатын басқа да түсініктерге – құқықсубъектілікке, құқыққабілеттілікке, құқықтық қатынастар, құқықбұзушылықтар, құқықтық актілерге негіз қалаушы болып табылады. Олардың мазмұны мен маңызы құқық нормасы арқылы анықталады, мысалы, құқықтық қатынастың мазмұнын құқық нормаларында бекітілген белгілі құқықтар мен міндеттерді құрайды.

Әдетте құқық нормалары «мемлекет бекіткен және қамтамасыз ететін адамдардың бірі-біріне қатысты мінез-құлық ережелері...», сонымен қатар адамзат мінез-құлқын реттейтін жалпы ұйымдастырушылық негіздер мен қағидаларды белгілейтін басқа да заңды ережелер» [3; 159].

Белгілі кеңестік теоретик С. С. Алексеев «құқық нормаларарына әлеуметтік нормалардың бір түрі ретінде барлық әлеуметтік нормаларға жалпы танылған белгілер тән: олар адамдардың қоғамдағы жүріс-тұрыс ережелері болып табылады; жалпы сипаттағы мінез құқық ережелері болып келеді; саналық-еріктік қызметтің салдары болып келеді; әлеуметтік-экономикалық жағдаймен байланысты...» [4; 334].

Экологиялық құқықтың нормалары құқық нормаларының бір түрі болып табылады және сондықтан да оған құқық нормаларына тән барлық қасиеттер мен белгілерге тән.

Құқық нормаларының келесі белгілерін анықтауға болады:

  1. Жалпыміндеттілік – ол адамдардың ықтимал және тиісті мінез-құлқыларына мемлекеттің билік ұйғарымы;

  2. Формальді белгіленген – ол жазбаша түрде ресми құжаттар арқылы көрініс табады;

  3. Мемлекетпен байланыс – ол мемлекеттік органдармен бекітіледі және мемлекеттік мәжбүрлеу шараларымен қамтамасыз етіледі.

  4. Ұсынушылық-міндеттеуші – ол тек бір субъектілерге құқықтар ұсынумен қатар басқа субъектілерге міндеттер жүктейді, өйткені құқықты міндетсіз жүзеге асыруға болмайды және міндетті құқықсыз жүзеге асыруға да болмайды [5; 51].

Экологиялық құқық нормалары да жалпыміндетті (яғни, барлық табиғат пайдаланушы- субъектілерімен орындалуға тиісті мінез-құлық ережелері), формальді белгіленген (яғни, мемлекет бекіткен тәртіпте қабылданған нормативтік құқықтық актілерде көрсетілгендер (ҚР Экологиялық кодексі, ҚР Жер, Су, Орман кодекстері және т. б. немесе табиғат пайдалану шарттарында), мемлекетпен байланысты (яғни адам денсаулығы және өміріне қолайлы қоршаған ортаны сақтауға мемлекет еркін білдіреді және мемлекеттің мәжбүрлеу күшімен қамтамасыз етілген), ұсынушылық- міндеттеуші (яғни, субъективтік экологиялық құқыққа экологиялық міндеттілік байланысты болады). Кейбір авторлар, мысалы Ю. А. Гаврилованың ойынша, экологиялық құқық нормалары «олар реттеуге бағытталған қоғамдық қатынастардың ерекше рөлімен негізделген арнайы ерекшеліктер тән. Біріншіден, экологиялық құқық нормалары кешенді сипатқа ие. Екіншіден, олар тек әлеуметтік- экономикалық жағдайлармен ғана емес, табиғи сипаттағы факторлармен ерекшеленген. Үшіншіден, кейбір табиғи объектілер қайта жаңғыртылмайтынын ескере отырып, мемлекет тарапынан қоршаған табиғи   ортаны   қорғау   және   ұтымды   пайдалануға   бағытталған   ерекше экологиялық-құқықтық нормалар талап етіледі» [6; 50]. Біз бұл пікірмен келісеміз.

Өндірістік қызметтің зиянды ықпалынан қоршаған ортаны қорғау нормаларында да ерекшеліктері бар. Оған:

а) табиғатқорғаушылық сипаты, өйткені аталған нормалардың негізгі міндеті – қоршаған ортаны өндірістің зиянды әсерінен қорғау;

б) кешенділік сипаты, өйткені, бұл нормалар тек экологиялық заңнамада емес, сонымен қатар өндірістік қызметті реттейтін заңнамада да қарастырылған;

в) нормативті-техникалық сипаты. Бұл нормалар техникалық нормалармен тығыз байланысты, көбісі арнайы техникалық регламенттерде қарастырылған.

Өндірістік қызметтің зиянды әсерінен қоршаған ортаны қорғау нормаларының өз құрылымы бар. Көптеген ғалымдар құқық нормасында үш құрылымдық элементтерді белгілейді – гипотеза, диспозиция, санкция. В. С. Нерсесянцтың ойы бойынша, «құқық нормасы – адресаттары белгілі жағдайларда (гипотеза) белгілі құқықтар мен міндеттерге ие субъектілер ретінде әрекет етуі керек (диспозиция), болмаса олар үшін белгілі жағымсыз салдар туындайды (санкция)» [1, 391].

Заңнамада құқықтың барлық нормалары осы үш элемент жийынтығынан тұрмайды. Көбінесе, бір немесе екі элементтерден тұрады. Мысалы, ҚР Экологиялық кодексте өндірістік қызметтің зиянды әсерінен қоршаған ортаны қорғау нормалары гипотеза ретінде қарастырылған. «Өнеркәсiп, энергетика, көлiк және байланыс объектiлерiн, ауыл шаруашылығы мақсатындағы және мелиорациялау объектiлерiн пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар» деп аталған 203-ші бапта өнеркәсiп, энергетика, көлiк және байланыс объектiлерiн, ауыл шаруашылығы мақсатындағы және мелиорациялау объектiлерiн пайдалану белгiленген экологиялық талаптар ескерiлiп және экологиялық тұрғыдан негiзделген технологиялар, қоршаған ортаның ластануын болдырмайтын қажеттi тазарту құрылыстары мен санитарлық күзет аймақтары пайдаланыла отырып жүзеге асырылуға тиiс делінген. Аталған объектiлердi пайдалану кезiнде экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн аз қалдықты және қалдықсыз технологиялар енгiзiлуге тиiс делінген. Мұнда өндіріс қызметі жүзеге асыру шарттары көрсетілген.

Құқық нормасының диспозициясы – ол нормамен реттелетін қатынастың қатысушыларының (тараптарының) өзара құқықтары мен міндеттері. Олар табиғат пайдалану шарттарында, мысалы, таукен өнеркәсібінде пайдаланылатын жер қойнауын пайдалануға модельдік контрактіде көрініс тапқан. Әр тарап (құзырлы орган мен мердігер) құқықтар мен міндеттерге ие. Бір тараптың құқығы ол екінші тараптың міндеті, және керісінше. Құқық нормасының санкциясы – ол диспозиция және гипотеза талаптарын бұзудың теріс салдары, яғни диспозициямен көзделген құқықтар мен міндеттерді, гипотезамен көзделген жағдайлармен әрекеттерді бұзу [1; 392].

Өндірістік қызметтің зиянды әсерінен қоршаған ортаны қорғау нормасының ерекшелігі болып, көп жағдайларда санкциялар оларды бұзғаны үшін экологиялық құқықбұзушылықтар үшін заңды жауапкершілікті көздейтін жеке нормативі актілерде көрсетілген. Мысалы, «Өнеркәсiп, энергетика, көлiк және байланыс объектiлерiн, ауыл шаруашылығы мақсатындағы және мелиорациялау объектiлерiн пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің  203-баптың  талаптарын бұзғаны үшін  санкция ҚР  Қылмыстық  кодекстің «Шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптардың бұзылуы» атты 277- бабында қарастырылған. Табиғи ресурстарды пайдалану, кәсiпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектiлердi жобалау, орналастыру, салу және жаңғырту, пайдалануға беру және пайдалану, өнеркәсiп, энергетика, көлiк пен байланыс объектiлерiн, ауыл шаруашылық мақсатындағы және мелиорация объектiлерiн пайдалану, қалалар мен басқа да елдi мекендердi салу кезiнде, әскери және қорғаныс объектiлерiне, әскери және ғарыш қызметiне қойылатын талаптарды сол талаптардың сақталуы үшiн жауапты адамдардың бұзуы, егер бұл қоршаған ортаның едәуiр ластануына, адамның денсаулығына зиян келтiруге, жануарлар немесе өсiмдiктер дүниесiнiң жаппай құрып кетуiне және өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса – үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, не онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Аталған норма да гипотеза, диспозиция, санкция да бар. Диспозиция бұл жерде сипаттамалы қарастырылған және мінез құлық  ереженің  өзін сипаттайды, яғни жауапты тұлғаның табиғи ресурстарды пайдалану, кәсiпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектiлердi жобалау, орналастыру, салу және жаңғырту, пайдалануға беру және пайдалану, өнеркәсiп, энергетика, көлiк пен байланыс объектiлерiн, ауыл шаруашылық мақсатындағы және мелиорация объектiлерiн пайдалану, қалалар мен басқа да елдi мекендердi салу кезiнде, әскери және қорғаныс объектiлерiне, әскери және ғарыш қызметiне қойылатын экологиялық талаптарды орындау міндеті.

Гипотеза мінез-құлық ережелерін бұзғаны үшін белгілі жағдайдың туындауын болжайды – «егер бұл қоршаған ортаның едәуiр ластануына, адамның денсаулығына зиян келтiруге, жануарлар немесе өсiмдiктер дүниесiнiң жаппай құрып кетуiне және өзге де ауыр зардаптарға әкеліп соқса».

Санкция бұл ҚР Қылмыстық кодекстің 277-бабында көзделген жаза.

Қазіргі кезеңде өндірістік қызметтің зиянды әсерінен қоршаған ортаны қорғау нормалары біртұтас ортақтыққа  (единая общность) ие,  осы  ортақтық нені құрайды  – құқықтық институтты ма немесе субинститутты ма, соны анықтайық. Құқықтық институт – бұл белгілі  қоғамдық қатынастарды реттейтін біртекті нормалар жиынтығы болып табылады [1; 430]. А. А. Алексеев құқықтық институт ретінде «құқықтық реттеу пәннің негізгі бөлігі болып табылатын, біртекті қоғамдық қатынастардың тар шеңберін реттейтін өзара байланысты жекелеген құқықтық нормалардың жиынтығы» деген анықтама береді [4; 402].

Мемлекет және құқық теориясының өкілдері құқықтық институттың бірнеше белгілерін айқындаған. В. В. Лазаревтің және т.б. ғалымдардың ойынша оған: а) нақты мазмұнының біртектілігі– әрбір институт дербес жекелеген қатынастар тобын немесе адамдардың жеке жүріс-тұрыс, әрекеттерін реттеуге бағытталған; б) құқықтық нормалардың заңды біртұтастылығына тән «құқықтық институт құқық саласының оқшауланған бөлімі болып табылады». Құқық институтына кіретін нормалар бірыңғай кешенді құрайды, аталған қатынастар түріне тән реттеудің ерекше құқықтық режимін құратын жалпы тұжырымдар, құқықтық қағидалар, арнайы құқықтық түсініктерде көрініс табады. в) нормативтік оқшаулылық, яғни құқықтық институтты құратын нормалардың тарауларда, бөлімдерде, заңның басқа да құрылымдық бөліктерінде оқшаулануы; г) реттелетін қатынастардың толықтығы.» [7; 169].

Ғалым-экологтар   да   құқықтық    құқықтық    институтқа    тән    белгілерді    белгілеп    отыр. Ю. А. Гаврилова үш белгіні анықтап отыр: 1) белгілі қатынастар тобына институттың реттеушілік әсер етуі; 2) нақты және заңды біртектілік; 3) құқықтық институтты құратын нормалардың тараулар, бөлімдер, бөліктер, заңның, басқа да нормативтік құқықтық актілердің құрылымдық бірліктерінде оқшаулануы [6; 50]. Өндіріс қызметінің зиянды әсерінен қоршаған ортаны қорғау нормалары құқықтық институттың барлық белгілеріне сай келе ме, соны қарастырып көрейік.

Біріншіден, бұл нормаларға нақты мазмұнның біртектілігі тән. Өндіріс қызметінің зиянды әсерінен қоршаған ортаны қорғау нормалары өздерінің біртекті қоғамдық қатынастар шеңберін ғана реттейді – өндіріс саласында қоршаған ортаны қорғау қатынастарын.

Екіншіден, өндіріс қызметінің зиянды әсерінен қоршаған ортаны қорғау нормаларына заңды біртектілік тән. Қарастырылып жатқан нормалар ерекше, аталған қатынастар тобына тән реттеудің құқықтық режимін құратын жалпы тұжырымдарда, арнайы құқықтық қағидаларда, арнайы құқықтық түсініктерде көрсетілген.

Бірақ та бүгінгі таңда өндіріс қызметінің зиянды әсерінен қоршаған ортаны  қорғау нормаларының нормативтік оқшауланғаны әзірше жоқ, яғни құқықтық институтты құратын нормалардың тарауларда, бөлімдерде, бөліктерде, заңның немесе басқа да нормативтік-құқықтық актілердің құрылымдық бөліктерінде оқшаулануы және реттелетін қатынастардың толықтығы деген белгі жоқ болып отыр. Өндіріс қызметінің зиянды әсерінен қоршаған ортаны қорғау нормалары ҚР Экологиялық кодексінің «Шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын жалпы экологиялық талаптар» атты 29-шы Тарауда және «Шаруашылық және өзге де қызмет түрлері бойынша экологиялық талаптар» деген 30-шы Тарауда қарастырылған. Сонымен,  олар  «шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыру кезіндегі экологиялық талаптар» атты құқықтық институтының құрамдас бөлігі болып табылады. Қарастырылып жатқан нормаларда реттелетін қатынастардың жеткілікті екенін айту әлі ерте. Бүгінгі таңдағы өндіріс қызметінің зиянды әсерінен қоршаған ортаны қорғау нормалары өндіріс саласында экологиялық қауіпсізідікті қамтамасыз ету бойынша қатынастарды жан-жақты реттеуге жеткіліксіз болып отыр. Сонымен, өндіріс қызметінің қоршаған ортаны қорғау нормалары экологиялық заңнаманың қазіргі даму үрдісінде «Шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыру кезіндегі экологиялық талаптар» деген құқықтық институттың субинституты (институт асты) болып табылады. Субинститут (институт асты) – бұл құқықтық институттың құрамдас бөлігі.

Аталған институт «Шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыру кезіндегі экологиялық талаптар» атты құқықтық институттың құрамында және басқа институттармен бірге экологиялық құқық саласына кіреді. «Құқық саласы ... құқықтық реттеудің арнайы пәнін құрайтын қоғамдық қатынастардың біртекті саласын реттеуге бағытталған өзара байланысты заң нормаларының дербес тиісті ретке келтірілген жиынтығы болып табылады.» [6; 48].

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет