Тақырыбы: Ұлттық тағам Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата15.09.2017
өлшемі55,29 Kb.
#33728
Тақырыбы: Ұлттық тағам

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақтың ұлттық тағамдары жайлы білу, ұлттық тағамдар маңызды екенін түсіне білуге және түсінгендерін айта білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушы бойында ізгілік, мейірім, адамгершілік сапаларының жетекші сапалар ретінде қалыптасуына құлшыныс тудыру. қазақ халқының салт - дәстүрін білуге, қонақжайлылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылардың өзара пікір алысу, ортақ ой тұжырымдау, оны көпшілік алдында айта алу дағдыларын жетілдіру. Ұжымда өзара әрекеттестікте жұмыс істеу біліктіліктерін дамыту.

Көрнекілігі: сызбалар, тағамдар, суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:


1. Кіріспе.

Қазақтың  ұлттық  тағамдары ,

Жасымнан жақын маған  бәрі.

Теңгермес ем оларға  мен ,

Ешбір  асты  ғаламдағы.

Мал шаруашылығымен айналысқан көшпелі қазақтардың  негізгі тағамы – ет пен сүттен жасалған . Биенің сүтінен қымыз ,түйе сүті-

нен шұбат дайындаған. Сиыр , қой мен ешкі сүтінен қаймақ , май ,

ірімшік , айран , қатық ,сүзбе , құрт т.б. тағамдар жасаған .

Қастерлі тамақтарының  бірі – тары. Қуырып ақтаған тарының

жармасына  сары  май  мен  шекерді араластырып  жент дайында –

ған. Тарыны түйіп , тары көже пісірген .

Жылқының  жал , жая , қазы , қарта , шұжығы кәделі ас саналады.

Құрт  езілген  сорпа  ішкен .Бауырсақ , шелпек , кеспе , көже және

күріштен сүт ботқа мен күріш  көже , палау дайындаған .



2. Қазақтың дастарқаны.
Қазақ халқы үшін дастарқаннан, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. Сондықтан тамақ ішуге шақырғанда тамақты көп күттіруге болмайды.
Қазақтың ұлттық дастарқанында болатын негізгі тамақтардың түрлері:
1) ет тағамдары;
2) сүт тағамдары;
3) нан тағамдары.
Ең негізгі ұлттық тамақ – қазақша ет.
Ет тағамдары: еттен жасалған – даярланған тағамдар:
1) қуырдақ;
2) қазы;
3) шұжық;
4) жая.
Нан тағамдары:
Бауырсақ;
жалпақ нан;
таба нан;
самса;
бәліш.
Сүт тағамдары:
қымыз;
шұбат;
айран;
құрт;
ірімшік;
сарымай;
қаймақ;
сүзбе.

                                       Қымыз



1- оқушы : Сары , дәрі қымызым ,

                   Бұрқыраған иісі

                   Мұрныңнан  кетпес күнұзын

                                Шұбат



2 –оқушы :Ішіп көрген  шұбатты ,

                   Дәмін бірден ұнатты.

                   Денсаулыққа  пайдалы

                   «Зәм – зәм » суы сияқты

                                 Қуырдақ

3- оқушы : Өкпе , бауырдан жасар ,

                   Дәм бар ма одан  асар.

                                  

                                

                                  Бауырсақ

4- оқушы : Біз ғана тән ,

                   Қызыл – күрең бауырсақ

                   Дастарқанға  сән

                                  Шелпек



5– оқушы : Ата , бала жер  тегін .

                       Әжеміздің  асықпай

                       Майға  піскен  шелпегін

                                  Талқан



6- оқушы :  Жесең  бидай  талқаны ,

                      Кептіреді  аңқаны

                                    Палау

7- оқушы :  Жеңсік  ас  деп  қалаулы ,

                       Ұнатамыз палауды

                                  Шыжық

8- оқушы :  Қазақтың бір  қызығы ,

                      Нан  қосып  жейтін  шыжығы

                                   Ірімшік

9- оқушы :  Дастарқанды жайнатқан ,

                      Ірімшікті  қайнатқан .

                                 Құйрық – бауыр

10 – оқушы : Құйрық – бауыр жасап ,

                       Тұз  сеуіп  жедік  асап

                                     Жент

11- оқушы : Опырып  үгіп – үгіп  жейтін .

                     Қазақ  жасар  жентін

                                      Құрт

12- оқушы : Томпайып  ұртты ,

                      Сорамыз  құртты

                                   Қарынмай 

13 – оқушы: Қарын  майы қандай ,

                      Қағасың  жесең таңдай

                                   Тандыр  нан

14- оқушы : Ұнатар  бар  балдырған ,

                     Жұқа жұмсақ , тандыр нан

                                    Шалап

15- оқушы : Бойыңа қуат таратты ,

                     Бір  сімірсең шалапты

                                       Уыз

16 – оқушы : Сиыр бұзау  туысымен ,

                       Екі  - үш күн  жеймін   уызын  мен

 

                                       Айран



17- оқушы :   Үйдің  ұйтқан  айраны

                        Асқазанға  пайдалы

                                      Қаймақ

18- оқушы  :  Пісіріп  сүтті  қайнатты ,

                       Кілкіп  ап жедік қаймақты .



3. Жаңа сөздер:
Қонақ – гость
Бесбармақ – мясо по-казахски
Қуырдақ – обжаренное мясо
Бата – благословение
Қымыз – кобылье молоко
Шұбат – верблюжье молоко
Әзірлеу - приготовить
Тамақ – пища, еда
Құрметтеу – уважать.
(Сөздерді мұғалім оқып, аударады, балалар қайталайды).
4. Жаңа сөздермен сөйлем құру.
Мысалы:

Қонақ келді.


Анам бесбармақ пісірді.
Әкем қымыз, шұбат әкелді.
Қонақ бата берді.
Қымыз – бие сүті ғой.
Ұнаса, тағы іше ғой.
Қымыздан көп пайда бар.
Нағыз қымыз тауда бар.
Қымыз – сусын тамаша,
Бойымызға тараса.
Сүт:
Ыстық-ыстық сүт ішсең,
Дәмі кетпес таңдайдан.
Бой жадырап кенеттен,
Буы шығар маңдайдан.
(Ө. Тұрманжанов).

5.Сұрақтар қою:

1. Еттен жасалатын тағамдарға байланысты қазақ халқының қандай салты бар?


2. Ұлттық тағамдардың түрлерін ата
3. Құрметті қонақтарға қазақ халқы қандай тағам ұсынады?
4. Үлкен сыйлы қонақтарға не тартады?
5. Жеті түрлі дәмнен пісірілетін тағам қалай аталады?
6. Қазақ халқының ең бағалы сусыны
7. Сүттен жасалатын тағамдар
8. Бауырсақты неден жасайды?
9. Тарыдан не дайындайды?
10. Ұлттық тағамдардың қайсысында қандай дәрумендер бар?
6. Мақал жазу, жаттау.

7.Венн диаграммасын толтыру.

Қазақ халқының тағамы................Ортақ тағам..................Орыс халқының тағамы
Қуырдақ..........................................нан...........................котлет
Қымыз.............................................ет..............................борщ
Шұбат..............................................қуырады...................квас
Ірімшік............................................пісіреді......................кисель
Құрт.................................................қайнатады................кисель
Көже................................................ботқа


Каталог: uploads -> doc -> 0735
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0735 -> Сабақ тақырыбы: Мұхтар Әуезов «Көксерек-табиғаттың тағы перзенті»
0735 -> Қазақстанның қалалары. Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет