Дәріс есептеуіш желілердің ҚҰрылымы мен оларға жалпы шолу негізгі анықтамалар мен терминдер



бет1/20
Дата02.11.2022
өлшемі258,5 Kb.
#156192
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Д ріс есептеуіш желілерді рылымы мен олар а жалпы шолу негізг
шар, Функцияның экстремумы, 8fd72771-9bd8-4d29-8a52-b155ffdb5f7d, «Ел рәміздері – еркіндік нышаны», 1, стандартты программалар , Компьютердің негізгі құрылғылар, желілік операциялық жүйе, Үлеспен таныстыру әдістемесі. Саның үлесін, үлесі бойынша санды табу, Үлеспен таныстыру әдістемесі. Саның үлесін, үлесі бойынша санды табу, МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДА ҚАРАПАЙЫМ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҰҒЫМДАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ӘСЕР, Күрделі функцияның туындысы, Күрделі функцияның туындысы, Үлеспен таныстыру әдістемесі. Санның үлесін, үлесі бойынша санды табу, работа

ДӘРІС 1. ЕСЕПТЕУІШ ЖЕЛІЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ОЛАРҒА ЖАЛПЫ ШОЛУ


Негізгі анықтамалар мен терминдер.
Желі-мәліметтерді өңдеу мен тарату құрылғыларымен құралатын объектілердің жиынтығы.
Желілер әдетте қолданушының жекелік меншігінде болады және біршама аймағы мен аймақ бойынша қасиеттер арқылы бөлінеді:

  • Жергілікті есептеуіш желілер (ЖЕЖ) немесе Local Area Network (LAN), бір немесе біршама жақын орналасқан ғимараттарда болады. ЖЕЖ әдетте кез-келген ұжымның аймағында (корпорацияларда, мекемелерде) болады, сондықтан оны ұжымдық деп атайды.

  • Таратылған компьютерлік желілер, ауқымды немесе Wide Area Network (WAN), көпшілігінде аймақтық, аралас және ауқымды болып бөлініп әртүрлі ғимараттарда, қалаларда және елдерде болады. Осы жағдайға байланысты ауқымды желілер төрт негізгі түрлеріне бөлінеді: қалалық, аймақтық, ұлттық және трансұлттық. өте үлкен көлемдегі таратылған желілерге мысал ретінде мыналарды айтуға болады: Internet, EUNET, Relcom, FIDO.

Жалпы жағдайда желілердің құрамына мына элементтерді біріктіреді:

  • Компьютерлер (желілік адаптермен жабдықталған);

  • Байланыс каналдары (кабельді, жасанды серіктік, телефондық, радиоканалдар, талшықты-оптикадық және т.б.);

  • Әртүрлі типті дабылдарды түрлендірушілер;

  • Желілік құрал-жабдықтар.

Ж елінің екі түсінігін ажыратуға болады: қатынастық желі және ақпараттық желі (1.1. сурет)

1.1. сурет
Қатынастық желі мәліметтерді алысу үшін және мәліметтерді түрлендіруге бағыттылған іс-шараларды орындауға мүмкіндік береді.
Коммуникациялық желілер физикалық құралдарының жалғасуының типтері бойынша бөлінеді.
Ақпараттық желі ақпаратты сақтау мен қорғау үшін арналып, ақпараттық жүйелерден құралады. Коммуникациялық желі негізінде ақпараттық желілер топтары құралуы мүмкін:
Ақпараттық жүйе деп ақпаратты жеткізуші немесе тұтынушы болып келетін жүйені айтаға болады.
1. Сурет – Ақпараттық және қатынастық желілер
Компьютерлік желі ақпараттық жүйелер мен байланыс арналарынан тұрады.
Ақпараттық желі деп, ақпаратты сақтап, өңдеп және беруге мүмкіндігі бар объектіні айтады. Ақпараттық желінің құрамына компьютерлер, бағдарламалар, пайдаланушылар мен деректерді оңдеп, беру үрдісіне арналған басқа да құрамдастар кіреді. Пайдаланушының қойған міндеттерін орындауға арналған ақпараттық жүйе жұмыс станциясы (client) деп аталады. Жұмыс станциясы кәдімгі дербес компьютерден онда желілік картаның (желілік адаптер) болуымен ерекшеленеді, ол деректерді және желілік бағдарламалық қамтамасыз етуді беруге арналған арна.
Байланыс арнасы деп сигналдар берілетін жолдарды немесе құралдарды түсінуге болады. Сигналдарды беру құралын абоненттік немесе физикалық арна деп атайды.
Байланыс арналары (data link) желілік құрылғылар және байланыстың физикалық құралдары арқылы байланыс желілері бойынша құрылады. Байланыстың физикалық құралдары шырмалған қостар, коаксиальды кабельдер, оптикалық арналар немесе эфир негізінде құрылған. Қатынастық желі мен коммутация түйіндерінің физикалық арналары арқылы әсерлесуші ақпараттық жүйелер арасында логикалық арналар орнатылады.
Логикалық арна – бір жүйеден екіншісіне деректерді беру жолы. Логикалық арна маршрут бойынша бір немесе бірнеше физикалық арналарда салынады. Логикалық арнаны физикалық арналар мен коммутация түйіндері бойымен өтетін маршрут деп сипаттауға болады.
Желідегі ақпарат алмасу процедуралары бойынша объектілер арасында деректер блогы арқылы беріледі. Бұл процедураларды деректерді беру хататмалары деп атайды.
Хаттамаекі немесе бірнеше құрылғылар арасында ақпаратты алмасу процедурасының пішімін орнататын ережелердің жиынтығы.
Желінің жүктелуі трафик деп аталатын параметр арқылы сипатталады. Траффик (traffic) – деректерді беру желісіндегі хабарлардың ағымы. Бұл түсінік желідегі таңдалған нүктелерден өткен деректер блогының санының өлшемі және оның секундттағы биттермен көрсетілген олардың ұзындығын білдіреді.
Желінің сипаттамасына қатынау әдісі айтарлықтай әсер етеді. Қатынау әдісі– деп, байланыс арнасына (кабеліне) қатынауды қалай басқару және қай жұмыс станциясы келесі болып байланыс арнасын қолданатынын анықтайтын әдісті айтады.
Желіде барлық жұмыс станциялары бір бірімен топология деп аталатын нақты құрылым бойынша физикалық байланыс арналары арқылы түйіскен. Топологияқандай жұмыс станциялары бір бірімен байланысатынын көрсететін желідегі физикалық түйісудің сипаттамасы. Топологияның түрі жұмыс станцияларының өнімділігін, жұмысқа қабілеттілігін және пайдалану сенімділігін анықтайды және файлдық серверге қарау уақытын көрсетеді. Желінің топологиясына қарай қатынаудың нақты бір әдісі қолданылады.
Желідегі негізгі элементтердің құрамы оның ахитектурасына байланысты. Архитектура бұл желідегі жұмыс станцияларының әсерлесу функцияларын, құрылымын және өзара байланысын анықтайтын концепция. Ол желінің техникалық және бағдарламалық құралдарының логикалық, функционалдық әрі физикалық ұйымдасуын көрсетеді. Архитектура желінің элементтерінің аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етілуінің құрылуы және жұмысының принциптерін анықтайды.
Негізінен архитектураның үш түрін ажыратады: архитектура терминал – бас компьютер, архитектура клиент-сервер және біррангтік архитектура.
Жаңа заман желілерін түрлі белгілері бойынша жүйелеуге болады: компьютерлердің қашықтығы, топологиясы, тағайындалуы бойынша, көрсететін қызметтеріне, басқару принциптеріне (орталықтандырылған және орталықтандырылмаған), коммутация әдістеріне, қатынау әдістеріне, беріліс ортасының түрлеріне, деректердің берілу жылдамдықтарына және т.б. қарай. Бұл түсініктердің барлығы кітапты алда терең оқығанда егжей-тегжейлі қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет