Тақырыбы: Қорқыныш күні Мақсаты



Дата20.06.2022
өлшемі15,67 Kb.
#146883
Байланысты:
5 қорқынышты күн


Тақырыбы: Қорқыныш күні
Мақсаты: Балаларға қорқыныш күнінің ерекшелігін және оны жай сезіне біліп қана қоймай, іс-әрекет арқылы көрсете білу.
Міндеттері:
1) Қорқынышты оқиғалардан қорықпай, қорқыныштарын сейілту.
2) Балалардың әр түрлі бетперделер жасауын қадағалап үйрету
Көрнекіліктер:
1) Қағаз, түрлі түсті қатты қағаздар, желім, қайшы,.
2) Марапаттау қағаздары мен алғыс хаттар
3) Жалмауыз кемпірге арналған киімдер.
Жоспары:
I. 9.00-9.30 жиналу
II. 10.00-10.10 лездеме
III.10.10-11.30 қорқынышты ойындар
IV. 11.30-11.45 демалу
V. 11.45-12.45 қорқынышты әңгіме
VI. 12.45-13.00 жинап қайтару
Барысы:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар?! Қане барлығымыз сапқа тұрайық. Бүгін біздің күніміз " Қорқынышты күн" деп аталады. Бәріміз 1,2,3-ке саналамыз.
Жаттығу жасап болғаннан кейін қорқынышты ойындар ойналады? Ол мынадай тақырыптардан тұрады:
Қорқынышты оқиға
Аңдардың қорқынышты дыбыстары
Қорқынышты бетперде жасау
Жалмауыз кемпірді қонаққа шақыру
I- ойын: "Қорқынышты оқиға"
Шарты: Балаларды екі топқа бөліп, оларды шеңбер ортасына тұрғызып, қорқынышты әңгіме айтамыз. Қай топтың әңгімесі қорқынышты болса, сол топ жеңіске жетеді.
II. "Аңдардың қорқынышты дыбыстары"
Шарты: Қиял ғажайып ертегісіндегі қорқынышты әрекеттері көзге түскен кейіпкерлердің кейбір ерекшеліктерін іс жүзінде көрсетіп беру.
III. Қорқынышты бетперде жасау.
Шарты: Оқушыларды үш топқа бөліп, бетперделер жасату.Ен үздік жасалған бетпердені және оны жасаған топты марапаттау. Қалған топтарға алғыс хаттар беру.
IV. Жалмауыз кемпірді қонаққа шақыру
Шарты: Жалмауыз кемпірді қонаққа шақыру. Балалардың өнерін тамашалату.
- Балалар қазір бізге жалмауыз кемпір қонаққа келеді. Сендер қорықпай өз өнерлеріңді көрсетсеңдер, жалмауыз кемпір қуанып қалады. Сол үшін өз өнерлеріңді барынша көрсетуге тырысыңдар.
Қорытындылау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет