Тақырыбы: Қош келдің, әз Наурыз!



Дата12.03.2018
өлшемі45,08 Kb.
#39004
Тақырыбы: Қош келдің, әз Наурыз!

Мақсаты: Қазақтың ұлттық мейрамы Наурызды тәрбиеленушілерге кеңінен насихаттай отырып, ұлтжанды, мейірімді, халықтық дәстүрді дәріптеуге баулу.

Жүргізуші: Армысыздар, ұстаздар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз да келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын!

Су жылтырап бүршік ашқан жас талдан,

Бу бұрқырап қатып қалған тастардан.

Күн күркіреп, жасын ойнап аспаннан,

Бар тіршілік Наурыздан басталған!

Жүргізуші: Құрметті қонақтар біз бүгін Наурыз мерекесін әжеміздің ауылына тойлауға келдік.

Балалар залға кіріп, әжемен амандасады.

Жүргізуші: Амансыз ба әже біз, бүгін Наурыз тойын сіздің ауылда тойламақшымыз, біздің балалардың дайындаған өнерлерін тамашалаңыз.

Ақ ниетпен нәр алған,

Сенсің менің өлеңім.

Әнге бөлеп әлемді,

Шымырлатып денемді.

-Көктемнің алғашқы мерекелері болғандықтан, қазір бүлдіршіндеріміз өздеріңізге арнап «Наурыз біздің жаңа жыл» әнін орындап береді.

Хор: «Наурыз біздің жаңа жыл»

Жүргізуші: Ендігі кезекті тақпақтарға береміз.

Жансезім: Жыл басы Наурыз мереке,

Ақ нұрға әлем боянды.

Наурыз тойы береке

Тіршілік жаңа оянды.

Әлижан: Уа ағайын, халайық

Мұнда назар салайық!

Мерекесі халықтың

Наурыз тойын бастайық.

Інжу: Жылдың басы Наурыз

Жердің басы Наурыз

Мерекеге арналсын

Бүгінгі жыр әніміз

Жүргізуші: Әже біздің балаларымыздың өнерлері өте көп. Ендеше Наурыз мерекесінде балаларымыздың қазақша биін тамашалайық.

Би: «Қазақ биі»

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар талаптарыңа нұр жаусын.

Наурыз бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйтқысы, жақсының жаршысы, ынтымақтың белгісі, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін мереке. Олай болса кезекті балаларға берейік.

Ғибрат: Наурызбенен құттықтап,

Алыс жақын қауымды

Көктемдегі жарқын сәт,

Көңілдерге ауысты.

Аружан: Наурыз тойым, Наурыз тойым

Құтты болсын халайық

Қане достар,қане достар

Шырқап әнге салайық.

Омар: Көктем келді балақай

Жасарды жер алақай

Наурыз тойын тойлайық

Шырқап әнге салайық.

Жүргізуші: Балалар ойын ойнағыларың келе ме? Ендеше қазақтың ұлттық ойындарының бірі «Қыз қуу» ойынын ойнайық.

Жүргізуші: Келесі кезекті әнге береміз.

Хор: «Көктем» әні.

Жүргізуші: Өте жақсы балалар,келесі кезекті тақпақтарға берейік.

Қуаныш: Наурыз тойы тамаша

Наурыз тойы жаңаша

Табиғат та тамаша,

Тамылжып тұр жараса.

Ұлдай: Қыс өтіп,қар кетіп

Шырайлы жаз жетіп

Шаруаның кенелген

Мейрамы ежелден

Құтты болсын Наурыз!

Ислам: Наурыз тойы салтанат

Наурыз тойы мархабат

Әр жүректен ән тарап,

Шаттанады шар тарап.

Би: «Қара жорға»

Жүргізуші: Тағы да кезек тақпақтарға келіп жетті.

Арнат: Наурыз келді сан құрып

Жасарып жаңғырып

Құлпырып жер мен көк

Мейірім таң күліп.

Думан: Наурыз келді жыл келді

Тірілтуге гүлдерді

Сәнденеді аналар

Сәбилермен бірге енді

Наурыз келді нұр келді

Түгел аймақ түрленді

Бақшадағы апайлар

Тойға әзір боп үлгерді.

Жүргізуші: Тағы да ойын ойнағыларың келе ме? Ендеше ұлттық ойынымыз «Күрес» ойынын ойнайық.

Залға бір бала жүгіріп кіреді

Думан: Сүйінші, Сүйінші! Әже, сүйінші өмірге немереңіз келді.

Әже: Не дейді шын айтып тұрсыңдар ма? Құлыным-ай! Міне, сүйіншіңді алағой.(кәмпит)береді.

Топқа келін, бөпемен кіреді.

Әжесі жас тума жолына шашу шашады. Келін сәбиді әжесіне береді.



Жүргізуші: Әже, мына Наурыз айында дүниеге келген сәбиіңіз құтты болсын, бауы берік болсын! Әже: Рахмет қызым айтқаның келсін. Жүргізуші: Бүгін біз жаңа туған нәрестені бесікке салу рәсімін көрсетеміз. Баланы бесікке салу рәсімін негізінен отбасындағы ең үлкен ұлағатты кісі орындаған.Бұл рәсімді аталар дәстүрінен аумай, салтанатты түрде өткізудің мәні зор. Қазір осы рәсімді тамашалайық. Жүргізуші: Құрметті жиналған қауым осымен біздің шағын ғана Наурыз мерекесіне арналған №10 «Балдырған» тобының ұйымдастырған «Қош келдің, әз Наурыз» атты мерекеміз аяқталды. Наурыз мерекесі тағы да құтты болсын!

«Бекітемін»

МКҚК № 22 «Ақбұлақ» балабақшасы

директоры ___________ Джаманшалова Г.Н.

«______» ________________ 2015 ж

Мерекелік іс – шара

«Қош келдің, әз Наурыз»

Дайындаған: № 10 «Балдырған»

тәрбиеші: Абдуллаева С.Е

2015 ж
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет