Тақырыбы: Өткізген: Халипбекова А. Б



Дата15.09.2017
өлшемі126,75 Kb.
#32517
Александров орта мектебі

Тіл күніне арналған сыныптан тыс іс-шара

Тақырыбы:




Өткізген: Халипбекова А.Б.

2016-2017 оқу жылы
Мақсаты: Оқушылардың қазақ тіліне деген құрмет сезімін арттыру, қазақ тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету. Өз еліне деген сүйіспеншілігін ояту.Отанға,табиғатқа,әдемілікке деген махаббаттарын тәрбиелеу.Эстетикалық талғамын,достық сезімін,қайырымдылық,көңіл көтере білу сезімдерін дамыту.

Әдіс – тәсілдері: Сұрақ-жауап, ой-толғау, мың бір мақал ойыны, жарыс.

Көрнекілігі: Қабырға газеттері, қанатты сөздер, ұлы тұлғалар суреттері.

1-жүргізуші:

Қош келдіңіздер, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Сіздерді ұлттық мереке - Тілдер күнімен шын жүректен құтықтаймыз! Бүгінгі тіл мейрамына арналған «Алтын күз» мерекесіне қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: Біздің негізгі мақсатымыз оқушылардың қазақ тіліне құрмет сезімін арттыру, қазақ тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету. Н.Ә. Назарбаев айтқандай «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде. Ана тілі - бәріміздің анамыз, өйткені ол ұлтымыздың анасы» дегендей біз қазақ тілі мәртебесін көтеруіміз керек.
Ал енді бүгінгі мерекені 5 сынып оқушылары ашпақ.
Үш бақытым

Ең бірінші бақытым – халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің. 5 сынып оқушысы Таскалиев Аслан
Ал екінші бақытым – Тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей-кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім. 5 сынып оқушысы Исмаилов Альбек


Бақытым бар үшінші – Отан деген,

Құдай деген кім десе, Отан дер ем!

... Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен. 5 сынып Баженов Владислав


1-жүргізуші:

Түсті алтын жапырақ

Ағаштардан үзіліп

Ұшты ұзақ сапарға

Тырналарда үзіліп

2-Жүргізуші:

Қыстың жақын қалғанын

Жапырақтар білгендей

Желмен ұшып барады

Жерге қонып үлгермей
Ендігі кезекті 6 сынып оқушыларына береміз.
Туған тілім тірлігімнің айғағы 
Тілім барда айтылар сөз ойдағы 
Өссе тілім, мен де бірге өсемін 
Өшсе тілім мен де бірге өшемін! 6 сынып Манаков Владимир

Жеміс-жидек пісіп жатыр

Түсіп жатыр бау-бақта

Жапырақтар ұшып жатыр

Ұшып жатыр жан-жаққа 6 сынып Калабаева Ира
Күздің тойы – береке

Күздің тойы –жыр аңыз

Қызып дулы мереке

Қызық думан құрамыз 6 сынып Сабитов Кұдайбереген


1-жургізуші:

Атылыдан би қойсаң

Адаспас жол мен жобадан.

Атасзыдан би қойсаң

Босамас аузы парадан.... демекші сахна төріне биші қыздар шақырылады.

Сахнаға 7 сынып оқушылары шақырылады.

Қазақша би
1-жүргізуші:

Көктемде егін егетін

Күзде жинап беретін

Біздің дала,бай дала

Алтын астық айнала

2-жүргізуші:

Атқарады мырза күз

Уылжыған жемісін

Күзге біз ризамыз

Аянбаған ел үшін
Сахна төріне 10 сынып оқушыларын «Туған жер» өлеңімен шақырамыз. Қошеметтеріңіз!
1-жүргізуші:

Қамба толы астыққа

Алғыс саған алтын күз

Бір уыс дән шаштық та

Қап-қап қауын алдық біз

2-жүргізуші:

Алтын,алтын,сары алтын

Алтын күзден нұр жатыр

Ақбидайды оратын

Алақай-ау,күн жақын

Енді оқушылар үш топқа бөлінеміз. Әр топқа үш мақал-мәтелден таратылады, соны толықтырып жазып. Мағынасын ашу.

Осы тапсырмаға 3 минут уақыт беріледі.

1 топ. Топтың аты: «Білім»

Топтың ұраны: Оқу блім-бұлағы,

Білім өмір – шырағы.(5-6 сынып оқушылар)

2 топ. Топтың аты: «Өнер»

Топтың ұраны: Өнер алды қызыл тіл.(7-8 сынып оқушылар)

3 топ. Топтың аты: «Ақыл»

Топтың ұраны:Ақыл азбайды,

Білім тозбайды. (9-10 сынып оқушылар)

1-жүргізуші Әр топқа үш мақал – мәтелден беріледі. Мақал – мәтелдің соның тауып жазып, мағынасын ашу керек. Бұл тапсырмаға 5 минут уақыт беріледі.
І тур Мақал-мәтелдер сайысы.

  1. Кен байлығы – жерде, сөз байлығы............. (елде)

  2. Ат жүйрігі айырда, тіл................(жүйрігі қайырда)

  3. Ауыз көркі-сөз, жүздің ........ (көркі көз)

  4. Жеті жұрттың тілің біл, жеті түрлі............. (білім біл)

  5. Шешенің тілі – .................(шебердің бізі)

  6. Сөз жүйесін тапса – ..............(мал иесін табады)

  7. Сөз түпсіз,....................... (өмір шексіз)

  8. Піл көтермегенді,................ (тіл көтереді)

  9. Сөз асылы- .....................(мақал)


ІІ тур Сөз жұмбақ

2- жүргізуші

Бұл тапсырманы орыс тілінде жазылған сөздерді қазақшаға аударамыз. Бұл тапсырмаға да 5 минут уақыт беріледі.

Бұл тапсырманы орындайтын бірінші топ.

Қ- город (қала)

А- столица (Астана)

З- юрист (заңгер)

А- снеговик (аққала)

Қ- снег (қар)
Т- природа (табиғат)

І- сыр (ірімшік)

Л- восклицательный знак (леп белгісі)

І- пить (ішу)
Бұл тапсырманы екінші топ орындайды.

Т- дружгый (тату)

У- время (уақыт)

Ғ- учёный (ғалым)

А- гранат (анар)

Н- хлеб (нан)
К- день (күн)

Ү- дом (үй)

Н- точка (нүкте)
Бұл тапсырманы үшінші топ орындайды.

А- брат (аға)

Л- козлёнок (лақ)

Т- доска (тақта)

Ы- посуда (ыдыс)

Н- март (наурыз)
К- одежда (киім)

Ү- стол (үстел)

З- озеро Зайсан (Зайсан көлі)




ІІІ тур Ақын-жазушыларды сипатта.

2-жүргізуші: Қазақ әдебиетінде ойып тұрып орын алатын тұлғаларды сиаттау турына да жеттік. Қазір бізге ақын – жазушылардың портреті көрсетіледі. Сол ақын жазушының қай жақтың тумасы екенің анықтап, қандай шығармаларың білесіздер соны қысқа да, нұсқа айтамыз. Кезекпен. Әділқазылар бағалай отырамыз.

1.Ыбырай Алтынсарин(1841-1889) Қостанай облысы Аманқарағай ауданында дүниеге келген. Шығармалары: «Кел, балалар, оқылық!», «Атымтай жомарт», «Әке мен бала», «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» әңгімелері бар.

2.Абай Құнанбайұлы (1845-1904) Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында дүниеге келген.Шын аты Ибраһим. Жылдың төрт мезгіліне арнаған лирикалық өлеңдері бар « Жазғытұры», «Жаз», «Қыс», «Күз».

3.Міржақып Дулатұлы (1885-1935) 1885 жылы Қостанай облысының Сарықопа ауылында дүниеге келген. Ақынның ең алғаш өлеңі «Жастарға»деп аталады. 1909 жылы «Оян, қазақ!»атты өлеңдер жинағы басылды.

4.Мағжан Жұмабаев (1893-1938) Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданында дүниеге келген. Аынның алғашқы өлеңдер жинағы «Шолпан» деген атпен 1912 жылы Қазан қаласында жарық көрді. Шығармалары: «Батыр-Баян», «Қорқыт», «Ертегілер», «Мен жастарға сенемін».

5.Мұқағали Мақатаев (1931-1976) 1931 жылы Алматы облысы Рйымбек ауданында Қарасаз ауылында туған. Шын аты Мұхаммедқали. Шығармалары: «Армысыңдар, достар!», «Қарлығашым келдің бе?», «Ақуллар ұйықтағанда», «Үш бақыттым».

6.Шоқан Уәлиханов (1835-1865) 1838 жылы қазіргі Қостанай облысы дүниеге келген. Шын аты- Мұхаммедқанафия. Шығармалары: «Манас» жыры.

ІVтур Аудармасын тап

1-жүргізуші:

Әр топқа төрт сөзден таратылады.

Сөздердің аудармасын тауып сөз тіркесің құрау керек. Бұл тапсырмаға 3 минут уақыт беріледі.

Адалдық – честность

Аялдама –остоновка

Әлем- мир

Әрине- конечно

Бастау – начать

Бірге- вместе

Ғасыр- век

Елтаңба – герб

Емдеу – лечить

Жер – земля

Құм -песок

Мереке – праздник
Vтур Грамматикалық тапсырма. Әр топқа өз сатысына қарай қазақ тілі сбағынан грамматикалық тапсырма беріледі. Бұл топпен жұмыс. Бұл тапсырмаға 5 минут уақыт беріледі.

Бірінші топ тапсырмасы.

1 тапсырма. Допиши окончания, выдели их.

Мен Сен


сөйлей________ сөйлей_______

ойлай_________ ойлай________

тыңдай________ тыңдай_______
____________________________________________________________________________

2 тапсырма. Допиши, подчеркни окончания.

Маржан кітабы. Сәуле көйлегі.

Мереке дәптері. Әжем дәрісі.

Анар әкесі. Дамир қаламы.

Жанар шешесі. Әділ телефоны.

Қанат үйі. Серік сағаты.

Азат бөлмесі. Берік етігі.

___________________________________________________________________________



3 тапсырма. Найди соответствия, запиши.

1. Сатушы

мектепте




2. Дәрігер

дүкенде




3. Мұғалім

ауруханада

жұмыс істейді

4. Әнші

теңізде




5. Балықшы

театрда



Екінші топ тапсырмасы.

___________________________________________________________________________

1 тапсырма. Допиши и выдели падежные окончания.

Мен қала____ бардым. Сен Астана____ бардың ба?

Менің атам Алматы___ тұрады. Сенің атаң Шымкент____ тұрады.

Ағам Тараз____ келді. Әкең Қостанай____ келеді.

___________________________________________________________________________

2 тапсырма. Раскрой скобки, допиши.

Бүгін (понедельник). Мен (в школу) барамын. Мектепке сабақ оқимын. Бізде (сегодня) төрт сабақ. Қазақ тілі сабағында (я) қазақша сөйлеймін. Математика сабағында (ты)

есеп шығарасың. Ән сабағында (я) ән айтамын. Сурет сабағында (он) сурет салады.

___________________________________________________________________________

3 тапсырма. Ответь на вопрос.

Мен (пишу) тұр_______.

Мен (читаю) тұр_______.

Мен (говорю) тұр______.

Мен (вижу) тұр_______.

Мен (рисую) тұр_______.

Мен (слушаю) тұр______.

_______________________________________________________



Үшінші топ тапсырмасы.

1 тапсырма. Переведи, Работай по образцу.

Жуан буынды сөздер

Жіңішке буынды сөздер

Маймыл,

Көбелек,

Маймыл, көбелек, бақа, түлкі, балық,

піл, құс, керік, қоңыз, сегіз,

жолбарыс, көкөніс, сағат, жеміс, адам,

ірі, тауық, жүзім, ұшақ, шелек;

___________________________________________________________________________

2 тапсырма. Напиши о своем друге.

Менің досымның аты __________________ Ол __________________сыныпта оқиды. Оның шашы________________, көзі_________. Ол өте ___________.

Досым _______________пәнін жақсы көреді. Менің досым ___________,____________.

___________________________________________________________________________



3 тапсырма. Просклоняй.

А.с. кім? оқушы не? күнделік

І.с._______________________________________________________________

Б.с._______________________________________________________________

Т.с._______________________________________________________________

Ж.с._______________________________________________________________

Ш.с._______________________________________________________________

К.с.________________________________________________________________



___________________________________________________________________________
1-жүргізуші:

«Алтын күз»шаттық әніміз

Салтанатты сәніміз

Тойлаймыз біз бәріміз

Шаттық толы жанымыз

2-жүргізуші:

Күз әкелген күн керім

Күллі дүние жайдары

Желкілдетіп масағын

Жер-анамыз жайнайды.
VІ тур «Алтын күз» тақырыбында қабырға газетін қорғау.

1-жүргізуші: Әр топ кезекпен өз қабырға газеттерін қорғайды.
Ендігі кезекті әділқазыларға береміз. Сөз кезегі өздеріңізде. Қошеметтеріңіз!

Шешім

Осымен тіл күніне арналған «Алтын күз» атты мерекелік бағдарламамыз аяқталды.

Назарларыңызға рахмет.

2-жүргізуші:

Келесі мерекеде кездескенше күн жақсы!

Сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет