Тақырыбы: Сөйлем. Жыл бойы өткенді қайталау Мақсаты



Дата26.08.2017
өлшемі1,02 Mb.
#27901
Пән: Қазақ тілі. 3-сынып

Тақырыбы: Сөйлем. Жыл бойы өткенді қайталау

Мақсаты: Өткен тарау бойынша игерген білімдерін ойын-жаттығулар арқылы пысықтау, сурет бойынша сөйлем құруға дағдыландыру;

Ауызша және жазбаша тілдерін дамыту. Сөздік қорын және байланыстырып сөйлеуін дамыту. Сауатты жазу машығын жетілдіре түсу.

Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, шапшандыққа баулу.

Түрі: қайталау

Типі: дәстүрлі емес ойын сабақ

Әдіс-тәсілдері: ой қозғау, «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі, ойын, жұптық жұмыс, суретпен жұмыс, салыстырмалы карта әдісі, сұрақ-жауап, «Фотокөз» әдісі, сыни сұрақтар

Көрнекілігі: суреттер, слайдтар, салыстырмалы карта парақтары, бағалау парақтары

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану, музыка, дене тәрбиесі

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық ахуал «Көңіл-күйім қалай?»



ІІ. Сабақтың тақырыбын ашу, мақсатын түсіндіру.

- Күн реті, көркем жазу: Тт. Талғат сурет салды.

- Сұрақ-жауап арқылы бекіту.

Сұрақ - жауап


  1. Қазақ тілінде неше әріп бар?

  2. Неше дауысты дыбыс бар? Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?

  3. Неше дауыссыз дыбыс бар? Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

  4. «Т» дыбысы қай дыбыстар тобына жатады?

  5. Тақтадағы «Т» нені білдіреді?

  6. Дыбыс пен әріпті қалай ажыратамыз?

  7. Келесі жолдағы жазу нені білдіріп тұр?

- Сабақтың тақырыбын, мақсатын түсіндіру.

ІІІ. Өткенді пысықтау.

- Қайталау-білім анасы. Үй тапсырмасын тексеру.

3-жаттығу.

Мәтіндегі сөйлемдер жігін ажыратып, көшіріп жаз. Мәтінге ат қой.

Мәтін не туралы? Мәтінде неше сөйлем бар?



- Өткенді пысықтау.

  1. Мәтін деген не?

  2. Мәтіндегі негізгі ой деген не?

  3. Мәтіннің тақырыбы деген не ?

  4. Мәтіннің неше түрі бар?

  5. Жазған мәтіндерің мәтіннің қай түріне жатады?

ІҮ. Жаңа сабақ мезеті.


  1. Жай сөйлем

    ... сөйлем

    ... сөйлем












    «Ойлан, жұптас, талқыла» жұптық жұмыс

Жай сөйлем түрлерін анықтап, көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жаз. Әр сөйлем түріне анықтама беріп, мысал келтір.

2. Сергіту сәті.

3. «Адасқан сөздер» ойыны.

Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрап жаз.



  1. Бидайдан, ұн, диірменші, тартты.

  2. Алдым, кітап, қызық, кітапханадан.

  3. Баян, жақсы, домбырада, ойнайды.

  4. Атам, аулағанды, аң, көреді, жақсы.

* Сөйлем жазарда қай ережеге сүйендіңдер?

4. «Көңілді пойыздар» ойыны.

- Ауызша сұрақтар.




Баяндауыш

Бастауыш





Тұрлаусыз

мүшелер

Баяндауыш

Бастауыш

- Сөйлем мүшелері.



- Жай сөйлем түрлерін құратын сөйлем мүшелері.

- Оқулықпен жұмыс.

12-жаттығу. Көп нүктенің орнына бастауыш болатын сөз тауып жаз. 12-жаттығу. Көп нүктенің орнына бастауыш болатын сөз тауып жаз.

Сауысқан шықылықтайды. Мұғалім сабақ оқытты.

Қаз қаңқылдайды. Етікші етік тікті.

Бұлбұл сайрайды. Егінші егін екті.

Қасқыр ұлиды. Малшы мал бағып жүр.

  1. «ФОТОКӨЗ» әдісі

Тақтада ілініп тұрған бейнелерді еске түсіру, атауларын қатыстырып сөйлемдер құрап айту.







Ү. Қортынды. Білімді бекіту сұрақтары.

Сыни сұрақтар:

  • Сөйлем аяқталған ойды білдірмейді.

  • Бастауышы да, баяндауышы да зат есім болғанда ортасына сызықша қойылмайды.

  • Сөйлемдегі сөздер бас әріппен жазылады.

  • Бастауыш пен баяндауыштан тұратын сөйлем мүшесін тұрлаусыз мүшелер дейді.

  • Сөйлем мүшелері өзара байланыспайды.

  • Баяндауыш қимыл, іс-әрекет иесін білдіреді.

  • Сөйлем соңына нүкте емес, үтір қойылады.

ҮІ. Үйге тапсырма беру:

15-жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құра. Құраған әңгімеңнен жалаң, жайылма сөйлемдерді тап.



ҮІІ. Бағалау. «Қызықты гүлдесте» әдісі бойынша оқушылар өздерін бағалайды. Қызыл түс – «5», жасыл түс – «4», көк түсі – «3».

ҮІІІ. Рефлексия. Сабақтан соңғы көңіл күйлерін смайликтерге қарап анықтау.

«Бұрма жалпы орта білім беру мектебі» КММ

Бекітемін:

Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары

__________ Жумашева М.З.



«___» _________ 2016 жыл

Сөйлем.

Жыл бойы өткенді қайталау.

(қазақ тілінен шығармашылық сабақ)

3-сынып

Бастауыш сынып



мұғалімі: Шатекова К.Т.

2016 жыл
Каталог: uploads -> doc -> 0498
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0498 -> Үй тапсырмасын тексеру Аустралия климатына қандай факторлар әсер етеді?
0498 -> ОҚушылардың тілдік қорын дамытудың жолдары
0498 -> Тақырыбы: Шахмат


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет