Тақырыбы: Құтты болсын, Жаңа жыл! Мақсаты



Дата06.07.2018
өлшемі54 Kb.
#48205
Тақырыбы: Құтты болсын, Жаңа жыл!

Мақсаты: балаларға мерекелік көңіл күй тудыру, шыршаның қалай әдемі де сәнді

безендірілгеніне, балалардың Аязатаның , Ақшақардың , Қоянның

карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық

қарым- қатынас ояту, бірлескен ойындар ойнату.


Би

Жаңа жылдық ән арқылы балалар екі екіден кіреді.



Жүргізуші: Армысыздар , аяулы ұстаздар, ата- аналар! Сәлеметсіздер ме балалар. Сендер бүгін , сәнді киініп , әдемі болып кетіпсіңдер.

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.

Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді,

Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін

Бәрімізге мына тауық жылы арайлы.


Жүргізуші : Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: қыс мезгілі.

Жүргізуші: Ал, бүгін балалар , қандай мереке?

Балалар: Жаңа жыл!

Балалар үш тілде қазақша орысша ағылшынша құттықтайды.



Жүргізуші: Жаңа жылдық ертеңгілігімізді ашудағы құттықтау сөзін мектебіміздің директоры: Жанибекова Фарида апайға беріледі.

Жүргізуші : Балалар бүгін біз Жаңа жылдық қарсы алуға жиналдық. Келіңдер сән құрып тұрып, қол ұстасып, жүріп, ән салайық.

Ән: "Аяз ата Ақшақар"

Жүргізуші: Балалар , ортамыздағы әсем не?
Балалар: Шырша!

Жүргізуші: Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп! Ал, кім бізге шыршаға арналған тақпақтарын айтып береді екен?

Айзере

Жасыл шырша орманнан

Бізге арнайы келіпті .

Ойыншығын балалар ,

Шыршаға әсем іліпті.

Нұрәділ:

Әсем шырша сәнденген,

Өз аңдарын күтеді.

Жаңа жылмен бірге біз,

Орманға кеп жетеді.

Кәусар:

Тамаша , тамаша ,

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы,

Көз тоймайды қараса.

Жүргізуші: Жарайсыңдар , қандай жақсы тақпақтар! ( шыршаның жанына жақындап келіп) бәрекелді , қараңдар балалар , шыршаның астында бірдеңе тұр! Сыйлықтар! Сыйлық алу қандай тамаша , келіңдер , балалар , сыйлықты ашып көрейік. (көңілді музыка ойнайды қорапты ашады, оның ішінен Клоун атып шығады)
Клоун: Амансыңдар ма балалар! Иә, бұл менмін. Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды ! Ол жерде тар, әрі қап- қараңғы. Ал, мұнда сондай тамаша екен ! Мен де сендермен бірге жаңа жылды қарсы алайыншы. , сендермен бірге қызықты ойынды ойныды ойнайыншы!

Ойын: " Кім жеңеді?" ( Ортада төрт орындық тұрады балалар көңілді музыкаға орындықты айналып билейді музыка тоқтағанда, балалар орындыққа отырып қалу керек. Орындыққа отыра алмаған бала ойыннан шығады ойын осылай жалғаса береді ойын соңында жеңімпаз бала шығады.

Жүргізуші : Балалар қазір қыс мезгілі қыс мезгілінде не жауады?

Балалар: қар жауады.

Жүргізуші : Дұрыс балалар, қардан не жасап ойнайсыңдар ?

Балалар: аққала жасап ойнаймыз.

Жүргізуші : балалар барлығымыз бірге "аққала" әнін шырқайық.

Жүргізуші: Балалар бізде шыршамыз бар әдемі киінген балаларымыз бар, ата+ аналарымыз, көрермендеріміз бар екен , енді, біздің жаңа жылдық мерекемізге кім жетіспейді?

Балалар: Аязата, Ақшақар.

Жүргізуші: кәне, онда Аязата шақырайық. Бар дауыспен айқайлайыққ.

Балалар: Аязата, Аязата( деп 2 рет айтқанда , есік ашылады да , Қоян кіріп келеді )

Қоян : Ойбай түрлерін қара! неге айқайлап жатырсыңдар?!

Жүргізуші: Ал, сен неге амандаспайсың ? Әдепті адам алдымен амандасып алады дегенді білмейсің бе?

Қоян: білсем бұйырмасын !

Жүргізуші: Мұны тіпті бүлдіршіндеріміз білед. Ал, саған тіпті ұят. Саған ешкім үйреткен жоқ па?

Қоян: жоқ.

Жүргізуші: Сен өзі қайдан шықтың ? Біз Аязатаны шақырып едік қой?!

Қоян: Ал, мені неге шақырмайсыңдар? Аязата сендерге бәрібір келмейді , өйткені мен ормандағы жол көрсететін белгіні алып тастадым, енді ол жол таба алмайды ха-ха-ха ( деп секіреді)

жүргізуші неге олай еттің ? Аязата , Ақшақарсыз қандай жаңажыл келме?

Қоян: Ә, бәлем солай ма екен!( осы кезде боранның гуілдеген дыбысы етіледіү Қоян тоңа бастайды да, біреулердің киімдерінің астына кіріп, ата- аналарға тығылып, соңында шыршаның астына тығыла бастайды)

Алыстан Аязатаның дауысы естіледі.



Жүргізуші : Аязата , Ақшақар келе жатыр ғой деймін , шақырайық, қол соғайық болған қиындықтарды ұмытайық!

Балалар: Аязата, Ақшақар!

Аязата:

Сәлеметіңдер ме, балалар!

Күнтізбеде қалыпты жалғыз ғана бір парақ,

Дайындалдым жыл бойы.

Жолға шығар келді уақ!

Шақырымды жүздеген.

Басып өту мен үшін

Жаңа жылдың түнінде

Жасыл шырша түбінде.

Кездессем деп сендермен ,

Таратсам екен сыйлықтар,

Қуаныш сыйлау балаға

Одан зор бақыт бола ма?

Сендерді көргеніме сондай бақыттымын!Балалар , мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой. Қане , сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық!

Қуант бізді таңырқат шамдарыңды жарқырат! ( 3 рет айту керек)

Балалар: Қуант бізді таңырқат шамдарыңды жарқырат.( қолдарын шапалақтату) Шырша жарқырайды.

Ән: шырша жыры.

Аязата: Балалар менің қарша қызым қайда жүр екен , кім тауып береді екен маған?

Жүргізуші: балалар Ақшақар туралы тақпақтарыңды айтыңдаршы.

Ұлар:

Мұздан моншақ тағынып,

Күміс құрау жамылып,

Ортада тұр Ақшақар

Көптен күтіп сағынып,

Еркеназ:

Кел билейік сенімен,

Деймін тартып жеңінен

Еріп кетпе Ақшақар .

Адамдардың демімен .

Бақнұр:

Міне тағы келіп тұр,

Жаңа бір жыл балалар.

Жадыратып жер үстін

Төрімізге ол шыққан

Хабибулла

Аспан жерге төгеді,

Ақ күмісін уыстап,

Жаңа жылда келеді

Бізге қарай жылыстап.

Айкүміс:

Жүзімізге күлкі ойнап

Қанаттанды жанымыз.

Жаңа жылды біз тойлап

Шаттанамыз бәріміз.

Аязата: Бәрекелді , бәрекелді .Менің ақшақарым қазір келіп қалар, мынадай тақпақтар дан кейін кідірмес.

Жүргізуші: Аязата, мен де, жұмбақтап жіберсем қайтеді?!

Ертегідей орманнан

Көктей өтіп келеді.

Сұңқар бойлы бір сұлу

Табыңдаршы аты кім?

Балалар: Ақшақар! ( музыкамен Ақшақар кіреді)

Ақшақар : Сәлеметсіңдер ме, балалар! Орманды көктей өтіп жеттім-ау сендерге. Қандай әдемі , неткен сұлу шырша! Мен білемін бір ойын:Үйретейін сендерге

Мен бастайын, ал сендер аяқтаңдар ойынды Хормен жауап айтыңдар!

Қарға мүлгіп дала тұр, келе жатыр.....



Балалар: Жаңа жыл!

Ақшақар: Қызыл мұрын, ,ақ мұртты білсең атын тез ата, келеді бізге .......

Баладар: Аязата!

Ақшақар: Шырша бүгін кәделі! Сендер әрі ......

Балалар: Әдемі.

Ақшақар: Көңілсіз бір бала жоқ, ойын күлкі таралсын

Құтты болсын..... Балалар: Жаңа жыл( 3рет) .



Жаңа жыл : Кім десеңдер , мен жаңа жылмын Тауықпын. Мен әкелген жаңа жыл сендерге үлкен табыс, денсаулық ала келдім.

Жүргізуші: ал енді балалар жаңа жыл туралы тақпақтарын айтып берсін.

Нармин:

Жаңа жылмен ,жаңа жылмен,

Құттықтаймыз әрине.

Әкемізді ,анамызды

Қонақтардың бәрін де!

Айару:

Келді міне жаңа жыл ,

Қарсы алайық бәріміз.

Күліп ойнап би билеп,

Ән салайық біріміз.

Фатима:

Алақай жаңа жыл,

Бәрі аппақ оймен қыр.

Шыршада біз ойнаймыз.

Жаңа жылды тойлаймыз.

Айнамкөз

Бізге жаңа жыл келді

Жаңа бақыт нұр келді,

Жаңа жыл деп қуандық

Көңіл шалқып гүлдеді.

Аяулым:

Келді міне жаңа жыл ,

Қуантуға біздерді.

Құтты болсын құаныш,

Құттықтаймыз сіздерді.

Би : "Гномдар ".

Әдемі:

Бізді байтақ далада,

Асқар тауда қалада.

Биыл ғажап іс болды,

Таң ғажайып қыс болды.

Қалжан:

Бір топ бала сырғанап,

Би билейік зырлайық.

Қалда артта қар алып,

Іздерінен қар ұшып.

Айнел:

Оранды өлкеме,

Жаңа жыл армысың .

Оранды ақ көрпеге

Асқар тау қарлы шың.

Рақымжан:

Жаңа жыл, жаңа жыл

Сені күттім елеңдеп.

Өзіңменен ілесіп

Аяз ата келер деп.


Нүрила:

Қалып едік сағынып

Күтіп алдық жабылып,

Жолын қойдық жарыққып,

Шыршаларға шам іліп.

Шахмардан:

Жасыл шырша қош келіпсің,

Сені күтіп жүрдік біз.

Көркейсін деп сенің жүзің

Ойыншықтар ілдік біз.

Би:" Ойыншықтар "
Ән : " Аяз ата ".

Аяз ата ме Ақшақар сыйлықтар таратады.



Ақшақар : Мінекей , балалар, сендермен қоштасатын да кез келді.

Сендерді қимай тұрмыз, барлығың да көңілді әдемі бала екенсіңдер.


Аяз ата : Жаңа жылда балалар, тек қуаныш көріңдер.

Ауырмаңдар ешқашан, мықты болу өзіңнен.


Жүргізуші:

Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де,

Үлкен -кіші, жасымыз , кәрімізде,

Дендеріңіз сау болсын қонақтарым,

Гүл-гүл жайнап жүріңіздер бәріңізде.

Аяз ата, Ақшақар, сіздерге көп рахмет. Біз сіздерге ризамыз. Келесі жылы да сіздерді асыға күтеміз.



Кәне балалар, бәріміз Аяз атамен , Ақшақармен қоштасайық.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет