Тақырып: Қазақстан желдері
Дата 12.11.2019 өлшемі 277,31 Kb. #51630
Байланысты:
9 сынып Желдер Дүние жүзінде өте көп желдердің түрлері бар.Мысалы:торнодо,Ебі,Қордай,Дауыл,Тау аңғарлық,Сайқан,Шілік,Муссон,Арыстанды-Қарабас,Мұғалжар және тағы да басқа желдер.соларға тоқталайық. Жел дегеніміз не? Жел — ауаның жер бетіне қатысты көбінесе горизонталь бағытта қозғалуы; метеорологияның негізгі ұғымдарының бірі. Тау аңғарлық жел-жазда соғатын,тәулік ішінде бағытын өзгертіп отыратын жел түрі. Осы жел Жетісу қақпасы мен Іле аңғары сияқты жерлерде соғады. Күшті жел Қазақстанда ең күшті желдер Жетісу қақпасымен соғатын және Каспий теңізінің шығыс жағалауында соғады. Олардың орташа жылдамдығы 6-8 м/сек. Дауыл Жылдамдығы 15-20 м/сек-тан немесе сағатына 72 км/сағ-тан асатын қатты соққан желді дауыл деп атайды. Ебі желі Ебі желі Жетісу Алатауының оңтүстік-шығысында Қытайда орналасқан Ебінұр көлі қазаншұңқырында,жоғарғы қысым пайда болғанда соғады. Мұндай антициклонда шығыс желі тұрады да,Қазақстан аумағындағы Алакөл көліне қарай соғады. Осы кезде төменгі қысым аймағы пайда болады. Жетісу қақпасы-ені тар тектоникалық жарық,ені 20 км-ден 40 км болатын,ең тар жері-10 км шамасында. Ебі желін алғаш рет сипаттап жазған қазақтың ғұлама ғалымы Шоқан Уәлиханов. Сайқан желі Сайқан желі Ебі желіне кері бағытта Жетісу қақпасы арқылы Орталық Азияға қарай соғып тұратын жел. Алакөл үстінде жоғарғы қысым орнағанда ,антициклон тұрақтап күшіне енген кезде,Сайқан желі солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай соғады. Сайқан желінің жылдамдығы 50-60 м-сек. Сайқан желі жауған қарды ұшыртады,топырақты құрғатады,мал басын шығынға ұшыратады ,жол қатынасын қиындатады,балық аулауға зиянын тигізеді. Шілік желі Шілік желі Шілік өзені бастау алатын мұздықтар өңіріндегі салқын ауаның Іле аңғарына қарай ығысуынан пайда болады. Жел өзен аңғарын бойлап,күндіз солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа,түнде керісінше бағытта соғады. Жылдамдығы 8-10 м/сек. Қарды ұшырады,жол қатынасын қиындатады. Арыстанды-Қарабас желі Бұл жел Қартау жотасының оңтүстік-батыс беткейіндегі Арыстанды өзенінің аңғарымен соғады. Жел Мойынқұмның үстімен өткенде құм түйіршіктерін суырып,құмды қара бұрқасын тұрады ,жолдың көріну қашықтығы азаяды. Сондықтан бұл желді халық Қарабас желі деп атаған. Арыстанды-Қарабас желі солтүстіктен үзбей соғып тұрады. Желдің жылдамдығы 35 м/сек. Қордай желі Қордай желі Жамбыл облысының оңтүстік-шығысындағы Жетіжол жотасы мен Кіндіктас тау аралығындағы Қордай асуының үстінен соғатын жел. Қордай желінің жылдамдығы қыста 40 м/сек-қа жетеді. Яғни Қордай желі антициклон орнаған кезде 40 м/сек болса осы жел сағатына 144 км-ге дейін жетеді. Осы жел соғатын өңірлерде шамамен жылына 55 күн күшті жел соғады. Мұғалжар желі Мұғалжар желі Мұғалжар тауынан соғады. Осы желдің әсері Маңғыстау,Атырау,Ақтөбе облыстарында байқалады. Жылдамдығы 50 м/сек-қа дейін жетіп,қатты дауыл түрінде соғады. Муссон желі Маусым ауысуы кезінде желдің басым бағыты 120 – 180º-қа өзгеріп тұрады. Муссонның пайда болуының басты себебі — күрлық пен мүхиттың біркелкі ысымауы. Бриз желі Бриз — теңіздердің , көлдердің жағасында тәулік ішінде өз бағытын карама-қарсы жаққа өзгертіп соғатын жел. Күндізгі Бриз теңізден құрлыққа карай соқса, ал түнгі Бриз құрлықтан теңізге қарай соғады. Бұл табиғи құбылыс негізінен жаз айларына тән. Фен желі Фен- таулардан аңғарға қарай соғатын қатты өкпек, жылы жел. Ол ауаның тау жотасының қырқасынан асып , ық беткейіне төмен құлаған кезінде пайда болып, адиабатты жылынады. Мұндай жағдайда температура мен ылғалдылық күрт өзгеріп, қардың еруі мен көшкін жүруін тездетеді. Фен көбінесе тәулікке жуық соғады. Ол барлық тау жүйелерінде, әсіресе Кавказ, Памир, Альпі тауларында байқалады. Торнадо Торнадо— найзағайлы бұлт астында , құрлық үстінде қалыптасатын өте күшті ұйтқи тез жылжитын ауа қабаты. Торнадо диаметрі ондаған метрге жетеді. Торнадо желінің жылдамдығы 50—100 м/с, ал талқандау жолағының ені жүздеген метрге жетуі мүмкін. Ауа райы ыстық кезде атмосфераның тұрақсыз стратификациясы кезінде қалыптасады. Торнадоның үлкендігі мен пішіні алуан түрлі болады. Көбіне диаметрі жүздеген метр шұңқыр пішінді, жер беті жағында қоқыс бүлты бар болады. Кейде торнадо жаңбыр немесе шаңнан метеорологтарға көрінбей қалуы мүмкін. Бұл жағдай күтпегендіктен көптеген шығындар мен зардапқа соқтырады Достарыңызбен бөлісу: